О внесении изменений в решение акима Культабанского сельского округа от 29 сентября 2020 года № 21 «Об установлении карантина» Күшін жойған
Басқа 0
Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 «Карантин белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Көлтабан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көлтабан ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 21 «Карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7514 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің мәтінінде:
3 және 4 реттік нөмірлері 2 және 3 болып ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
2 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.