О внесении дополнения в решение акима Жылыойского района от 29 ноября 2018 года № 59 «Об образовании избирательных участков на территории Жылыойского района» Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 59 «Жылыой ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Жылыой ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 59 «Жылыой ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4279 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасына № 289 сайлау учаскесімен келесі редакцияда толықтырылсын:
«№ 289 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Прорва кен орны «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Каспий самалы» жатақанасының ғимараты.
Шекаралары: Прорва кен орны.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы