О внесении изменения в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 215 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 215 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №215 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6058 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
12 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №33200 тіркелген) сәйкес белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.