О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 146/НҚ «Об утверждении Правил учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии), комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации «электронного правительства» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелді) келесі өзгерістер: көрсетілген бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әзірленген бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде), «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформациялау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 347/НҚ Осы бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) бастапқы бағдарламалық код - бағдарламалаудың қандай да бір тіліндегі немесе белгілеу тіліндегі адам оқи алатын және қайтадан пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні;
Тармақша 3
3) репозиторий - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық операторы көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтері негізінде ұсынылатын және ақпарат түрі бойынша құрылымдалған объектілер сақтау орны;
Тармақша 4
4) «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы - сыныптауышқа сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 5
5) Компиляция - бағдарламаны жоғары деігейлі тілден машиналық тілге аудару;
Тармақша 6
6) бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдері (компоненттері) - әзірлеушілер тікелей құрған бағдарламалық өнім, сондай-ақ бөгде әзірлеушілердің, құрастыру, орнату және толық жұмыс істеуі үшін қажетті баптаулары мен жұмыс деректері бар файлдар.
Тармақ 3
3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау сатып алынған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, жоғалған кезде алмастыруды қамтамасыз ету, қайтадан пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібі
2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібі
Тармақ 4
4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуды және сақтауды уәкілетті орган ұйымдастырады және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор)жүзеге асырады..
Тармақ 5
5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға (болған кезде) мынадай объектілер жатады:
Тармақша 1
1) мыналарды: бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей жазған бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын бөгде әзірлеушілер кодтарын; қолмен немесе автоматты компиляциялауға арналған қажетті қызметтік файлдарды; бағдарламалық өтінімді компиляциялау үшін қажетті компиляциялау процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасы көрсетілген), әзірлеу ортасын күйге келтірулер ерекшеліктерінің сипаттамасын қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы бағдарламалық кодтары;
Тармақша 2
2) мыналарды: бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда ақпараттық жүйенің иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтылым;
Тармақша 4
4) деректер базасы қамтылған файл;
Тармақша 5
5) әзірленген бағдарламалық қамтылымды үшін пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымды күйге келтірулер кешені;
Тармақша 6
6) «Электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы.
Тармақ 6
6. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен немесе архитектуралық порталда тіркелгеннен кейін мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операторға «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) жібереді.
Тармақ 8
8. Оператор өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдерді «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркейді және үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдауға арналған репозитарий қалыптастырады.
Тармақ 9
9. Репозитарий қалыптастырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оператор мемлекеттік органнан «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдайды.
Тармақ 10
10. Оператор «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін көп рет пайдалану және (немесе) мемлекеттік орган объектілерді жоғалтқан жағдайда, уәкілетті органды хабарландыра отырып, оларды қайта алуы үшін мемлекеттік органға репозитарийге қол жеткізуге рұқсат береді.
Тармақ 11
11. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық жүйені пайдаланудан алған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде операторды бұл туралы хабарландырады. Оператор хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін мемлекеттік органға беруді жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Оператордан «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін алғаннан кейін мемлекеттік орган «Ұлттық мұрағат қоры және мемлекеттік мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Оператор өткен жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы уәкілетті органға есеп береді (еркін нысанда).
Басқа 1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына 1-қосымша Нысан «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім Өтініш беруші ұйымның толық атауы немесе өтініш беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде): ______________________________________________ ______________________________________________________________________ «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенінің атауы ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Ақпараттық жүйенің «Электрондық үкімет» архитектуралық порталындағы коды: ______________________________________________________________________ Дана саны: ____________________________________________________________ Әрбіреуі мынадай жиынтықта: р/с № CD/ файл/құжаттың атауы CD сериялық нөмірі CD көлемі (Мгб) Қағаз жеткізгіштегі парақтар саны Түпнұсқа (Т) Көшірме (К) Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың иеленушісі туралы мәліметтер Иеленушінің толық атауы _______________________________________________ Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________ Ұйымның қысқартылған атауы: __________________________________________ Мекенжайы: /________ /________________________________________ индексі Тел.: __________ ______________ Факс: ___________ E-mail: _____________________ Http://__________ Байланысушы тұлға: ___________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік техникалық құжаттаманың әзірлеушісі туралы мәліметтер Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде): _____________________________________________________________________ Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________ Ұйымның қысқартылған атауы: _________________________________________ Мекенжайы: /_________ /________________________________________ индексі Тел.: __________ ______________ Факс: ___________ E-mail: _____________________ Http://__________ Байланысушы тұлға: ___________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен Авторлар туралы мәліметтер Автор (лар): __________________________________________________________ Сертификаттау туралы мәліметтер: ______________________________________ Шығарылған жылы: ___________________________________________________ Нұсқасы: ____________________________________________________________ Бағдарламалау тілі: ___________________________________________________ Шығарылған күні: ____________________________________________________ Аңдатпа (мақсаты): ___________________________________________________ Ең төменгі жүйелік талаптар Компьютер, процессор түрі, Қосымша процессор, жиілік: ___________________________________________ Оперативтік жады Винчестерде (RAM): ______________ қажет: _________________________________________ Операциялық жүйелер: _______________________________________________ Бейнежүйе: _________________________________________________________ Акустикалық жүйе: ___________________________________________________ Қосымша жабдық: ___________________________________________________ Қосымша бағдарламалық құралдар: ____________________________________ Басқалар: ___________________________________________________________ Заңсыз таралудан қорғау (бар болуы, жалпы сипаттамасы): _________________ Қаржыландыру көздері (астын сызу): республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, жеке қаражат, грант қаражаттары, сыртқы қарыздар, несие, өзге де заңды және жеке тұлғалардың қаражаты. МО (болған кезде) күні __________________ иеленуші қолы
Басқа 2. Келіп түскен өтінімдерді тіркеу
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына 2-қосымша Нысан Келіп түскен өтінімдерді тіркеу р/с № Өтінім нөмірі Келіп түскен күні Мемлекеттік органның атауы Өтінім беруші (өтінімге қол қойған басшы) Қабылдады Аты-жөні, тегі (болған жағдайда) Қолы