О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/384-6с «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в городе Шымкент» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «ұстау» деген сөз «асырау» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; 2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; көрсетілген шешімнің «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары» қосымшасында: бүкіл мәтін бойынша «ұстау», «ұстауға», «ұстауы» деген сөздер тиісінше «асырау», «асырауға», «асырауы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; 3-тармақта: 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;»; 3), 4) тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; «7) ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;»; 2-тараудың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шымкент қаласының аумағында тұратын барлық иттер мен мысықтар (бұдан әрі – жануарлар) бірыңғай бірдейлендіру бойынша базасына тіркеуге жатады.»; 5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 9-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі жануарлар 3 (үш) айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады. Жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау үшін биостерилизациялау шаралары қолданылады.»; 16-тармақта: бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) егер вакцинация жұмысын жүргізудің ең төменгі жасына (иттер мен мысықтар үшін – 3 (үш) айлық мерзім) жетпеген жануарлар әкелінсе немесе шығарылса, паспортта вакцинация туралы белгі қоймай жануарды қаладан шығаруға немесе басқа қаладан әкелуге жол беріледі.»; 21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 23-тармақ алып тасталсын; 24-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 25-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 27-тармақта: 2) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 4) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 8) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.