О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде: 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «32. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтауды, сондай-ақ кассалық операциялар мен құжаттарды жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген және банкке ерікті түрде таратылу процесіне сәйкес келетін бөлігінде қолданылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.