О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан 29 апреля 2020 года № 432 «Об утверждении Правил осуществления взаимодействия администратора с уполномоченным органом и иными лицами электронным способом» Қолданыста
Басқа 0
«Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
Қағидалардың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай:
«2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке кабинет – жүйені пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
2) пайдаланушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну, іздеу және тарату процестеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
3) цифрлық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, жинау, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған уәкілетті органның жүйесі;
3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды пайдаланушының жеке кабинеті арқылы цифрлық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.
4. Пайдаланушы жеке кабинетке қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) алады.»;
Қағидалардың 7-тармағы мынадай:
«7. Уәкілетті орган электрондық құжаттардың цифрлық жүйесі қабылдаған сәттен бастап пайдаланушыға ақпаратты (мәліметтерді) қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Басқа 1. Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 450
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432
бұйрығымен бекітілген
Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылын электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшінің оңалту және банкроттық саласандағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, жинау, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған уәкілетті органның жүйесі;
Тармақша 2
2) жеке кабинет – жүйені пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
Тармақша 3
3) пайдаланушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, ұсыну, іздеу және тарату процестеріне қатысатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар.
Тарау 2. 2-тарау. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне пайдаланушының электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Пайдаланушының электрондық тәсілмен уәкілетті органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ақпараттық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Пайдаланушы жеке кабинетке қол жеткізу үшін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) алады.
Тармақ 5
5. Рұқсатты алғаннан кейін пайдаланушы уәкілетті органға сұраныс жолдап оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізуге қатысты ақпаратты (мәліметтерді) электрондық құжаттар нысанында одан алады.
Тармақ 6
6. Пайдаланушы электрондық құжаттарды коммуникациялық желі бойынша уәкілетті органға оларды тапсыру үшін Заңмен белгіленген мерзімнің соңғы күнінің төрт сағатынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган электрондық құжаттардың ақпараттық жүйесі қабылдаған сәттен бастап пайдаланушыға ақпаратты (мәліметтерді) қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның функцияларына ЭЦҚ арқылы куәландырылған қол қойылған пайдаланушыдан электрондық құжатты қабылдау және өңдеу жатады.
Тармақ 9
9. Пайдаланушы:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға электрондық құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) электрондық құжаттармен алмасу жүргізілетін өзінің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ЭЦҚ жеке жабық кілтінің сақталуын қамтамасыз етеді, оның жоғалуын, ашылуын, бұрмалануын және рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;
Тармақша 4
4) бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзінің ЭЦҚ-ның жабық кілтін рұқсатсыз пайдаланудың немесе бұрмалаудың барлық жағдайлары мен күдігі туралы хабарлайды.