О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 29 апреля 2019 года № 387 «О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 387 «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 387 «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5323 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. Облыстық бюджеттің есебінен қаржыландырылатын, Сәтбаев қаласында ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызы мөлшерінде (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.