О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 29 августа 2019 года № С-46/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 тіркелген, 2019 жылғы 02 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр – Жеңiс күнi;
Тармақша 2
2) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 3
3) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.»; 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; еңбек ардагерлері; «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар; ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер; барлық топтағы мүгедектер; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар; әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар (онкологиялық аурулары бар адамдар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастар); табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар); өмірлік қиын жағдайға тап болған, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар (отбасылар); аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар.»; 12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 12
«12. Әлеуметтік көмек белгіленеді:
Тармақша 1
1) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде: Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; еңбек ардагерлеріне; «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға; Қарттар күніне: ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге; Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне: барлық топтағы мүгедектерге; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескерместен жылына бір рет: әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулары бар адамдарға, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастарға) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1, 2-топтағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мемлекеттік медициналық ұйымдармен жұмысқа орналасу туралы шарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттеріне оқу орнымен жасасқан шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құнының мөлшерінде төлеуге;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, жылына бір рет: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде: – шұғыл емделуге (ота жасау); – кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге. Өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері.
Тармақша 4
4) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде жыл сайынғы өтініш беру бойынша: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді және телефон байланысының қызметтері үшін абоненттік ақыны ұсынылған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 100 пайыз мөлшерінде; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге коммуналдық қызметтерді төлеу үшін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Шортанды ауданының әкімдігі