О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 156 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на туристскую операторскую деятельность (туроператорская деятельность)» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында: 1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті астана, облыс, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал), «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы» цифрлық жүйесі www.elicense.kz (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде баяндалған. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, «цифрлық үкімет» операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.»; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды ЕЛ МДБ қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды ЕЛ МДБ тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға ЕЛ МДБ жеке кабинетіне жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ЕЛ МДБ береді. 6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбеде 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді. Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.»; 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі. 10. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде жүргізіледі.»; көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі)»
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 8 шілдедегі № 116 бұйрыққа 1-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» қағидаларына 1-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі)» 1. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ті (ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет) жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру 2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы 1) Шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы 2) Ке­лу ту­риз­мі мен іш­кі ту­ризм са­ла­сын­да­ғы 3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аста­на, об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі Бар­лық кі­ші түр­лер үшін: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі Шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы – пор­тал­ға жү­гін­ген сәт­тен ба­стап мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі: ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру – 6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей; ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де; ли­цен­зи­я­ны бө­лу, заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бас­қа заң­ды тұл­ға­дан бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу – 6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей. Ке­лу ту­риз­мі мен іш­кі ту­ризм са­ла­сын­да­ғы – пор­тал­ға жү­гін­ген сәт­тен ба­стап мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі: ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру – 6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей; ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де; ли­цен­зи­я­ны бө­лу, заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бас­қа заң­ды тұл­ға­дан бө­лі­ну ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу – 6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей. 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны Бар­лық кі­ші түр­лер үшін: элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған) 7. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі Кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша: Ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке (ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет­ке) ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сын­да­ғы ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу, неме­се осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тіз­бе­сін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке (ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет­ке) ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, ке­лу ту­риз­мі мен іш­кі ту­ризм са­ла­сын­да­ғы ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу, неме­се осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тіз­бе­сін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым 2025 жы­л­ғы 18 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Са­лық Ко­дек­сі­нің 616-ба­бы­ның 4 -тар­ма­ғы­на сәй­кес тө­ле­не­ді: 1) ту­ри­стік қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті (бұ­дан әрі – АЕК) құ­рай­ды; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та рә­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10%-ын құ­рай­ды. Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ақ­ша ны­са­нын­да не екін­ші дең­гей­лі банк­тер және банк­тік опе­ра­ци­я­лар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы тө­леу «цифр­лық үкі­мет» тө­леу шлю­зі (бұ­дан әрі – ЦҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 9. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және цифр­лық объ­ек­ті­лер­дің жұ­мыс гра­фи­гі Қыз­мет көр­се­ту­ші - дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес қо­сым­ша түс­кі үзіл­іспен, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке өті­ніш­ті қа­был­дау және нәти­же­сін бе­ру са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін. Пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де, жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). ЕЛ МДБ - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де, жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жүр­гі­зі­ле­ді). 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­са­нын­да заң­ды тұ­лға­лар­дың ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға өті­ні­ші неме­се осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­са­нын­да же­ке тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға өті­ні­ші, элек­трон­ды құ­жат тү­рін­де; 2) ЦҮТШ ар­қы­лы тө­ле­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу үшін: 1) ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­са­нын­да заң­ды тұ­лға­лар­дың ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­де­у­ге өті­ні­ші неме­се осы Қа­ғи­да­лар­дың 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­са­нын­да же­ке тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­де­у­ге өті­ні­ші, элек­трон­ды құ­жат тү­рін­де; 2) ЦҮТШ ар­қы­лы тө­ле­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) ақ­па­рат­ты мем­ле­ке­тік цифр­лық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те рә­сім­дел­ген, бө­лін­ген заң­ды тұл­ға­ға ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу заң­ды тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі ту­ра­лы ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (қай­та ұй­ым­да­сты­ру нәти­же­сін­де бө­лін­ген ны­сан­да); 5) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет Осы қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гі ту­ра­лы бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры қой­ы­ла­ды, мә­лі­мет­тер ны­са­ны элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де. Заң­ды тұ­лға­лар­дың бө­лі­нуі нәти­же­сін­де туын­да­ған бі­ре­уіне ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та рә­сім­деу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кес қо­сым­ша құ­жат­тар­дың және мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін ұсы­на­ды. Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу ту­ра­лы) ту­ра­лы, ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­ден ала­ды. 11. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да қыз­мет­ті алушы­ның осы са­на­ты үшін ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы; 2) ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі; 3) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет алушы­ның ту­ри­стік опе­ра­тор­лық қыз­мет­ке қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сай кел­ме­уі; 4) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­л­ген қыз­мет алушы­ға қа­ты­сты ту­ро­пе­ра­тор­лық қыз­мет­ті тоқ­та­та тұ­ру неме­се тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот үкі­мі­нің бо­луы; 5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­мы негі­зін­де сот­тың қарыз­гер – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы; 6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сай кел­ме­уі (бө­лу неме­се бө­лі­ну ны­са­нын­да заң­ды тұл­ға­ның қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луы негі­зін­де); 8) егер бұ­рын ли­цен­зия ли­цен­зи­ат заң­ды тұ­лға­лар­дың бө­лі­нуі нәти­же­сін­де бас­қа заң­ды тұл­ға­ға рә­сім­дел­се (бө­лу неме­се бө­лі­ну ны­са­нын­да заң­ды тұл­ға­ның қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луы негі­зін­де); 9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы за­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы. 12. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де цифр­лық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар­ды көз­дей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 74 17 34, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 77 77.
Басқа 2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
бұйрыққа 2-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ____________________________ (атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі) ___________________________ (филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының ____________________________ өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші ___________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта____________________________________________________ Телефон_____________________________________________________________ Факс _________________________________________________________________ Банк шоты ____________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі Қоса беріледі___________парақ. Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады; Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 3. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
бұйрыққа 3-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша Нысан _______________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), _______________________ жеке сәйкестендіру нөмірі Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші ____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефон _____________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты ___________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі) Қоса беріледі ___________парақ. Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады; Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:__________________________________________ ____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
бұйрыққа 4-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша Нысан ____________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ____________________________ (атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлға) ____________________________ филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының өкілдігінің ____________________________ бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда) Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші ____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ «___» лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын: 1) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліну ____ бөлу ____; 2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________; 3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі __________________; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптың болуы _________________________________________________________________; 5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі __________________. Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________ ___________________________________________________________________ (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта _________________________________________________ Телефон ___________________________________________________________ Факс ______________________________________________________________ Банк шоты _________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ____________________________________ ___________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі Қоса беріледі _______________ парақ. Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады; Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 5. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
бұйрыққа 5-қосымша «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша Нысан ____________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ____________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші _____________________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ «___» лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ____________________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын: 1) дара тұлға-көрсетілетін алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі__________________________; 2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі ____________________________________________________________________; 3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның заңды мекен-жайының өзгеруі______________________________________; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптардың болуы__________________________________________; 5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі _____________________. Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы __________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі) Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефон _____________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты ___________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері) Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі Қоса беріледі___________парақ. Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады; Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: ____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)