О внесении изменения в решение Шортандинского районного маслихата от 29 августа 2019 года № С-46/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.