О внесении изменения в постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2020 года № 1447 «Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Петропавловске» Күшін жойған
Басқа 0
«Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.