О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 229 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 229 «Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях»
- Атауы (қаз.)
- «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 21.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 174634_603460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030881
- ЭКБ идентификаторы
- 174634
- Редакция идентификаторы
- 174634_603460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:53
0 «Ең төмен резервтік талаптар туралы
қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы
29 қарашадағы № 229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Р.Ж. Оразалин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
1 Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 98 Қаулыға
1-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
1-қосымша
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі
Баланстық шоттың аты
2012
Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік шоттары
2013
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2022
Шетелдік орталық банктердің талап ету бойынша салымдары
2023
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары
2024
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2034
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2038
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2044
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2048
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
2054
Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді қарыздар
2058
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2068
Қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2112
Шетелдік орталық банктерден алынған овернайт қарыздары
2113
Басқа банктерден алынған овернайт қарыздары
2122
Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары
2123
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдары
2124
Басқа банктердің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдары
2125
Басқа банктерден бір түнге тартылған салымдар
2130
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2131
Басқа банктер мен қаржы ұйымдарының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2132
Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын)
2133
Басқа банктердің шартты салымдары
2134
Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)
2135
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2138
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2143
Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2144
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары
2147
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Кастодиан банктердің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттарындағы инвестицияланбаған қалдықтары
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2210
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап ету бойынша салымдары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қысқа мерзімді салым
2214
Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2220
Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)
2222
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2225
Клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек
2226
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2228
Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2243
Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2245
Инвестициялық депозиттер
2551
Басқа банктермен есеп айырысулар
2552
Клиенттермен есеп айырысулар
2701
Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар
2702
Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2704
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар
2705
Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2706
Қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
2709
Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар
2711
Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша есептелген шығыстар
2712
Басқа банктердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2713
Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2714
Басқа банктердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердің талап ету бойынша салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2722
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2724
Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2728
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2730
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы
2742
Талап ету бойынша салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2743
Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2746
Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2747
Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзімі өткен сыйақы
2755
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттамамен есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2865
Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер
2891
Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша міндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша міндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша міндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша міндеттемелер
2899
Басқа туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
Ескертпе: 2013, 2023, 2024, 2054, 2058, 2113, 2123, 2124, 2125, 2130, 2131, 2132, 2133, 2134, 2135, 2138, 2143, 2203, 2210, 2222, 2225, 2237, 2240, 2551, 2701, 2702, 2705, 2707, 2709, 2712, 2713, 2714, 2722, 2727, 2730, 2731, 2741, 2742, 2743, 2744, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899 баланстық шоттарында көрсетілген міндеттемелер құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.
2 Банктің ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 98 Қаулыға
2-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
3-қосымша
Банктің ұлттық және шетел валютасындағы
ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі
Баланстық шоттың нөмірі
Баланстық шоттың аты
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен және жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған ұзақ мерзімді қарыздар
2046
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2056
Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2057
Басқа банктерден алынған қаржы лизингi
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар
2067
Алынған қаржы лизингі
2127
Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары
2141
Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам)
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2218
Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)
2227
Жалдау бойынша міндеттемелер
2229
Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)
2230
Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек
2241
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын ұзақ мерзімді салым
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2745
Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар
Ескертпе: 2056, 2057, 2127, 2141, 2227, 2301, 2303, 2306 және 2745 баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелердің құрамынан басқа резидент банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелер алып тасталады.