О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/369-6с «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидаларындағы:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына берiледi:
Тармақша 1
1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 20 АЕК;
Тармақша 2
2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 36 АЕК.»;
10-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) мерекелі және айтулы күндерге ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне – 360 АЕК;»;
10-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.