О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 29 августа 2019 года № 318 «Об утверждении Правил предоставления арендного жилища без права выкупа для работающей молодежи» Күшін жойған
Басқа 0
«Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға
берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы
29 тамыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19319 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды беруден жазбаша түрде бас тартады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.