О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 379 «Об утверждении Правил деятельности организаций, оказывающих специальные социальные услуги» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында: 2-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);»; 5-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешім қабылданған он сегіз жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға арналған, жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшілері (бұдан әрі – Бөлімше); созылмалы үдемелі аурулар жағдайындағы немесе терминалдық (соңғы) сатыдағы он сегіз жастан асқан адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды, қарттарды үздіксіз бақылауға арналған паллиативті көмек палаталары (бөлімшелері);»; 6-тармақта: 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: ««Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;»; 5) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұруына:»; 11-тармақта: 1) тармақшаның жетінші, сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Электрондық журналда мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекте тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі. Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.»; 2) тармақшаның үшінші бөлігінде: алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»; оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;»; төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке басты куәландыратын құжаттың, мүгедектік туралы анықтаманың, зейнетақы куәлігінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың, зейнетақы немесе әлеуметтік жәрдемақылар алуға арналған жеке кітапшаның түпнұсқалары тұратын адамның жазбаша келісімімен стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігінде сақталады.»; алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Адам бір стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал (бұдан әрі – Мониторинг журналы) қоса беріледі;»; 3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, стационарлық үлгідегі ұйымның әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, педагогтері және басқа да мамандары (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйым мамандары) әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді.»; 13-тармақта: бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар мынадай адамдардың тәуліктің күндізгі уақытында (бір күнде төрт сағаттан он сағатқа дейін), оңалту орталықтарында түнде болуын қамтамасыз етумен (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған:»; 2) тармақшада: бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалар).»; екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен балалардың тұруына:»; 4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4) мүгедектігі бар адамдар және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер, оңалту жөніндегі іс-шаралар олардың денсаулық жағдайын, жасын, жеке даму деңгейін, әлеуметтендіру, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының (бар болса) мазмұнын, қызмет алушының жеке қажеттіліктері негізінде әзірленген жеке жұмыс жоспарын ескере отырып жүзеге асырылады.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Уақытша болуға арналған оңалту орталықтарында оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізу мақсатында басқа қаладан келген қызмет алушылардың және (немесе) ТҚА бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасалады.»; 21-тармақта: 1) тармақшада: екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Электрондық журналды порталда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»; жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекке электрондық журналда тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.»; 2) тармақшада: екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке іс қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»; үшінші бөлігінде: алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндікөшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»; тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;»; төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Адам бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі, ондағы құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;»; 3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары күндіз болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыға болу кезеңіндегі мерзімге жеке жоспарды әзірлейді.»; 23-тармақта: 2) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген ТҚА айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедектігі бар балалар.»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;»; 26-тармақта: 1) тармақшада: екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Электрондық журналды порталда үйде қызмет көрсету ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»; жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен электрондық журналда кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі;»; 2) тармақшада: екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушы үйде қызмет көрсету ұйымына түскен кезде қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»; үшінщі бөлігінде: алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар болса);»; тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін – көрсетілген адамдардың мәртебесін растайтын куәліктің немесе өзге құжаттың көшірмесі;»; төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушы бір үйде қызмет көрсету ұйымынан басқа ұйымға өткен (ауысқан) кезде онымен бірге қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша қоса беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі;»; 3) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және қызмет алушының жақсы жақтарын іздеуге және жандандыруға, позитивті ресурстарды анықтауға және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған.»; 35-тармақта: 2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Электрондық тіркеу журналын порталда уақытша болу ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.»; 3) тармақшада: екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушы уақытша болу ұйымына түскен кезде (тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған (бір жылға дейін) қызмет алушылардың жеке ісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ал жеке ісі болған жағдайда – оны жүргізу жалғастырылады.»; төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қызмет алушы бір уақытша болу ұйымынан екінші уақытша болу ұйымына өткен (ауысқан) кезде қызмет алушының жеке ісі істегі құжаттардың тізімдемесімен қабылдау-тапсыру актісі бойынша бірге беріледі. Қызмет алушының жеке ісіне оны шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, ресоциализация туралы шарты, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мониторинг журналы қоса беріледі.»; мынадай редакциядағы 4) және 5) тармақшамен толықтырылсын: «4) жеке жоспар. Қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының әлеуметтік жұмыскерлері, дәрігерлері, психологтары және басқа да мамандары әрбір қызмет алушының әрқайсысына бір жылға дейінгі мерзімге жеке жоспар әзірлейді. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары қызмет алушылар уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі екі жұмыс күні ішінде толтырылады және уақытша болу ұйымның басшысы бекітеді. Жеке жоспардың іс-шаралары арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінің әрқайсысы бойынша бөлек көрсетіледі және туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге және өзіндік әлеуметтік орта дағдыларын қалпына келтіруге немесе қалыптастыруға бағытталған. Әрбір көрсетілген іс-шара іске асыру мерзімін (апта, ай, тоқсан) қамтиды. Іс-шараны орындау бойынша жұмыстың көрсетілген кезеңі нақты мерзімдер арқылы жеке жоспарда көрсетіледі. Уақытша болу ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын түзетеді; 5) мониторинг журналы. Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді қадағалау және кейіннен онымен жұмыс жүргізуге арналған іс-шараларды түзету үшін қызмет алушының жеке жоспарына мониторинг жүргізіледі. Жеке жоспарға енгізілген іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті уақытша болу ұйымның әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы тоқсанына бір реттен жиі емес тәртіпте жүзеге асырады. Қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерістерді уақытша болу ұйымының мамандары тоқсан сайын қарауға тиіс. Өткізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын уақытша болу ұйымның мамандары Мониторинг журналында көрсетеді. Мәліметтер Мониторинг журналына тоқсан сайын, жеке жоспарға жүргізілген мониторингтен кейін бір жұмыс күні ішінде енгізіледі. Мониторинг журналы әрбір қызмет алушыға жеке-жеке жүргізіледі. Қызмет алушының жағдайындағы позитивті өзгерістер туралы белгі жеке жоспарда жоспарланған әрбір іс-шара бойынша жасалады. Жүргізілген іс-шаралардан кейін қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болмаса, бұл туралы белгі қойылады. Қызмет алушылардың жағдайында өзгерістер болған жағдайда, Мониторинг журналына белгілер ай сайын енгізіледі. Жеке жоспарды түзету кезінде Мониторинг журналында қандай қызметтің түрі қайта қаралуға жататыны көрсетіледі, сондай-ақ қызмет алушының жағдайын жақсартуға бағытталған кейінгі іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдар көрсетіледі. Жыл қорытындысы бойынша Мониторинг журналы мен жеке жоспар қызмет алушының әрқайсысына бөлек жеке папкада бірге тігіледі.»; 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Басқа 1. Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері
2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 Бұйрыққа 1-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 1-қосымша Стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең төмен штат нормативтері № Ла­у­а­зым ата­уы Қыз­мет алушы­лар­дың са­ны 6-30 1 25-ке дей­ін 26-50 51-100 101-150 151-200 201-250 251-300 301-400 401-500 500-ден ар­тық Бас­шы жұ­мыс­кер­лер мен қыз­мет көр­се­ту­ші-ша­ру­а­шы­лық пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 1 Ди­рек­тор - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 2 Ди­рек­тор­дың әкiм­шiлiк-ша­ру­а­шы­лық жұ­мыс жөнiн­де­гi орын­ба­са­ры - - - - - 1 1 1 1 1 1 3 Ди­рек­тор­дың әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 4 Ди­рек­тор­дың ме­ди­ци­на­лық жұ­мыс жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры (кем де­ген­де 6 дә­рі­гер­лік ла­у­а­зым болған кез­де) - - - - - - - - - - 1 5 Ме­ди­ци­на­лық бө­лім­нің мең­ге­ру­ші­сі (кем де­ген­де 6 дә­рі­гер­лік ла­у­а­зым болған кез­де) - - - 1 1 1 1 1 1 1 - 6 Бас бух­гал­тер - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 7 Бух­гал­тер­лік есеп және ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­ті тал­дау жө­нін­де­гі эко­но­мист - - - 0,5 1 1 1 1 1 1 1 8 Бух­гал­тер - - 1 1 1 1 1 1 1 1 1 9 Мем­ле­кет­тік са­тып алу жө­нін­де­гі ме­не­джер - 0,5 0,5 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 10 Кадр­лар жөнiн­де­гi ин­спек­тор - 0,5 0,5 1 1 1 1 2 2 3 3 11 Жұрт­шы­лық­пен жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 12 Бө­лім­ше мең­ге­ру­ші­сі 1 - - - - - - - - - - 13 Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­шiсi - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 14 Қой­ма мең­ге­ру­шiсi - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 15 Қой­ма (кө­кө­ніс сақ­тау қой­ма­сы) мең­ге­ру­ші­сі (азық-тү­лік қой­ма­сы, кө­кө­ніс сақ­тау қой­ма­сы бол­са) - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 16 Хат­шы-ма­ши­нист­ка (ре­фе­рент) - 0,5 0,5 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 17 Дез­ин­фек­тор - 0,5 0,5 0,5 1 1 1,5 2 2 2 2 18 Вах­тер - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 19 Лиф­тер (лифт бол­са) - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­каы Ең­бек ко­дек­сі­нің 101-ба­бы 7-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар­да қыз­мет көр­се­ту­мен ай­на­лы­са­тын жұ­мыс­кер­лер са­ны бой­ын­ша са­ла­ара­лық үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес (бұ­дан әрі – үл­гі­лік нор­ма­тив­тер) 20 Кү­зет­ші - 3 3 ме­ке­ме­ге 4 бір­лік 21 Жүр­гі­зу­ші - 1 тех­ни­ка­лық жү­ріп тұр­ған кө­лік құ­ра­лы­на 1 бір­лік 22 Трак­тор­шы (трак­тор бол­са) - 1 тех­ни­ка­лық жү­ріп тұр­ған кө­лік құ­ра­лы­на 1 бір­лік 23 Бағ­бан (та­за­ла­на­тын алаң 0,75 га кем емес) - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 24 Аула сы­пы­ру­шы - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 25 Сле­сарь-сан­тех­ник - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 26 Электр жаб­дық­та­рын жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі элек­тро­мон­тер - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 27 Электр-газ дәне­кер­ле­у­ші - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 28 Қо­сал­қы жұ­мыс­шы - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 29 Ғи­ма­рат­тар мен орын-жай­лар­ды ағым­да­ғы жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыс­шы (ағаш ұста­сы, ағаш ше­бе­рі) - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 30 Газ тек­тес, сұй­ық және қат­ты оты­н­мен жа­на­тын, электр­мен ысып іс­тей­тін қа­зан­дық­тар­ға қыз­мет көр­се­ту­мен ай­на­лы­са­тын жұ­мыс­шы­лар - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 31 Қа­зы­л­ған ор­лар­дан қат­ты шө­гін­ді­лер­ден болған қо­қы­сты шы­ға­ру жө­нін­де­гі та­су­шы - - - 4 бір­лік кә­різ бол­ма­ған жағ­дай­да және егер қа­зы­л­ған ор­лар­ды та­зар­ту ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған тәр­тіп­те жүр­гі­зіл­ме­се 32 Су сор­ғы стан­ци­я­сы­ның ма­ши­ни­сі (мо­тор­шы­сы) - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 33 Әле­умет­тiк жұ­мыс жөнiн­де­гi ма­ман 1 1,5 2 2,5 3,5 4,5 5,5 6,5 8 9,5 10 Әле­умет­тік-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 34 Ша­шта­раз 1, 3, 4 (жаб­дық­тал­ған ша­шта­раз бар бол­са) - 0,5 0,5 әдет­те­гі ша­шта­раз­дар­да қыз­мет көр­се­ту қиын болған­да неме­се мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да әр­бір 100 қыз­мет алушы­ға 1 бір­лік 35 Са­ни­тар-па­ла­тады­ғы 2 Мы­на­лар­дан: өзіне-өзі қыз­мет ету және же­ке ги­ги­е­на­ның қа­ра­пай­ым дағ­ды­ла­ры бол­ма­ған кез­де – 6 адам­нан (өзді­гі­нен қоз­ға­ла және та­мақ­та­на ал­май­ды), үне­мі кү­тім­ді қа­жет ете­ді; өзіне-өзі қыз­мет ету және же­ке ги­ги­е­на дағ­ды­ла­ры­ның қа­лып­та­суы жағ­дай­ын­да – 8 адам­нан (іші­на­ра қа­лып­тас­қан) үне­мі қа­да­ға­ла­уды қа­жет ете­ді; тұр­мыстық дағ­ды­лар­дың қа­лып­та­суы жағ­дай­ын­да – 10 адам­нан (іші­на­ра қа­лып­тас­қан); қо­лы­ның еп­ті­лі­гі дағ­ды­ла­ры­ның қа­лып­та­суы жағ­дай­ын­да – 12 адам­нан (ең­бек бағ­да­ры бағ­дар­ла­ма­сын іс­ке асы­ру үшін топ 6 адам­нан ша­ғын топ­қа бө­лі­не­ді) тұ­ра­тын топ­қа 5,25 став­ка 36 Са­ни­тар-па­ла­та­да­ғы 3,4,5 әр­бір тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­тін пост­қа 5,25 став­ка. Бiр тәулiк бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­тiлi­гi мен мүм­кiн­дiк­тер­дi ес­ке­ре оты­рып, ке­мiн­де 50 тө­сек-орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды 37 Ба­қы­лау жө­нін­де­гі са­ни­тар 4 - әр­бір тәу­лік бойы жұ­мыс іс­тей­тін пост­қа 5,25 став­ка. Бiр тәулiк бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­тiлi­гi мен мүм­кiн­дiк­тер­дi ес­ке­ре оты­рып, ке­мiн­де 100 тө­сек-орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды 38 Кү­тім жө­нін­де­гі са­ни­тар (по­ли­а­тив­ті кө­мек па­ла­та­ла­рын­да) - Же­ке кү­тім­ді қа­жет ете­тін 6 ауыр на­у­қас­қа – 1 бір­лік 39 Бас ас­паз­шы - - - - 0,5 1 1 1 1 1 1 40 Ас­паз­шы - 1 2 2 3 4 4 5 7 7 8 41 Ыдыс-аяқ жу­у­шы - 0,5 0,5 1 1 1 1 1,5 2 2 3 42 Же­міс-кө­кө­ніс және кар­топ та­за­ла­у­шы - 0,5 0,5 1 2 2 3 3,5 4 5 6 43 Нан ке­су­ші, ас­ха­на жұ­мыс­шы­сы - - - 0,5 1 1 1 1 2 3 4 44 Бу­фет­ші - 0,5 0,5 50 қыз­мет алушы­ға 1 бір­лік 45 Ша­ру­а­шы­лық би­ке­сі - - - әр­бір 100 тө­сек-орын­ға 1 бір­лік, бі­рақ 1 ме­ке­ме­ге ке­мін­де 1 бір­лік 46 Кір жу­а­тын орын­ның мең­ге­ру­ші­сі (ма­ши­ни­стер­дің қа­та­ры­нан) - - - - - - - 1 1 1 1 47 Ки­ім және іш­ки­ім жу­а­тын ма­ши­нист - 0,5 1 1,5 2 2,5 3 5 7 7 8 48 Са­ни­тар (та­за­ла­у­шы) - Үл­гі­лік нор­ма­тив­тер­ге сәй­кес 49 Ван­на­шы-са­ни­тар - 0,5 1 2 3 4 5 6 6 7 7 Әле­умет­тік-ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 50 Пе­ди­атр дә­рі­гер 2,3 - 0,5 0,5 1 1,5 2 2 2 3 3 4 51 Те­ра­певт дә­рі­гер 4,5 - - - 1 1,5 1,5 1,5 1,5 2 2 3 52 Нев­ро­па­то­лог дә­рі­гер - - - 1 1,5 1,5 1,5 1,5 2 2 2 53 Пси­хи­атр дә­рі­гер (пси­хо­те­ра­певт) 2,4,5 - 0,5 0,5 1 1,5 2 2 2 2 2 2 54 Трав­ма­то­лог-ор­то­пед дә­рі­гер 3 - - - 0,5 1 1 1 1 2 2 3 55 Дә­рі­гер - 0,5 1 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 56 Райт­те­ра­пия (ип­по­те­ра­пия) жө­нін­де­гі ин­струк­тор 3,5 - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік (ти­іс­ті жағ­дай болған­да) 57 Жү­зу жө­нін­де­гі ин­струк­тор (гид­ро­ки­не­зо­те­ра­пия) 3,5 - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік (бас­сейн бол­са ) 58 Ди­е­та­лық та­мақ жө­нін­де­гі мей­ір­гер - 0,5 0,5 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 59 Дә­рі­ха­на мең­ге­ру­ші­сі (дә­рі­ха­на болған жағ­дай­да) - - - 0,5 0,5 1 1 1 1 1 1 60 Фар­ма­цевт - - - 0,5 1 1 1 1 1 1 1 61 Ем­дік дене шы­нық­ты­ру ин­струк­то­ры - ті­рек-қи­мыл ап­па­рат­та­ры бұ­зы­луы­ның ауыр тү­ріне қыз­мет алушы 20 адам­ға неме­се ті­рек-қи­мыл ап­па­рат­та­ры функ­ци­я­ла­ры­ның ор­та­ша бұ­зы­луы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет алушы 40 адам­ға 1 бір­лік, бі­рақ бір ем­дік дене шы­нық­ты­ру ин­струк­то­ры ка­би­не­тіне 2 бір­лік­тен көп емес 62 Бас мей­ір­гер (аға мей­ір­гер) - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 63 Мей­ір­гер - әр­бір тәулiк бой­ғы пост­қа – 5,25 став­ка. Бiр тәулiк бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­тiлi­гi мен мүм­кiн­дiк­тер­дi ес­ке­ре оты­рып, ке­мiн­де 50 тө­сек-орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды 64 Мас­саж жа­сау жөнiн­де­гi мей­iр­гер - 0,5 0,5 1 1 2 2 3 4 5 6 65 Аку­шер, фельд­шер 4,5 - - - 0,5 1 1 1 1 1 1 1 Әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 66 Пси­хо­лог 1 0,5 0,5 1 1,5 2 2 2 2 2 3 Әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 67 Әдіс­кер 2,3 - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 68 Тәр­би­е­ші 2,3 - оқу то­бы­на 1,5 бір­лік­тен * 69 Ло­го­пед 2, 3 - 0,5 0,5 1 1,5 2 2 3 4 4 5 70 Де­фек­то­лог мұ­ға­лім 2,3,4 - оқу то­бы­на 1 бір­лік * 71 Му­зы­ка мұ­ға­лі­мі 2,3,4 - 0,5 0,5 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 72 Дене шы­нық­ты­ру мұ­ға­лі­мі 2,3,4 - 0,5 0,5 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 73 Ең­бек те­ра­пи­я­сы жө­нін­де­гі ин­струк­тор (ең­бек­ке оқы­ту мұ­ға­лі­мі) 2,3 - оқу то­бы­на 1 бір­лік * Әле­умет­тік-ең­бек қыз­ме­тін көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 74 Ең­бек те­ра­пи­я­сы жө­нін­де­гі ин­струк­то­ры 4,5 - 1 про­филь­ге 1 бір­лік (про­филь ке­мін­де 6 қыз­мет алушы­ны оқы­тқан­да қа­лып­та­сты­ры­ла­ды) Әле­умет­тік-мә­де­ни қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат­тық нор­ма­тив­те­рі 75 Мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы - 0,5 0,5 1 1 1 2 2 2 2 2 76 Му­зы­ка­лық же­тек­ші - - - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік 77 Кі­та­п­ха­на­шы (кі­та­п­ха­на, ле­ко­те­ка болған­да) - ме­ке­ме­ге 1 бір­лік Әле­умет­тік-құқық­тық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат нор­ма­тив­те­рі 78 Заң­гер - 0,5 1 ме­ке­ме­ге 1 бір­лік Ескертпе: 1 – стационарлық үлгідегі ұйымдардың жанынан құрылған жоба қуаты 6-дан 30-ға дейін өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелерінде енгізіледі; 2 – стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында енгізіледі; 3 – ТҚА бұзылған балалар үшін стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі; 4 – стационарлық үлгідегі психоневрологиялық ұйымдарға енгізіледі; 5 – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдарға енгізіледі; * – оқу топтары «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген). Жабдықталған мамандандырылған кабинеттер болған кезде ең төмен штат нормативіне енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады, алайда бір кабинетке 2 маманнан артық емес. Қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастырады. Басшы қызметкерлер мен қызмет көрсетуші-шаруашылық персоналды ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік қызметтің құнын есептеуге қосылмаған. Стационарлық үлгідегі мекемелерде қызметтік автокөлік құралдарының лимиті мынадай көлемде белгіленеді: бір жеңіл автомобиль; екі санитариялық автомобиль; бір жолаушылар автобусы (100 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде); бір автокөлік құралы (350 немесе одан көп қызмет алушы болған кезде); орталық кәрізге қосылу мүмкіндігі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйым үшін айына кем дегенде 200 куб қоқыс шығару көлемі болған кезде қоқыс шығаруға арналған бір автомобиль; қар, күл шығару, көмірді қазандарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды және басқа да жұмыстарды орындайтын бір трактор; сыйымдылығы шағын үйлер үшін қызметкерді алушылардың санына сәйкес бір микроавтобус. Бөлімшеде тұратын мүгедектігі бар адамдарға өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде стационарлық үлгідегі ұйымдардың басқа қызметкерлері тартылады.
Басқа 2. Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/ үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды кезекке тіркеудің электрондық журналы
2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 Бұйрыққа 2-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 2-қосымша Нысан Ұйымның ресми атауы (қазақ тілінде) Ұйымның ресми атауы (орыс немесе өзге тілде) Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/ үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды кезекке тіркеудің электрондық журналы 20 __ жылғы «___» ________ басталды 20 __ жылғы «___» ________ аяқталды № Мәр­те­бе­сі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні, жа­сы Жы­ны­сы Үй­і­нің ме­кен­жайы Те­ле­фон но­мі­рі Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ды аби­ли­та­ци­я­лау мен оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның мер­зі­мі 1 2 3 4 5 6 7 8 Түс­кен кү­ні және бұй­рық­тың № Уа­қыт­ша шығ­қан кү­ні және бұй­рық­тың № Шық­қан кү­ні және бұй­рық­тың № Шы­ғу се­бе­бі Ауы­сты­ры­л­ған кү­ні және бұй­рық­тың № Қай­да шық­ты (об­лыс, қа­ла, аудан) 9 10 11 12 13 14
Басқа 3. Қызмет алушының ЖЕКЕ ІСІ № ___________
2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 Бұйрыққа 3-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 3-қосымша Нысан Ұйымның ресми атауы (қазақ тілінде) Ұйымның ресми атауы (орыс немесе өзге тілде) Қызмет алушының ЖЕКЕ ІСІ № ___________ __________________________________________________ (Жасалған жері) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________ _________________________________________________________________________ Туған күні (күні, айы, жылы) _____________________________________________ Диагнозы ____________________________________________________________ Ұлты _________________________________________________________________ Түскен күні ___________________________________________________________ Қайдан келді _________________________________________________________ Әлеуметтік мәртебесі __________________________________________________ Ата-аналары туралы мәліметтер (мүгедектігі бар балалар үшін) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, олардың болмау себебі және оны растайтын құжаттың түрі) ________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Үйінің мекенжайы _____________________________________________________ Нөмірленген және тігілген ______________________________________________ ________________________________________________________________парақ (жазбаша) Ұйымның басшысы ____________________________________ ________________ (Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы 20 ___ жылға «___» _______________ Мөр орны
Басқа 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары жоспары
2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 Бұйрыққа 4-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 4-қосымша Нысан Бекітемін: ___________________________ ___________________________ (стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің) аты (бар болса) және қолы) 20 ___ жылғы «___» ___________ ____________________________ (стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымның атауы) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспары жоспары Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________________ Туған күні және жылы ____________________________________________ Диагнозы _______________________________________________________ Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға/үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымына түскен күні 20__жылғы «___» ______ Қызмет алушыға ____________ бастап _____________ қоса алғанға дейін бақылау жүзеге асырылды Жеке жұмыс жоспары ____________ бастап ____________ қоса алғанға дейінгі кезеңге әзірленді Қызмет алушының жеке қажеттілігіне сәйкес тағайындалған іс-шаралар (көрсетілетін қызметтің түрлері мен көлемін көрсету): № Қыз­мет түр­ле­рі Қыз­мет кө­ле­мі (же­ке жүр­гі­зі­ле­тін іс-ша­ра­лар­дың ата­уы) Та­ғай­ын­да­уды жү­зе­ге асыр­ған ма­ман­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және қо­лы Та­ғай­ын­дау кү­ні 1 әле­умет­тік-тұр­мыстық 2 әле­умет­тік-ме­ди­ци­на­лық 3 әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық 4 әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық 5 әле­умет­тік-ең­бек 6 әле­умет­тік-мә­де­ни 7 әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық 8 әле­умет­тік-құқық­тық Жеке жоспарын қайта қарау күні 20 ___ жылғы «__» _______________________ Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман _________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Психолог* _________ ________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Медициналық персонал маманы * _________ ___________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Маман _________ ___________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ** _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) * стационар/жартылай стационар/уақытша болу ұйымдарымен толтырылады; ** үйде қызмет көрсету ұйымдарымен толтырылады.
Басқа 5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал
2022 жылғы 11 тамыздағы № 308 Бұйрыққа 5-қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына 5-қосымша Нысан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жоспарын орындау (мониторингі) жөніндегі журнал Қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________________ Туған күні және жылы _______________________________________ Диагнозы __________________________________________________ ____ ___________ бастап ____ ___________ қоса алғандағы кезеңге әзірленген жеке жоспарына мониторингі Қызмет алушыны қадағалау кезеңі: ____ ___________ бастап ____ ___________ қоса алғанда № Қыз­мет­тер түр­ле­рі Қыз­мет алушы­ның жай-күйі ту­ра­лы бел­гі, оның ішін­де Же­ке жұ­мыс жос­па­рын тү­зе­ту ту­ра­лы ше­шім (қыз­мет көр­се­ту­дің қан­дай тү­рі қай­та қа­ра­лу­ға ти­іс еке­нін көр­се­ту) Мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу кү­ні Мо­ни­то­ринг­ті жү­зе­ге асыр­ған ма­ман­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және қо­лы оң өзге­рі­стер бар (си­паттап бе­ру) * өзге­рі­стер жоқ неме­се на­шар­ла­ды (се­бе­бін көр­се­ту) 1 2 3 4 5 6 7 1 әле­умет­тік-тұр­мыстық 2 әле­умет­тік-ме­ди­ци­на­лық 3 әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық 4 әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық 5 әле­умет­тік-ең­бек 6 әле­умет­тік-мә­де­ни 7 әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық 8 әле­умет­тік-құқық­тық Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ______ _____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант ** _________ ____________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні) Ескертпе: * Қызмет алушының: - соматикалық, психикалық, эмоционалдық жай-күйінде; - қимыл, сенсорлық, танымдық, тіл дамыту, коммуникативтік салаларында; - өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекпен бейімдеу мен әлеуметтендіруді қалыптастырудағы оң өзгерістері белгіленді; ** үйде қызмет көрсету ұйымдарымен толтырылады.