О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/383-6с «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Шымкент» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
«9. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады»; 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 14
«14. Ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және ұйымның байланыс деректері, аулаған жануар туралы ақпарт (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суреті болады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады»; 24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 24
«24. Ауланғаннан кейін 3 күн өткеннен кейін, талап етілмеген емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады».
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.