О внесении изменения в решение Шиелийского районного маслихата от 29 октября 2018 года №30/3 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6506 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.