О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 936 «О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 250) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi; салалық бағытталуына сәйкес химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтарында; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағытталуына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретiне кіретін қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) көліктің және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) көлік саласында инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) мемлекеттің және халықтың тасымалдауға мұқтаждығының болжамдарын әзірлеу;
Тармақша 6
6) көлік саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау;
Тармақша 7
7) экономиканың және республика халқының тасымалдауға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 8
8) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектер үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың ұтқырлығын жеңілдететін құралдарды пайдалану;
Тармақша 9
9) жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;
Тармақша 10
10) көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) реттелетiн салаларда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) реттелетiн салаларда мемлекеттiк басқару;
Тармақша 14
14) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
Тармақша 15
15) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;
Тармақша 18
18) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;
Тармақша 20
20) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру;
Тармақша 21
21) бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық ету;
Тармақша 23
23) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады; өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құрады; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады; Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) міндеттері: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен ескертулер береді; Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелейді, тәртіптік жазалар қолданады, материалдық жауаптылыққа тартады; Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын реттелетін салаларда (аяларда) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) экономиканың тиісті салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасамау;
Тармақша 4
4) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
Тармақша 5
5) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 12
12) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізу;
Тармақша 14
14) реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 15
15) реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 17
17) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) Қоғамдық кеңес құру;
Тармақша 20
20) Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 21
21) Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуын келісу;
Тармақша 22
22) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында Министрлік өкілдігінің дербес құрамын айқындау;
Тармақша 23
23) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) Қоғамдық кеңестің құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңеске жіберу;
Тармақша 27
27) Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін келісу;
Тармақша 28
28) Министрлік жұмысының нәтижелері туралы Қоғамдық кеңеске есеп беру;
Тармақша 29
29) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 31
31) халықаралық ұйымдармен және (немесе) шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу;
Тармақша 32
32) реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталға қатысу үлесіне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 35
35) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне өнеркәсіпті мемлекеттiк ынталандыру шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру;
Тармақша 37
37) салааралық үйлестіру және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысу;
Тармақша 38
38) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 39
39) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлеу және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 40
40) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 41
41) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 42
42) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 43
43) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 45
45) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 46
46) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 47
47) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 49
49) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 50
50) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51
51) өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 52
52) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 53
53) басым тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 54
54) басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 55
55) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 56
56) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің орындалуын мониторингтеу;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 59
59) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 60
60) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 61
61) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 62
62) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 63
63) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 64
64) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 65
65) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 66
66) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіру;
Тармақша 67
67) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 68
68) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 69
69) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 70
70) асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалатын зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 71
71) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72
72) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растау;
Тармақша 73
73) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 74
74) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілеу;
Тармақша 75
75) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 76
76) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіндегі бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе уәкілетті органның осындай бас тартудың болуы туралы растамасын алу тәртібін айқындау;
Тармақша 77
77) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 78
78) сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу тәртібі мен оның нысанын айқындау;
Тармақша 79
79) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 80
80) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау;
Тармақша 81
81) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 82
82) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға деген қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау талап етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 83
83) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға жәрдем көрсету, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдесу;
Тармақша 84
84) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау көрсету және отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 85
85) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге қаражат бөлу;
Тармақша 86
86) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 87
87) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;
Тармақша 88
88) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік гранттар беру;
Тармақша 89
89) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 90
90) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 91
91) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар беру;
Тармақша 92
92) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлеу, бекiту немесе келісу;
Тармақша 93
93) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 94
94) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiптік кәсiпорындарды iрiктеу өлшемшарттарын әзiрлеу;
Тармақша 95
95) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде берілетін отандық өнеркәсiптік кәсiпорындар тiзбесiн әзiрлеу;
Тармақша 96
96) ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуы кезiнде елішілік құндылықтың үлесiн ұлғайту жөнінде шаралар әзiрлеу және мемлекеттiк саясатты iске асыру;
Тармақша 97
97) мемлекеттік органдардың елішілік құндылық мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 98
98) Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасу;
Тармақша 99
99) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 100
100) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргізу тәртiбiн айқындау;
Тармақша 101
101) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 102
102) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 103
103) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау;
Тармақша 104
104) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 105
105) энергия тұтыну нормативтерін, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 106
106) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 107
107) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;
Тармақша 108
108) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;
Тармақша 109
109) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 110
110) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін), қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін кәбілді-өткізгіш өнім өндірісін ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 111
111) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 112
112) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 113
113) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 114
114) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 115
115) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 116
116) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындау;
Тармақша 117
117) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 118
118) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 119
119) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120
120) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 121
121) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындау;
Тармақша 122
122) энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 123
123) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 124
124) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын әзірлеу және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту;
Тармақша 125
125) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 126
126) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасу;
Тармақша 127
127) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 128
128) Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғалармен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шартын және үлгілі нысанын айқындау;
Тармақша 129
129) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша импорты инвестициялық келісімшарт аясында қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 130
130) Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғалармен бекітілген нысандар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу;
Тармақша 131
131) заңды тұлға шығарған моторлы көлік құралдары модельдерінің «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолдану шарттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 шешімінің 1-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 132
132) көлік құралдарының (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) электрондық түрде ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдары шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 133
133) мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техникалардың басқа да түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиі), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдардың) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 134
134) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 135
135) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс беру;
Тармақша 136
136) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру немесе оларды беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындау;
Тармақша 137
137) көлік құралы паспортының (көлік құралдары шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 138
138) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 139
139) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 140
140) жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 141
141) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 142
142) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 143
143) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 144
144) өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 145
145) өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 146
146) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 147
147) өнімнің реэкспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту және әзірлеу;
Тармақша 148
148) химиялық өнімнің жекелеген түрлерін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 149
149) химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 150
150) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 151
151) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 152
152) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу;
Тармақша 153
153) арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 154
154) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 155
155) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 156
156) арнайы комиссияны құру және оның ережесін әзірлеу мен бекіту;
Тармақша 157
157) сарапшылық кеңесті құру және оның ережесін әзірлеу мен бекіту;
Тармақша 158
158) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 159
159) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 160
160) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 161
161) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 162
162) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөнінде шарт жасасу;
Тармақша 163
163) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөнінде шарт жасасу;
Тармақша 164
164) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 165
165) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 166
166) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 167
167) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 168
168) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
Тармақша 169
169) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижесі туралы талдамалық ақпарат беру;
Тармақша 170
170) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 171
171) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 172
172) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылатын, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуын тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 173
173) қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 174
174) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 175
175) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 176
176) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 177
177) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 178
178) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 179
179) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 180
180) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 181
181) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы актінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 182
182) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 183
183) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 184
184) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 185
185) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәліметтерді есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 186
186) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық бойынша ақпарат беру нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 187
187) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 188
188) жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 189
189) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлiгiнде жою қорын пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 190
190) берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жасалған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 191
191) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындау кепілдерінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 192
192) мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну және есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 193
193) банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 194
194) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 195
195) пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;
Тармақша 196
196) өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 197
197) уранды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;
Тармақша 198
198) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 199
199) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 200
200) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 201
201) уранды барлау мен өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, мемлекеттiк тiркеудi және сақтауды жүзеге асыру;
Тармақша 202
202) келісімшарттарды мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу;
Тармақша 203
203) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) арналған өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 204
204) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 205
205) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 206
206) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 207
207) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 208
208) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 209
209) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 210
210) жасалған келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар талаптарының орындалу барысы туралы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ұсыну;
Тармақша 211
211) бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 212
212) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;
Тармақша 213
213) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214
214) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 215
215) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және (немесе) келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 216
216) жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 217
217) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту;
Тармақша 218
218) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының өткен жылғы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 219
219) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 220
220) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 221
221) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 222
222) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 223
223) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеу нәтижелері мен жұмыстарды қабылдау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 224
224) қамтамасыз етуді берген адамға қамтамасыз ету сомасының азайтылғаны туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 225
225) ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 226
226) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп пайдалы қатты қазбаларды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 227
227) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 228
228) жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 229
229) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасасу талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 230
230) басымдылығы бірдей өтініш берушілер арасында аукцион өткізу мерзімдері мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 231
231) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 232
232) шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 233
233) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу қағидаларын, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялық режимге ауысу жөніндегі жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 234
234) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 235
235) пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 236
236) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 237
237) ең төменгі рейтинг бағаларын айқындау;
Тармақша 238
238) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 239
239) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 240
240) аукцион өткізу тәртібін және оның қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру тәртібін айқындау;
Тармақша 241
241) аукцион өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 242
242) Қазақстан Республикасының атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу;
Тармақша 243
243) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 244
244) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу;
Тармақша 245
245) ұстап тұру мәртебесі жөніндегі жұмыс бағдарламасын келісу;
Тармақша 246
246) аукцион өткізу туралы шешім қабылдау және жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын айқындау;
Тармақша 247
247) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығару;
Тармақша 248
248) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;
Тармақша 249
249) мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру тәртібін айқындау;
Тармақша 250
250) мемлекет меншігіндегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындау;
Тармақша 251
251) жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісім шарттардың ережелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 252
252) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;
Тармақша 253
253) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 254
254) жаңа магистральдық жолдарды салу бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 255
255) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 256
256) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 257
257) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 258
258) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеу және қаржылық лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259
259) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 260
260) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарт заңнамаға сәйкес бұзылған жағдайда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын және жолаушылар вагондарын сатып алуға берілетін кредиттік қаражатты қайтару мен қаржылық лизингті төлеу міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін жаңа тасымалдаушыны айқындау;
Тармақша 261
261) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарт жасасу;
Тармақша 262
262) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу;
Тармақша 263
263) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеу және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 264
264) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеу және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
Тармақша 265
265) темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау тәртiбін және шарттарын белгілеу;
Тармақша 266
266) мемлекеттік меншік болып табылатын теміржол арқылы теміржол қатынасын тоқтату тәртібін белгілеу;
Тармақша 267
267) жылжымалы құрамды және жылжымалы құрамның кепілін міндетті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін белгілеу;
Тармақша 268
268) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 269
269) темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
Тармақша 270
270) арнайы тасымалды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 271
271) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 272
272) жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісінің құрамына беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 273
273) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 274
274) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 275
275) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 276
276) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржол арқылы жүру және өту қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 277
277) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 278
278) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 279
279) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 280
280) әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 281
281) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 282
282) теміржолды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 283
283) теміржолды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 284
284) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
Тармақша 285
285) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 286
286) әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
Тармақша 287
287) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 288
288) техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 289
289) міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу бойынша қызметтер құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 290
290) авария мен апат кезінде шұғыл шақыру жүйесі операторының функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау;
Тармақша 291
291) авария мен апат кезінде шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 292
292) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 293
293) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 294
294) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 295
295) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 296
296) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 297
297) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 298
298) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобиль тасымалында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 299
299) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 300
300) Қазақстан Республикасының аумағында ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердiң тасымалын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 301
301) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындау;
Тармақша 302
302) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 303
303) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 304
304) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және оның аумағынан шығу, сондай-ақ оның аумағы арқылы транзитпен жүріп өту тәртiбiн айқындау;
Тармақша 305
305) автомобильмен тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 306
306) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 307
307) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 308
308) жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 309
309) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 310
310) кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін әзірлеу және бекiту;
Тармақша 311
311) теңіз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн айқындау;
Тармақша 312
312) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 313
313) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 314
314) теңіздегі кеме қатынасы аясында навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;
Тармақша 315
315) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 316
316) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 317
317) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау;
Тармақша 318
318) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдарды растаудың, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 319
319) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 320
320) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын әзірлеу және оларға қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 321
321) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 322
322) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 323
323) навигациялық орталықтың көрсететін қызметтерін пайдалану тарифтерін (бағасын) әзірлеу және бекіту;
Тармақша 324
324) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
Тармақша 325
325) порттар саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
Тармақша 326
326) теңіз порттарының табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтері тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекітудің орындылығының негiздемесi не оны бекітудің орынсыздығының негiздемесi көрсетілетін қорытындыны табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсыну;
Тармақша 327
327) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды әзірлеу және бекiту;
Тармақша 328
328) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 329
329) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 330
330) Министрдің бұйрығымен бекітілген кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру және сыныптау;
Тармақша 331
331) Министрдің бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу;
Тармақша 332
332) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көлік оқиғаларын тергеп-тексеру;
Тармақша 333
333) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 334
334) теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 335
335) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 336
336) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 337
337) шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 338
338) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 339
339) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 340
340) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 341
341) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртiбiн айқындау;
Тармақша 342
342) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 343
343) мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 344
344) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 345
345) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 346
346) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 347
347) жағалау белдеуiн пайдалану тәртiбiн айқындау;
Тармақша 348
348) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
Тармақша 349
349) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 350
350) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 351
351) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 352
352) кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 353
353) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
Тармақша 354
354) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 355
355) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 356
356) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 357
357) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелердегі қызмет жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 358
358) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 359
359) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 360
360) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 361
361) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 362
362) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 363
363) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 364
364) ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге және ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) және кері қарай тасымалдауға жәрдемдесу;
Тармақша 365
365) аралас тасымалдар қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 366
366) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде көлік кәсіпорындарының шарттық қатынастарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдау;
Тармақша 367
367) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн әзірлеу және бекіту;
Тармақша 368
368) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес әзірлеу және бекіту;
Тармақша 369
369) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 370
370) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 371
371) автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 372
372) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 373
373) қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 374
374) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 375
375) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 376
376) автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындау;
Тармақша 377
377) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 378
378) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 379
379) ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу тәртібін белгілеу;
Тармақша 380
380) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
Тармақша 381
381) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 382
382) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 383
383) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 384
384) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 385
385) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 386
386) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 387
387) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындау;
Тармақша 388
388) теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 389
389) теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгімен марапаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 390
390) экспедитор қызметін көрсету тәртібін айқындау;
Тармақша 391
391) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау;
Тармақша 392
392) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
Тармақша 393
393) тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 394
394) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінде көрсетілетін қызметтерге кіретін операциялардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 395
395) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша кірме жолдарда көрсетілетін қызметтерге кіретін операциялардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 396
396) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 397
397) жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 398
398) күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін айқындау жөніндегі және теміржол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 399
399) жолаушылар пойыздарын тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен оның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 400
400) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
Тармақша 401
401) пойыздардың қозғалысына тікелей байланысты теміржол көлігі жұмыскерлерінің кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындау;
Тармақша 402
402) жолаушылар пойыздарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
Тармақша 403
403) лауазымдар (кәсiптер) тiзбесiн, лауазымдарға (кәсiптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби даярлық деңгейiн, лауазымға (кәсiпке) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 404
404) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындау;
Тармақша 405
405) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 406
406) пойыздардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 407
407) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 408
408) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 409
409) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 410
410) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есепке алуды жүргізу және есептілікті беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 411
411) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;
Тармақша 412
412) пойыздар қозғалысына байланысты терминдерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 413
413) Қазақстан Республикасында теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 414
414) теміржол көлігіндегі табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 415
415) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың сыныбына сәйкес әзірлеу және бекіту;
Тармақша 416
416) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 417
417) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 418
418) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 419
419) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 420
420) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 421
421) жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын келісу;
Тармақша 422
422) теміржол көлігінде қолданылатын бірыңғай есепке алу-есептеу уақытын белгілеу;
Тармақша 423
423) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындау және босату;
Тармақша 424
424) нысанды киiм (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
Тармақша 425
425) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілеу;
Тармақша 426
426) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің әрекет ету мерзімін белгілеу;
Тармақша 427
427) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 428
428) теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 429
429) теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 430
430) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 431
431) теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 432
432) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандары мен міндетті емес аудандарын белгілеу және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей жеткізу;
Тармақша 433
433) теңіз портының капитаны туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 434
434) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 435
435) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
Тармақша 436
436) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының теңіз әкімшілігі ретінде әрекет ету;
Тармақша 437
437) Қазақстан Республикасының теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 438
438) мемлекеттік кеме тізілімінің, жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 439
439) лоцмандық қызмет туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 440
440) ішкі су жолдары учаскелерінің тізбесін, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 441
441) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 442
442) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 443
443) кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 444
444) кеме атауын беру тәртібін белгілеу;
Тармақша 445
445) пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 446
446) кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 447
447) пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 448
448) ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 449
449) техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 450
450) ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 451
451) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 452
452) ішкі су жолдарында кемемен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 453
453) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімін, сондай-ақ жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 454
454) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;
Тармақша 455
455) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 456
456) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау;
Тармақша 457
457) күзетуге және алып жүруге арналған жүктердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 458
458) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 459
459) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 460
460) қауіпсіздік сертификатының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 461
461) кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 462
462) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 463
463) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 464
464) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 465
465) жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 466
466) кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 467
467) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 468
468) теңіз порты мәртебесін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 469
469) теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 470
470) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 471
471) мемлекеттік техникалық флот кемелерінің жанар-жағармай материалдарын жұмсау (заттай мәндегі) нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 472
472) суға батқан мүлікті көтеру құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 473
473) уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 474
474) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 475
475) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 476
476) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мәртебесін беру қағидаларын және шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 477
477) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Каспий теңізінің қазақстандық секторында құтқару операцияларын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 478
478) материалдар мен жабдықтардың азайтылмайтын қорының тізбесін, кеме қатынасы шлюзі үшін оларды пайдалану және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 479
479) Жылжымалы құрам мемлекеттік тізілімінен алып тастау тәртібін белгілеу;
Тармақша 480
480) шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру актісінің және ұйғарымның нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 481
481) су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 482
482) жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 483
483) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, өздеріне қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен нәрселердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 484
484) жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 485
485) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 486
486) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
Тармақша 487
487) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 488
488) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
Тармақша 489
489) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 490
490) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 491
491) облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобильдің жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға берудің үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 492
492) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін және мөлшерлемесін айқындау;
Тармақша 493
493) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныста пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 494
494) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 495
495) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен мөлшерлемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 496
496) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 497
497) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 498
498) астананың, республикалық маңызы бар қаланың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді және күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 499
499) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін мемлекеттік есепке алу тәртібін белгілеу;
Тармақша 500
500) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 501
501) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 502
502) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес астананың және астаналық әуежайдың үстіндегі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 503
503) азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 504
504) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 505
505) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 506
506) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 507
507) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 508
508) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптарды, технологиялық рәсімдерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 509
509) электрондық авиажүкқұжатының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 510
510) әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 511
511) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану;
Тармақша 512
512) азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 513
513) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 514
514) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер аясындағы табиғи монополиялар салаларын табиғи монополиялар субъектілері аталған салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу нысанасына талдауды жүзеге асыру және жүргізілген талдау қорытындысы бойынша табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы қорытынды енгізу;
Тармақша 515
515) сараптама кеңесін құру, ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 516
516) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 517
517) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштеріне мониторинг пен бағалау жүргізу;
Тармақша 518
518) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 519
519) азаматтық авиация саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;
Тармақша 520
520) қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 521
521) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессия жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын келісу, сондай-ақ табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 522
522) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын табиғи монополиялар салаларының жай-күйі, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді ұсыну;
Тармақша 523
523) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 524
524) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 525
525) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 526
526) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 527
527) тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 528
528) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 529
529) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 530
530) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы қарап-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 531
531) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 532
532) жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 533
533) азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 534
534) азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 535
535) сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 536
536) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 537
537) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 538
538) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 539
539) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 540
540) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 541
541) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 542
542) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 543
543) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 544
544) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 545
545) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 546
546) аэроклубтар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 547
547) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 548
548) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 549
549) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 550
550) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 551
551) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 552
552) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 553
553) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 554
554) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 555
555) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 556
556) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 557
557) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 558
558) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 559
559) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 560
560) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 561
561) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 562
562) көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 563
563) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 564
564) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 565
565) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 566
566) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеріп қарауды ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 567
567) азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 568
568) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 569
569) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 570
570) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 571
571) үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған субсидияланатын авиамаршруттарды (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында конкурстық негізде бөлу;
Тармақша 572
572) әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 573
573) әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 574
574) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгі бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 575
575) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;
Тармақша 576
576) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 577
577) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 578
578) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 579
579) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша халықаралық ұшуға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкімшілікті қалыптастыру;
Тармақша 580
580) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелетін танылым және қосымша белгілерді салу тәртібін және көрсетілген белгілердің сипаттамасын айқындау;
Тармақша 581
581) шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты ұшу кестелерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 582
582) азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 583
583) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 584
584) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 585
585) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 586
586) халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру қағидаларын және оны беруден бас тарту негіздерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 587
587) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 588
588) авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 589
589) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының өкілдігін жүзеге асыру;
Тармақша 590
590) әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 591
591) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
Тармақша 592
592) авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстап тұру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 593
593) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі мен олардың нормативін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 594
594) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 595
595) азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 596
596) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не әуе кемелерінің пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;
Тармақша 597
597) авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;
Тармақша 598
598) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
Тармақша 599
599) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар бойынша статистикалық деректер жүргізу;
Тармақша 600
600) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректер алмасуға қатысу;
Тармақша 601
601) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге жауапты шет мемлекеттер органдарымен және халықаралық азам аттық авиация ұйымдарымен ынтымақтастық жасасу;
Тармақша 602
602) авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық жасасу;
Тармақша 603
603) авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 604
604) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 605
605) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерделеу және қолдау;
Тармақша 606
606) мемлекеттік және халықаралық деңгейде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
Тармақша 607
607) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты қалыптастыру және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;
Тармақша 608
608) радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тестілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 609
609) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 610
610) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 611
611) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 612
612) әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 613
613) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 614
614) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 615
615) азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 616
616) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 617
617) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 618
618) авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 619
619) әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 620
620) монополияға қарсы органмен келісу бойынша әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақта және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 621
621) монополияға қарсы органмен келісу бойынша әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 622
622) Қазақстан Республикасында шетелдік әуе тасымалдаушыларын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 623
623) ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 624
624) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 625
625) әуежай аумағындағы әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 626
626) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлеу;
Тармақша 627
627) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 628
628) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарынан және ұсынылатын практикасынан айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) уақтылы хабарлауды және олардың аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялануын қамтамасыз ету;
Тармақша 629
629) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар орындарына тасымалдау және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі туралы шешім қабылдау;
Тармақша 630
630) шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау;
Тармақша 631
631) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 632
632) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Тармақша 633
633) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 634
634) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 635
635) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 636
636) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;
Тармақша 637
637) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 638
638) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 639
639) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 640
640) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 641
641) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 642
642) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;
Тармақша 643
643) елді мекендердің шекарасы (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;
Тармақша 644
644) республикалық маңызы бар қаланың, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісу;
Тармақша 645
645) шағын елді мекендерді дамыту мен оған құрылыс салу схемаларының құрамын, мазмұнын, әзірлеу мен келісу тәртібін айқындау;
Тармақша 646
646) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу мен келісу тәртібін, оның міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу;
Тармақша 647
647) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 648
648) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағын суларды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 649
649) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 650
650) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 651
651) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 652
652) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 653
653) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 654
654) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;
Тармақша 655
655) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Тармақша 656
656) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламенттеуді талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;
Тармақша 657
657) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 658
658) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 659
659) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 660
660) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 661
661) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 662
662) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;
Тармақша 663
663) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауызсу беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 664
664) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 665
665) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
Тармақша 666
666) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 667
667) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 668
668) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 669
669) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 670
670) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 671
671) басқаратын көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі болып табылмайтын көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 672
672) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 673
673) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 674
674) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 675
675) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 676
676) тұрғын үй қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 677
677) тұрғын үй қорын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 678
678) тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 679
679) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 680
680) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін пайдалану;
Тармақша 681
681) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 682
682) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 683
683) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 684
684) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 685
685) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 686
686) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын әзірлеу және бекiту;
Тармақша 687
687) жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 688
688) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау;
Тармақша 689
689) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 690
690) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 691
691) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 692
692) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 693
693) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 694
694) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 695
695) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 696
696) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 697
697) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың бірыңғай операторға, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысын мониторингтеу (үлестік құрылысты ұйымдастыру тәсіліне қарай) нәтижелері туралы есеп нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 698
698) бірыңғай оператордың көппәтерлі тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды тексеру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 699
699) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 700
700) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 701
701) есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 702
702) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 703
703) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 704
704) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 705
705) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзір леу және бекіту;
Тармақша 706
706) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 707
707) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 708
708) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 709
709) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 710
710) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 711
711) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 712
712) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 713
713) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 714
714) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 715
715) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 716
716) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 717
717) жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 718
718) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 719
719) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сертификаттау, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау жөніндегі мамандардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысу;
Тармақша 720
720) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 721
721) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 722
722) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 723
723) кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 724
724) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 725
725) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 726
726) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 727
727) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 728
728) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 729
729) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 730
730) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 731
731) ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 732
732) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 733
733) объектілер құрылысы жобасын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 734
734) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 735
735) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 736
736) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 737
737) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 738
738) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 739
739) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 740
740) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 741
741) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 742
742) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 743
743) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 744
744) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 745
745) электр энергиясын беру және онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 746
746) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 747
747) инженерлік-геологиялық іздестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 748
748) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 749
749) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 750
750) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік монополия субьектілерінің өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;
Тармақша 751
751) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 752
752) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 753
753) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 754
754) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдарымен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 755
755) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 756
756) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласында өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 757
757) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларын (өнімдерін), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларын (өнімдерді) отандық өндірушілердің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту;
Тармақша 758
758) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізу;
Тармақша 759
759) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 760
760) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру шешімдерін қабылдау және тәртібін айқындау;
Тармақша 761
761) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;
Тармақша 762
762) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 763
763) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 764
764) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 765
765) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 766
766) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 767
767) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 768
768) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік ету және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 769
769) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 770
770) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 771
771) техникалық реттеу саласында сарапшылық кеңестер құру;
Тармақша 772
772) техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені бекіту;
Тармақша 773
773) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 774
774) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, қолдану тәртібін айқындау, сондай-ақ олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 775
775) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 776
776) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 777
777) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдесу;
Тармақша 778
778) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын айқындау;
Тармақша 779
779) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің орындалу мониторингін жүргізу;
Тармақша 780
780) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсету;
Тармақша 781
781) жыл сайын ұлттық экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті өңдеу өнеркәсібі тауарларының, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларының тізбесін бекіту және әлеуетті өнім берушілерге ақпарат беру үшін оны тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорында орналастыру;
Тармақша 782
782) ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 783
783) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды тарту мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін жіберу;
Тармақша 784
784) әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 785
785) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 786
786) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 787
787) жұмыс істеп жүрген инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
Тармақша 788
788) бірлескен өндірістерді құруға инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 789
789) көміртегі ізін төмендету жөнінде шаралар қолдану, олар мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін: осындай тауарлардың өндірісін кеңейту, тауарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды ынталандыру, оларды пайдалану тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар;
Тармақша 790
790) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 2
2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 3
3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына жолданатын құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктерді жүктейді;
Тармақша 4
4) аппарат басшысымен келісу бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 8
8) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қолбелгі қояды;
Тармақша 9
9) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Министрлік:
Тармақша 1
1) «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) «Нұрcұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 5
5) «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті: акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы; республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті: акционерлік қоғам: «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы; жауапкершілігі шектеулі серіктестік: «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті: акционерлік қоғам: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы; республикалық мемлекеттiк кәсiпорын: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті: республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті: республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; акционерлік қоғамдар:
Тармақша 1
1) «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті: республикалық мемлекеттiк кәсiпорын: Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан Республикасы порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті: «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі. ______________________