О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 336 «Об утверждении перечня государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования, первые руководители которых назначаются на должности и освобождаются от должностей Правительством Республики Казахстан, правил их назначения на должности, освобождения от должностей и аттестации» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақта: 1) тармақша алып тасталсын; 2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларында: тақырыпта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.