О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 936 «О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: орталық аппараттың функциялары: мынадай мазмұндағы 133-4) тармақшамен толықтырылсын: «133-4) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 310-1) және 310-2) тармақшалармен толықтырылсын: «310-1) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту; 310-2) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;»; мынадай мазмұндағы 402-1) және 402-2) тармақшаларымен толықтырылсын: «402-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту; 402-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту;»; мынадай мазмұндағы 690-14) тармақшамен толықтырылсын: «690-14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 708-8) және 708-9) тармақшалармен толықтырылсын: «708-8) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту; 708-9) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту;»; ведомстволардың функциялары: мынадай мазмұндағы 285-1) және 285-2) тармақшалармен толықтырылсын: «285-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу; 285-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін әзірлеу;»; мынадай мазмұндағы 298-6) және 298-7) тармақшалармен толықтырылсын: «298-6) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу; 298-7) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;»; мынадай мазмұндағы 503-1), 503-2) және 503-3) тармақшалармен толықтырылсын: «503-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу; «503-2) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу; 503-3) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу;».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 402-1) және 402-2) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 285-1) және 285-2) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.