О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURAN» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы 3603,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 10 қосалқы аймақ: ауданы 21,4 гектар тарихи орталық, ауданы 1164,6 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар, 290 гектар, 50 гектар, 584 гектар және 76,3 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.»; «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша «TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары 10 қосалқы аймақтың жалпы ауданы, S = 3603,3 га ________________________________________
Басқа 2. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары Р/с № Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер (ата­у­ла­ры) Өл­шем бір­лі­гі* Ба­за­лық ке­зең (2024) 2028 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2033 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2038 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2043 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 1 2 3 4 5 6 7 8 1. Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де (өсу­мен) млрд тең­ге 526 1 400 1 470 1 544 1 621 2. Ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 394 522 548 575 604 3. Отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 131 878 922 969 1 017 4. АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі млрд тең­ге 12 32 47 50 55 5. Қа­ты­су­шы­лар са­ны ком­па­ния 66 183 192 202 212 1 2 3 4 5 6 7 8 6. Қо­сал­қы қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар са­ны адам 55 56 64 66 70 7. АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (өсу­мен) адам 1 978 7 313 9 671 13 518 18 925 8. АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі % 45 55 60 70 80 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ________________________________________