О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 марта 2019 года № 154 «Об утверждении Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;»; 4-тармақ алып тасталсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Орта мерзімді кезеңге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі кадрларды білім беру бағдарламаларының топтары бойынша даярлау бағыттары бөлінісінде жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, кейінгі бес жыл кезеңін қамтиды.»; 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Еңбек ресурстарының болжамы: қысқа мерзімді кезеңге – есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей; орта мерзімді кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей; ұзақ мерзімді кезеңге – әр үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей жүйеге орналастыруға жатады. 12. Қысқа мерзімді кезеңге Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің ақпараты негізінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграциялау арқылы, кейіннен талдау және өңдеумен мынадай теңдеудің көмегімен қалыптастырылады: мұнда, Xt – t кезеңіндегі болжамды жұмыспен қамту; c, ai, bi, – модель параметрлері; p, d, q – авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі; Δd – d тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.); Ɛt – ақ шуыл.»; 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «19. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар: 1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру; 2) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ораталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу; 4) бюджет саясатын, жастар, көші-қон, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеп, іске асыру кезінде пайдаланады. 20. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастырудың нәтижелері «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.»; 1-қосымшада: Демографиялық болжамды есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесінде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 4 Жоғары білім беру ұйымдарында даярлық бағыттары, курстары және жастары бөлінісінде білім алушылар саны, адам БҒМ »; 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 8. Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 2 маусымдағы № 190 бұйрығына қосымша Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 2-қосымша Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі Р/с № Көр­сет­кіш­тер Жа­у­ап­ты орын да­у­шы Ағым­да­ғы жыл / ба­ға­лау Бо­лжам­ды жыл­дар Бо­лжам­ды көр­сет­кіш­тер­дің негіз­де­ме­сі (негіз­гі жо­ба­лар мен ша­ра­лар) 20___ (1 бо­лжам­ды жыл) 20___ (2 бо­лжам­ды жыл) 20___ (3 бо­лжам­ды жыл) 20___ (4 бо­лжам­ды жыл) 20___ (5 бо­лжам­ды жыл) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Да­му­дың жал­пы­ла­ма көр­сет­кіш­те­рі 1 ЖІӨ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ҰЭМ ЖӨӨ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ЖАО 2 Қа­ла хал­қы­ның ор­та­ша жыл­дық са­ны, млн адам ҰЭМ ЖАО 3 Ха­лық­тың нақ­ты ақ­ша­лай кі­ріс ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ЖАО Эко­но­ми­ка са­ла­ла­ры­ның ЖҚҚ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % 4 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­руа шы­лы­ғы ҰЭМ ЖАО 5 Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі ҰЭМ ЖАО 6 Тау-кен өнер­к­ә­сі­бі және ка­рьер­лер­ді өң­деу ҰЭМ ЖАО 7 Электр­мен жаб­дық­тау, газ, бу бе­ру және ауа­ны бап­тау ҰЭМ ЖАО 8 Су­мен жаб­дық­тау; кә­різ жүй­е­сі, қал­дық­тар­дың жи­на­луын және та­ра­ты­луын ба­қы­лау ҰЭМ ЖАО 9 Құ­ры­лыс ҰЭМ ЖАО 10 Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда; ав­то­мо­биль­дер мен мо­то­ци кл­дер­ді жөн­деу ҰЭМ ЖАО 11 Кө­лік және қой­ма­лау ҰЭМ ЖАО 12 Тұ­ру және та­мақ­та­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер ҰЭМ ЖАО 13 Ақ­па­рат және бай­ла­ныс ҰЭМ ЖАО 14 Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ҰЭМ ЖАО 15 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар ҰЭМ ЖАО 16 Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет ҰЭМ ЖАО 17 Әкім­ші­лік және қо­сал­қы қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ҰЭМ ЖАО 18 Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс; мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру ҰЭМ ЖАО 19 Бі­лім бе­ру ҰЭМ ЖАО 20 Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қыз­мет­тер ҰЭМ ЖАО 21 Өнер, ой­ын-са­уық және де­ма­лыс ҰЭМ ЖАО 22 Бас­қа қыз­мет­тер­ді ұсы­ну ҰЭМ ЖАО Са­ла­лар бой­ын­ша негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар­дың НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % 23 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ҰЭМ ЖАО 24 Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда; ав­то­мо­биль дер мен мо­то­цик­л­дер­ді жөн­деу ҰЭМ ЖАО Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы 25 Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің нақ­ты кө­лем ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % АШМ ЖАО 26 Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің нақ­ты кө­лем ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % АШМ ЖАО 27 Дән­ді да­қыл­дар­дың (кү­ріш­ті қо­са ал­ған­да) және бұр­шақ­ты да­қыл­дар­дың жал­пы жиы­ны (өң­де­уден кей­ін­гі сал­ма­ғын­да), млн тон­на АШМ ЖАО Тау-кен өнер­к­ә­сі­бі және ка­рьер­лер­ді өң­деу 28 Кө­мір мен лиг­нит (кө­мір кон­цен­тра­ты­нан бас­қа) өн­ді­ру кө­ле­мі, млн тон­на ИИДМ ЖАО 29 Газ кон­ден­сат тын қо­са ал­ған­да, мұ­най өн­ді­ру кө­ле­мі, млн тон­на Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі 30 Мұ­най­дың қай­та өң­дел­ген өнім­де­рі­нің НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО 31 Қа­ра ме­тал­лур­гия өні­мі­нің НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ИИДМ ЖАО 32 Негіз­гі асыл және түр­лі тү­сті ме­тал­дар өн­ді­рі­сі­нің НКИ ИИДМ ЖАО Электр­мен жаб­дық­тау, газ, бу бе­ру және ауа бап­тау 33 Электр энер­ги­я­сын өн­ді­ру кө­ле­мі, млн. кВт * сағ Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО Кө­лік және қой­ма­лау 34 Кө­лік­тің бар­лық түр­ле­рі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО 35 Те­мір жол кө­лі­гі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО 36 Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет 37 ҒЗТ­КЖ-ға ар­нал­ған іш­кі шы­ғын­дар, млрд. тең­ге БҒМ ЖАО Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс; мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру 38 Қо­ғам­дық тәр­тіп­ке, қа­уіп­сіз­дік­ке, құқық­тық, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­тіне жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің шы­ғын­да­ры, млрд тең­ге, ЖАО 39 Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру тү­рін­де жа­за­сын өте­уді аяқ­та­ған адам­дар­дың са­ны (бо­лжам­ды жыл үшін), адам ІІМ ЖАО Бі­лім 40 Бі­лім бе­ру­ге жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің шы­ғын­да­ры, млрд тең­ге ЖАО Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 41 Ха­лық­тың қан ай­на­лы­мы жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры­мен жал­пы сыр­қат­та­нуы, аб­со­лют­тік сан­дар ДСМ ЖАО 42 Ха­лық­тың ас қо­ры­ту ор­ган­да­ры­ның ау­ру­ла­ры­мен жал­пы сыр­қат­та­нуы, аб­со­лют­тік сан­дар ДСМ ЖАО Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; ЖАО – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары; ЖҚҚ – жалпы қосылған құн; ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім; ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; кВт * сағ – киловатт-сағат; НКИ – нақты көлем индексі; ткм – тонна-километр; ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Энергетикамині – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.