О внесении изменений в решение Маслихата города Атырау от 29 июня 2020 года № 506 «Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 506 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және Атырау қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 505 «Атырау қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 1091 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 506 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 болып тіркелген, 2020 жылы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін.»;
Тармақша 2
2) осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (Г. Дүсіпова) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 56 шешіміне 1-қосымша Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
Тармақ 1
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
Тармақша 1
1) жетімдерге;
Тармақша 2
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
Тармақша 3
3) қадағалаусыз қалған, оның ішінде, девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 4
4) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 5
5) туғаннан бастап ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі үш жасқа дейінгі балаларға;
Тармақша 6
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылғандарға;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінен шектелгендерге;
Тармақша 8
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;
Тармақша 9
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшырағандарға;
Тармақша 10
10) баспанасыздарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);
Тармақша 11
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде болғандарға;
Тармақша 13
13) барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға;
Тармақша 14
14) ардагерлерге;
Тармақша 15
15) аз қамтылған отбасыларға.
Тармақ 2
2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар 6 (алты) ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Басқа 24. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі
Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 56 шешіміне 2-қосымша Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі Коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай келесідей санаттағы азаматтарға беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
Тармақша 2
2) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
Тармақша 3
3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
Тармақша 4
4) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
Тармақша 5
5) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Тармақша 6
6) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
Тармақша 7
7) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
Тармақша 8
8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
Тармақша 9
9) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
Тармақша 11
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
Тармақша 12
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
Тармақша 13
13) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
Тармақша 14
14) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
Тармақша 15
15) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары. Аббревиатураның ажыратып жазылуы: КСР-Кеңестік Социалистік Республикалар