О внесении изменений в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2018 года № 35/10 «О повышении ставок земельного налога по Кызылжарскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 35/10 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемерін арттыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5024 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Қызылжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызына арттырылсын, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне, соған сәйкесінше: 1) елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер; 2) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.