О внесении изменений в решение акима Майского района от 29 ноября 2018 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории Майского района» Қолданыста
Басқа 0
Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы
«Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
№ 372 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Қаратерек ауылдық әкімі аппаратының, Май ауданы әкімдігінің «Қаратерек ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Май ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________М. Кишкеналина
2026 жылғы « » сәуір