О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/369-6с «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с шешiмiне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы маслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №7/68-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3865 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда «Шымкент келбеті» газетінде №86 болып жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидасы
Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 11 наурыздағы
№62/534-6с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шымкент қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына, «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген), «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес әзiрлендi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік такси – тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 8
8) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 11
11) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – «Азаматтарға арналған үкімет») – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек Шымкент қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде Әкімші – «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі – Әкімші) ұсынылады.
Тармақ 4
4. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) Әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 5
5. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Үлгілік қағиданың
9-тармағына сәйкес бекітілген.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зіл заланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) Үлгілік қағиданың 9-тармағына сәйкес бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi:
Тармақша 1
1) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ
І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
Тармақша 2
2) 22 Наурызда (Наурыз мейрамы) – қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан
(хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Тармақша 3
3) 31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) –мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға;
Тармақша 4
4) 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға.
Тармақ 8
8. 20 АЕК көлеміндегі бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына берiледi:
Тармақша 1
1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Тармақша 2
2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға.
Тармақ 9
9. 60 АЕК көлеміндегі бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек 16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына беріледі.
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысындағы (әрі қарай - ҰОС) Жеңіске қосқан үлесі үшін жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті:
Тармақша 1
1) ҰОС партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге – 114 АЕК;
Тармақша 2
2) ҰОС майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге, сондай-ақ ҰОС кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 114 АЕК;
Тармақша 3
3) әскери қызметшілерге, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (әрі қарай – КСРО) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалалардың қорғанысына қатысып, ҰОС кезеңінде қызмет өткерген адамдарына – 38 АЕК;
Тармақша 4
4) ҰОС кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына не тиісті кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалалардың қорғанысына қатысқан адамдарға – 38 АЕК;
Тармақша 5
5) ҰОС кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға – 38 АЕК;
Тармақша 6
6) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрылымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 38 АЕК;
Тармақша 7
7) бұрынғы КСРО Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрылымдарының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының ҰОС кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ ҰОС бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 38 АЕК;
Тармақша 8
8) бұрынғы КСРО қорғау кезінде жаралануына, контузия алуына, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 38 АЕК;
Тармақша 9
9) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 38 АЕК;
Тармақша 10
10) Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 23 АЕК;
Тармақша 11
11) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 23 АЕК;
Тармақша 12
12) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға – 23 АЕК;
Тармақша 13
13) ҰОС жылдарында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің ата-аналарына, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 23 АЕК;
Тармақша 14
14) қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;
Тармақша 15
15) қайтыс болған ҰОС қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;
Тармақша 16
16) бұрынғы КСРО қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) –12 АЕК;
Тармақша 17
17) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;
Тармақша 18
18) Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;
Тармақша 19
19) ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ ҰОС жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 12 АЕК көлемінде беріледі.
Тармақ 11
11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:
Тармақша 1
1) тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;
Тармақша 2
2) отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адам үшін 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік маңызы бар ауру – туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек ай сайын 5 АЕК мөлшерінде төленеді. Шымкент қаласы емханаларының ай сайын ұсынатын бекітілген тізімі әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме болып табылады.
Тармақ 13
13. 24 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен ауыратын және адамдағы иммундық жетіспеушілік вирусын (АИВ) жұқтырған, сонымен қатар иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына олардың денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысы ретінде беріледі.
Тармақ 14
14. Бір реттік әлеуметтік көмек тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне өмір сапасын жақсарту мақсатында 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Тармақ 15
15. 40 АЕК мөлшерінде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек шипажайлық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге (жолдама):
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне шипажайлық-курорттық емделу тегін;
Тармақша 2
2) зейнет жасындағы азаматтарға шипажайлық-курорттық емделуге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі, бөлінген бюджеттік қаражаты шегінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек баспасөз басылымдарына жазылуға жартыжылдықта бір рет:
Тармақша 1
1) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға беріледі.
Тармақ 17
17. Ай сайын 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға беріледі.
Тармақ 18
18. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, бірінші және екінші топтағы мүгедектердіжәне тірек-қимыл аппараттары бұзылған 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау үшiн әлеуметтiк такси қызметi ұсынылады, ай сайын 60 АЕК мөлшеріндегі ақшалай төлем «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағыЗаңының талаптарына сай Қызмет жеткізушіге беріледі.
Тармақ 19
19. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 20
20. Әкімші әлеуметтік көмек алушыдан өтініш талап етпей, осы Қағиданың 7, 8, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізбесін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде, «Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде қалыптастырады.
Тармақ 21
21. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжат.
Тармақ 22
22. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 23
23. Өмірлік қиын жағдай туындаған соң әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 24
24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2 қосымшасында көрсетілген Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі және 3-қосымшасында көрсетілген Учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Әкімшіге жібереді.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Әкімші әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 26
26. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 27
27. Әкімші учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 28
28. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 29
29. Әкімші өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 30
30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 31
31. Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген қызмет алушы – саяси қуғын-сүргін құрбандары өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты;
Тармақша 4
4) прокуратура органдарының анықтамасы немесе сот шешімі.
Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген қызмет алушы өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдыналу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының анықтамасы;
Тармақша 4
4) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты.
Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген қызмет алушы – 80 жастан асқан жалғызілікті қарттар өзінің немесе сенім білдірген тұлғаның атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты;
Тармақша 4
4) еркін нысандағы екі куәгер (көршілері) көрсетілген акт.
Тармақ 32
32. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін қызмет алушы өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық-курорттық картаның көшірмесі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 33
33. Шипажайлық-курорттық емделу мерзімі он екікүнтізбелік күнді құрайды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауықтыру мекемелерінде жүзеге асырылады және емделу құқығы күнтiзбелiк жыл ішінде бір реттен артық ұсынылмайды.
Тармақ 34
34. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен төленеді.
Тармақ 35
35. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштер бойынша жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес, өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алушы азаматтардың тiзiмiн жасайды.
Тармақ 36
36. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама Әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.
Тармақ 37
37. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу күнінен кейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 38
38. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша бір ай көлемінде хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.
Тармақ 39
39. Әлеуметтік көмек көрсетуден мына жағдайларда бас тартылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Үлгілік қағиданың 9-тармағына сәйкес белгіленген әлеуметтік көмек көрсету үшін.
Тармақ 40
40. Әлеуметтік такси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектерге және ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік такси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібімен көрсетіледі.
Тармақ 41
41. Әлеуметтік такси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын, объектіге бару үшін әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға телефон немесе электронды пошта арқылы беріледі.
Осы Қағиданың 40-тармағында көрсетілген азаматтарға әлеуметтік такси қызметі күніне тек бір объектіге барып келуге ғана беріледі.
Тармақ 42
42. Әлеуметтік такси қызметтерін көрсетуге тапсырыс қабылдау, қызмет алушыны қарсы алу, тұратын жерден әлеуметтік таксиге дейін қызмет алушыны тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), қызмет алушыны және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.
Тармақ 43
43. Тапсырыс беру кезінде қызмет алушы мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефонын, қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, ұшақтың келу/кету уақытын) атайды.
Тармақ 44
44. Диспетчер әлеуметтік такси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны қызмет алушымен келіседі.
Тармақ 45
45. Қызметтерді көрсету кезінде әлеуметтік таксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше қызмет алушының өтінімін орындауға жол беріледі.
Тармақ 46
46. Өтінімді алып тастаған жағдайда қызмет алушы бұл туралы тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.
Тармақ 47
47. Әлеуметтік такси тапсырыс орнына келгеннен кейін қызмет алушыны жиырма минут күтеді. Қызмет алушы келмеген жағдайда тапсырыс алып тасталады, әлеуметтік такси келесі тапсырысқа кетеді, өтінім орындалды деп есептеледі.
Тармақ 48
48. Маршрут бағытын өзгерту қажет болған жағдайда қызмет алушы бұл туралы диспетчерге алдын ала, сапардан екі сағат бұрын телефон арқылы хабарлайды. Егер сапар мекенжайының өзгеруі әлеуметтік такси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.
Тармақ 49
49. Сапар уақытын өзгерту қажет болған жағдайда қызмет алушы бұл туралы диспетчерге алдын ала, сапардан екі сағат бұрын телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе қызмет алушының кешігуі әлеуметтік такси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.
Тармақ 50
50. Әлеуметтік такси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:
Тармақша 1
1) қызмет алушының жұмыс орны;
Тармақша 2
2) қызмет алушының оқу орны;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
Тармақша 4
4) сот, прокуратура;
Тармақша 5
5) әлеуметтік сала объектілері;
Тармақша 6
6) құқықтық кеңес алу орындары;
Тармақша 7
7) нотариус;
Тармақша 8
8) медициналық ұйымдар (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
Тармақша 9
9) әуежайлар, теміржолвокзалдары, автовокзалдар;
Тармақша 10
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.
Тармақ 51
51. Осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес қызметті алушы әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға қызметтерді алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген).
2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы қызметті алушыға қайтарылады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер
Тармақ 52
52. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Шымкент қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 53
53. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ереже
5-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 54
54. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды Әкімші «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
______________________________________ ________________________
(Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) (үйінің мекенжайы, телефоны)
Р/с
№
Отбасымүшелерініңаты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туғанжылы
Өтінішберушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы мәліметтерді
куәландыруға уәкілетті органның лауазымды
адамының аты, әкесініңаты (барболғанда), тегі
_________________________________________ (қолы)
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтажа заматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 2-қосымша
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының)
мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі
_________________________________________________
2.Тұратын мекенжайы _____________________________________________
_________________________________________________________________
3.Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиынжағдай
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4.Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:
Р/с №
аты, әкесініңаты (бар болғанда), тегі
Туғанкүні
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)
Жұмыспен қамтылмау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиынжағдай
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері____ адам.
Балалардың саны: _____________________________________________ жоғары
және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны
жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына жәнеҰлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80
жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санаттық осу
керек)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше –
көрсету керек):
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с №
Табысы бар отбасы мүшелерінің (өтініш берушінің) аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жеручаскесі (жерүлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
Орта есеппен айына
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылғанжылы, құқық
беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі
____________________________________________________________________
10.Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________ __________________________
Комиссия мүшелері: ________________________ __________________________
________________________ ________________________
________________________
________________________ ________________________
________________________
(қолдары) (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) Жасалған актімен таныстым:
____________________________________ Өтініш берушінің (аты, әкесінің аты
(бар болғанда), тегі) және қолы
Тексеру жүргізілуден бастартамын ______________________ өтініш берушінің
(немесе отбасы мүшелерінің бірінің) (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) және
қолы, күні
_________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бастартқан жағдайда толтырылады)
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 3-қосымша
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______ Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиынжағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) өтінішін және оған
қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің
(отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың
туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы:__________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________
_______________________ __________________
____________________________________
__________________ _________________________________
______________________
_________________________________ (қолдары) (аты, әкесінің аты (бар
болғанда), тегі)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________
қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар
болғанда), тегі, лауазымы, қолы __________