О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 145/НҚ «Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации «электронного правительства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 145/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 145/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18981 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға, «электрондық үкіметтің» архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі; 2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері; 3) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға; 4) стандартты шешім – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын бағдарламалық өнім немесе ақпараттық жүйе (немесе оның бөлігі).»; 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және дамыту шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады;»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сервистік интегратор «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға, инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он төртінші абзацын қоспағанда, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.