О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 246 «Об утверждении Порядка проведения капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума» Қолданыста
Басқа 0
«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы №20536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы жүзеге асырады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді Оператор осы тәртіпке сәйкес пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы таңдаған мердігерлік ұйымды және техникалық қадағалау жөніндегі ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 41-бабына сәйкес, бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.