О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 29 декабря 2020 года № 65-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 «Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының «Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 65-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6767 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.