О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств» и приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 726 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств» Қолданыста
Басқа 0
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына және «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы
№ 726 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.»;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес қабылданатын тіркеуші органның ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу құрылтайшының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
Құрылтайшының жеке қатысу қажеттілігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.»;
9-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3. Заңды тұлғаның орналасқан жері мекенжайының дұрыстығын тексеру цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
Тексеру барысында «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесінде мекенжайдың болуы және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына сәйкес көрсетілетін объектінің санаты айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38643 болып тіркелген).»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңның 6-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен «цифрлық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілері арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізіледі.
Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрлық объектілері арқылы жіберілген электрондық дауыс беру хаттамасының негізінде жүргізілуі мүмкін.
11. Саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) және діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 6-2-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілерінің негізінде жүргізіледі.
12. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 6-3-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілерінің негізінде жүргізіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 және 7 – қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбесі) көзделген тізбесі бойынша құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе «Цифрлық үкіметі» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 11-бабында көзделген мерзімдерде, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбей, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
26. ЗТ МДҚ цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда қызмет беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.»;
көрсетілген Қағидалардың 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілерінің негізінде жүргізіледі.»;
6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-2. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес қабылданатын тіркеуші органның ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу құрылтайшының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
Құрылтайшының жеке қатысу қажеттілігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 5 - қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбесі) көзделген тізбесі бойынша құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 11-бабында көзделген мерзімдерде, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбей, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
19. ЗТ МДҚ цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда қызмет беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.»;
көрсетілген Қағидалардың 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшалары осы бұйрықтың 8, 9, 10, 11, 12 және 13 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
6-7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес Министрлік айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілерінің негізінде жүргізіледі.
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініш береді (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидалардың 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша және Тізбесі бойынша құжаттар «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 3-қосымшасына (бұдан әрі – тізбесі) сәйкес мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталында: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
31, 32, 33 және 34 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Заңның 14-1-бабында көзделген мерзімдерде, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбей, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
32. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы, 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес анықталған уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
33. ЗТ МДҚ цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себебін айқындау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
34. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.»;
көрсетілген Қағидалардың 1, 2, 3 және 4 қосымшалары осы бұйрықтың 14, 15, 16 және 17 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініштің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктердің цифрлық объектілерінің негізінде жүргізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – қызмет алушы) қызмет берушінің орналасу мекенжайы бойынша Мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға берілген 1-қосымшаға сәйкес өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға берілген 2-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбесі) қарастырылған тізім бойынша құжаттар жинағын ұсынады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
19, 20, 21 және 22 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Заңның 16-бабында көзделген мерзімдерде, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 19-1-бабына сәйкес тыңдау рәсімін өткізбей, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
20. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
21. ЗТ МДҚ цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.»;
көрсетілген Қағидалардың 1, 2 және 4 қосымшалары осы бұйрықтың 18, 19 және 20 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматта өтініш (бұдан әрі – өтініш) – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбесі) көзделген тізбесі бойынша құжаттар топтамасы тапсырады: www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
12. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.»;
көрсетілген Қағидалардың 1 және 2 қосымшалары осы бұйрықтың 21 және 22 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электронды түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі-өтініш) мемлекеттік корпорацияға немесе «Цифрлық үкімет» веб-порталында: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 4 - қосымшаларға сәйкес (бұдан әрі – Тізбесі) сұраныс жасайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сұраныс «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) цифрлық жүйесіне келіп түседі және ақпарат беру ЗТ МДҚ 20 минутта қарастырылады. «Сұраныс қарастырылуда» статусы Сіздің сұранысыңыздың қарастырылып жатқанын білдіреді. Сұраныс қарастырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға «Сұраныс оң нәтижемен қарастырылды» деген статус беріледі және оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 2-3 қосымшаларға сәйкес анықтама қалыптастырылады, заңды тұлға туралы мәлімет болмаған жағдайда мәліметтің жоқтығы туралы нәтиже көрсетіледі.»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы, 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес анықталған уәкілетті орган бекіткен тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
12. ЗТ МДҚ цифрлық жүйесі істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулар туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.»;
көрсетілген Қағидалардың 4 - қосымшасы осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 726 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33555 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжатты Мемлекеттік корпорацияның филиалдары немесе «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.»;
13-14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
14. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) және қызметті алушыны дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін айқындау анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.»;
көрсетілген Қағидалардың 1, 2, 4 және 5 қосымшалары осы бұйрықтың 24, 25, 26 және 27 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 721 Бұйрыққа
1-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда)
1. Ұйымдық нысан: _____________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысан: _____________________________________
3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:
ҰҚН көрсетілмеген мемлекеттік тілдегі атауы____________________________
ҰҚН орыс тіліндегі көрсетілмеген атауы________________________________
ҰҚН көрсетілген ағылшын тіліндегі атауы:___________________________
мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы:_________________________________
орыс тіліндегі қысқаша атауы: ____________________
ҰҚН көрсетілген ағылшын тіліндегі қысқаша атауы: ___________
4. Басшы: ТАӘ/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/жарамдылық мерзімі,
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН:______________
5. ЗТ уәкілетті органының басшыны тағайындау туралы шешімі ________
шешім нөмірі: ____________________ шешім күні:_____
6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға:
ЖСН/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), салым мөлшері ___жарғылық
капиталдағы үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН __________________________, ұйымның атауы, салым мөлшері
______________________ жарғылық капиталдағы үлесі % _____
6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаларға: ЖСН (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың
деректері, ТАӘ, азаматтығы, салым мөлшері _________
жарғылық капиталдағы үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның
атауы, тіркеу (елі) юрисдикциясы, орналасқан жері, салым мөлшері ___________________
_ жарғылық капиталдағы үлесі % ______
7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________ , Жоқ __________
8. Бенефициар(-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе резиденттік
елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері заңды тұлғаның
жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі
орналастырылған акциялардың мөлшері_____________________
9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекенжайы: __________________
Мекенжайының типі:
Өзінің жылжымайтын мүліктің мекенжайы___________________________
Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайы ________________
Мекенжайдың тіркеу коды_________________
Мекенжай:_________________________________________Облыс
___________________________, қала, аудан, ауылды өңір, қаладағы
аудан:_______________________________________ ауыл, кент
мекен_____________________________ елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл):
________________________
жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________
сәйкестендіру деректері: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,
блок нөмірі __________ пәтер ________________________
пошталық индекс:_________телефон (факс) нөмірі_____________
электрондық пошта нөмірі_______________________________
10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекенжай бойынша автоматты түрде
толтырылады):_________________________________
11. Негізгі экономикалық
қызмет түрінің коды: ________________________
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: _______
(кемінде 1 адам)
13. ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу: Иә ______, Жоқ _________
14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу.
15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ___________________________
16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): ___________________
17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): _______________________
18. Телефон нөмірі: _____________________________________________
19. Атқарушы орган туралы мәлімет:
Жеке __________, алқалы__атқарушы органның атауы ___________________________
20. Сақтандыру компанияны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________
21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ____________________________
22. Сақтандыру мерзімінің басталуын және аяқталуын көрсету:
Сақтандырудың басталу күні________________________________________
Сақтандырудың аяқталу күні_______________________________________
23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін______
Ескертуге:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма
бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды
жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар
жасайтын жеке тұлға.
Басқа 2. ____________________________________________________
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 2-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________________________________
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) заңды тұлға _______
2) филиал ________
3) өкілдік ________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы ____________________
___________________________________________________
3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел инвесторларының қатысуы
(тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә __________________________
2) жоқ __________________________
4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы
Мекенжайдың тіркеу коды: _________________
Пошталық индексі: ________
Облысы: _____________________________________
Қала, аудан: ___________________________________________________
Елді мекен, қаладағы аудан: ____________________
Ауыл, кент: ___________________________________________________
Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): _____________________
Үйдің нөмірі: ______ орынжай: __________________________________
Телефон нөмірі: _________________________
Электрондық пошта:______________
5. Басшының ТАӘ ________________________________________________
ЖСН___________________________________________________________
6. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, саны
цифр түрінде):
1) заңды тұлға _______________
2) жеке тұлға________________________
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
БСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (шетелдік заңды тұлғалар үшін)
__________________________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) __________
Жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты _____
ЖСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (шетелдік заңды тұлғалар
үшін) _________________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Салым сомасы (мың теңге) _________
Егер құрылтайшылар саны біреуден асатын жағдайда олар туралы мәліметтер:
ТАӘ, ЖСН салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (жеке тұлға үшін), атауы,
БСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (заңды тұлға үшін), сондай-ақ олардың
жарғылық капиталдағы пайыз түріндегі және ақшалай үлестің жеке парақта өтінішке қоса
тіркеледі.
7. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе резиденттік елдегі
шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері заңды тұлғаның жарғылық
капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған
акциялардың мөлшері
_________________________________________________
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ____________
9. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
10. Жарғылық капиталдың мөлшері __________________________________
11. Филиал (өкілдік) құрушы заңды тұлға туралы мәліметтер
Заңды тұлға (резидент емес)
Атауы ___________________________________________________
БСН, (жоқ болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірінің аналогы немесе елді мекен коды
көрсетіледі)______
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны ___
13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________________
14. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х
түрінде көрсетіңіз):
1) қайта құру ________________ 2) қосылу ____________________________
3) бөлініп шығу ______________ 4) бөліну ____________________________
15. Үлгі жарғы бойынша әрекет етеді:
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін_________
Өтінішке: ___________________________________________________
_____________________________________________________ қоса беріледі.
20____ жылғы «___» __________ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
Ескертуге:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес
пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге
асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын
жеке тұлға.
Басқа 3. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 3-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның атауы __________________________________________
_________________________________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) толық серіктестік ____________ 2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік _
3) сенім серіктестігі ____________ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ____
3. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ______________________ 2) жоқ ________________________________
4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ______________________ 2) жоқ________________________________
5. Заңды тұлғаның орналасқан жері
Мекенжайдың тіркеу коды: ______________ Пошталық индексі: ____________
Облыс: _________________________
Қала, аудан: _______________________________________
Елді мекен, қаладағы аудан:_________________________________________
Ауыл, кент: ________________________________________
Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): _____________________
Үйдің нөмірі: ______ орынжай: __________________________________
Телефон нөмірі: ______________________ Электрондық пошта: _________________
6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________
(ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері) ___________________
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,
Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда)
немесе резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні,
тұрғылықты жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе
бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
___________________________________________________________
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
9. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
10. Жарғылық капиталдың мөлшері __________________________________
11. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түріндекөрсетіңіз,
мөлшері сан түрінде):
1) заңды тұлға ________________ 2) жеке тұлға _______________________
Заңды тұлғаның атауы ____________________________________________
(БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Үлес сомасы (мың теңге)________
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_________________________________________________________________
(ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) _________
Егер құрылтайшылар саны бірнеше болған жағдайда олар туралы мәліметтер:
қосымшапарақта (жеке тұлға) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ЖСН және азаматтың
жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін
немесе ел кодын, (жеке тұлға үшін) БСН көрсете отырып атауын, салық тіркеліміндегі
аналог нөмірін немесе ел кодын (заңдытұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылық
капиталдағы пайыз түріндегіжәне ақшалайүлесін көрсете отырып ұсынады.
12. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыреті:
_________________________________________________________________
13. Тексеру комиссиясының мерзімін көрсетіңіз (жеке ревизор):
_________________________________________________________________
14. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны ___________
15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________________________
2) орта кәсіпкерлік субъектісі_________________________________
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
16. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х
түрінде көрсетіңіз):
1) қайта құру___________________________________________
2) қосылу____________________________________________________
3) бөлініп шығу_________________________________________________
4) бөліну_______________________________________________________
17. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны_________
18. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы _____________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________
19. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)__________________________________
20. Бөлініп шығу жағдайында келесі мәліметтерді көрсету керек:
Бөлініп шыққан жаңа заңды тұлғаның атауы___________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН__________________________________)
21. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атау_____________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)__________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін ____________.
Өтінішке:________________________________________________________
_________________________________________________________________
_____________________________________________________________ қоса беріледі.
20___ жылдың «____»_______________________________________
Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қатысушылардыңтiзiлiмiн
жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда - жалпы жиналыстыңқұрылтайшыларының
хаттамасымен өкілетті тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын шаруашылықсеріктестіктерін
қоспағанда, қол(дар) қою шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес
пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге
асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын
жеке тұлға.___________________________________________
Басқа 4. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 4-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Тіркелетін акционерлік қоғамның атауы_________________________
2. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ___________________ 2) жоқ_____________________
3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ___________________ 2) жоқ_____________________
4. Акционерлік қоғамның орналасқан жері
Мекенжайдың тіркеу коды: ______________
Пошталық индексі: ___________ Облыс: _____________________
Қала, аудан: ____________________________________________
Елді мекен, қаладағы аудан:______________________________________
Ауыл, кент:_____________________________________________________
Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): _____________________
Үйдің нөмірі: ______ орынжай: ___________________________________
Телефон нөмірі: __________________________ Электрондық пошта:___________
5. Басшының Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)__________________________
(ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз _________
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә.,
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе
резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты
жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық
меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
_______________________________________________________________________
____________________
8. Жарғылық капиталдың мөлшері ___________________________________
9. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
10. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, санын цифр
түрінде):
1) заңды тұлға _______________ 2) жеке тұлға _________________________
11. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін
көрсетіңіз: ___________________________________________
(бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі болған жағдайда
қандай да болса көрсеткішке қатысты қайта есептелген)
12. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу кезеңділігін көрсетіңіз:
___________________________________________________________
13. Міндетті жариялауға жататын ақпаратты басып шығару үшін қолданатын бұқаралық
ақпарат құралдарын көрсетіңіз: _____________________________________
_________________________________________________________________
14. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны__________________________
(Үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға қолданылады)
15.Қоғамды басқару мүшелерінің саны _______________________________
16. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _______
17. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ____ 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі ___
18. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х
түріндекөрсетіңіз):
1) қайта құру _______________ 2) қосыл_____________________________
3) бөлініп шығу _____________ 4) бөліну _____________________________
19. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың мөлшері _______
20. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек
Заңды тұлғаның бұрынғы _________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________________
21. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_________________________________
22. Бөлініп шығу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Одан жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан қолданыстағы заңды тұлғаның атауы
_________________________________
_____________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)__________________________________
23. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Оның негізінде заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы
________________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)__________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін________________________
Өтінішке:_______________________________________________________
_________________________________________________________________
_____________________________________________________ қоса беріледі.
20__ жылғы «_____» ______
Басшының қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не
орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары
шегеріле отырып) жиырма бес пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі,
заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен
және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
Басқа 5. ______________________________________________________________
Бұйрыққа 5-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
6-қосымша
Нысан
______________________________________________________________
Қызметін үлгілік жарғы негізінде өзінің жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Өндірістік кооперативтің атауы___________________________________
2. Құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________________ 2) жоқ______________________________
3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________________ 2) жоқ _____________________________
4. Өндірістік кооперативтің орналасқан жері
Мекенжайдың тіркеу коды: ______________ Пошталық индексі: ______
Облыс: ____________Қала, аудан: ________________________
Елді мекен, қаладағы аудан:_____________________________________
Ауыл, кент: ________________________________________
Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): _____________________
Үйдің нөмірі: ______ орынжай: ______________________________
Телефон нөмірі: __________________________ Электрондық пошта: ____________
5. Басшының Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)___________________________
(ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ______
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә., жеке
басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе резиденттік
елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері заңды тұлғаның
жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі
орналастырылған акциялардың мөлшері ________________
8. Капиталдың мөлшері: ________________________________________
9. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
10. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, саны цифр
түрінде):
1) заңды тұлға ____________ 2) жеке тұлға__________________________
11. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)______________________
(ЖСН және азаматтың жеке куәлігінің мәліметтері, аналогы немесе_елдің коды (шет ел
жеке тұлғалары үшін)_________________________________________ пай мөлшері % ____
мүліктік жарна _________________________________________
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)__________________________
ЖСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы немесе елді мекен коды (шетелдік жеке тұлға
үшін) ___________________________________
пай мөлшері % мүліктік жарна __________________________________________
Егер құрылтайшылар саны бірнеше болған жағдайда олар туралы мәліметтер:
қосымша парақта (жеке тұлға) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ЖСН және азаматтың
жеке куәлігінің мәліметтерін көрсете отырып, салық тіркеліміндегі аналог нөмірін
немесе ел кодын, сондай-ақ олардың паймөлшерін, мүліктік жарнасын көрсете
отырып ұсынады.
12. Кооператив мүшелерінің мүліктік салым салудың тәртібі, әдістері және мерзімі
_____________________________________________________________
_________________________________________________________________
13. Кооператив пен оның мүшелерінің, атқару органының және еңбек ұйымы арасындағы
байланыс: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Тексеру комиссиясының құрамы _________________________________
15. Тексеру комиссиясын сайлау мерзімі _____________________________
16. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен)____________
17. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _______ 2) орта кәсіпкерлік субъектісі ____
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі ____________________
18. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х түрінде
көрсетіңіз):
1) қайта құру _____________________ 2) қосылу_______________________
3) бөлініп шығу ___________________ 4) бөлін________________________
19. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың мөлшері ________
20. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы_____________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________
21. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН___________________________________
22. Бөлініп шығу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Бөлініп шыққан жаңа заңды тұлғаның атауы___________________________
Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________
23. Бөлінген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы____________
_________________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін______
Өтінішке: ___________________________________________________
_______________________________________________________қоса беріледі.
20 __ жылғы «___»_________________________
Басқару кооперативі (төраға) басшысының қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес
пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге
асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын
жеке тұлға.
Басқа 6. Орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) өтініш
Бұйрыққа 6-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайдан басқа) өтініш
1. Ұйымдық нысаны: ______________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысаны: _______________________________________
3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:
Мемлекеттік тілдегі ҰҚН көрсетусіз атауы____________________________
Орыс тіліндегі ҰҚН көрсетусіз атауы_________________________________
Ағылшын тіліндегі ҰҚН атауы: _______________________________________
Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: ___________________________________
Орыс тіліндегі қысқаша атауы: _______________________________________
Ағылшын тіліндегі қысқаша ҰҚН атауы: ______________________________
4. Басшысы: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы),
беру органы/жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері,
соның ішінде ЖСН: ______________
5. ЗТ уәкілетті органының басшыны тағайындау бойынша шешімі _________
шешім нөмірі: ____________________ шешім күні: __________________
6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға:
ЖСН/ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), салым мөлшері ___________ жарғылық капиталдағы
үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН __________________________, ұйымның атауы,
салым мөлшері ______________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______
6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаларға: ЖСН (егер бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда), азаматтығы, салым мөлшері _______________ жарғылық капиталдағы
үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы,
юрисдикция (ел) тіркеу, орналасқан жері, салым мөлшері ____________________жарғылық
капиталдағы үлесі % ______
7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________, Жоқ __________
8. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, Т.А.Ә., жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе резиденттік елдегі
шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері заңды тұлғаның жарғылық
капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың
мөлшері _________ ________________________________________________________________
9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекенжайы: ___________________
Мекенжайының типі:
Өзінің жылжымайтын мүліктің мекенжайы___________________________
Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайы _________________
Мекенжайдың тіркеу коды__________________________________________
Мекенжай: ________________________________________________________
Облыс ___________________________, қала, аудан,_____________________
ауылды өңір, қаладағы аудан:________________________________________
ауыл, елді мекен__________________________________________________
елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): __________________________
жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат _____________
сәйкестендіргіш нөмірлер: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,
блок нөмірі __________ пәтер ____________ пошталық индекс: __________
10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекенжай бойынша автоматты түрде толтырылады):
_____________________________________________________
11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: _________________________
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: ________
13. ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу: Иә ______, Жоқ _________
14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу.
15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ____________________________
16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): ____________________
17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________________
18. Телефон нөмірі: ________________________________________________
19. Атқарушы орган туралы мәлімет:Жеке ______________________, алқалы
Атқарушы органның атауы__________________________________________
20. Қаржыландыру көзі (анықтамалықтан таңдау): ______________________
21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен _____________________________
22. Сақтандырудың басталу және аяқталу мерзімін көрсету:
Сақтандырудың басталу күні_________________________________________
Сақтандырудың аяқталу күні_________________________________________
23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін_________
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес
пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге
асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын
жеке тұлға.
Басқа 7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 7-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
8-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін-мемлекеттік тіркеу турлы өтініш.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу.
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу.
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу-Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де цифрландыру объектілері;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу-Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де цифрландыру объектілері;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де цифрлық объектілері.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу - порталда, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күн ішінде көрсетіледі.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу-коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Ұлттық тізілімдер Заңы) сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу шетелдік коммерциялық емес ұйымдар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс, қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі келесі күні.
4. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
5. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу Ұлттық тізілімдер туралы Заңға сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш - электронды (ішінара цифрландырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу - Электронды (ішінара цифрландырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - Электронды (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде;
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу - Электронды (ішінара цифрландырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде.
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу-осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не көрсетілетін қызметті берушінің электронды құжат түрінде электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу - осы Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді бұйрық.
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу –анықтама немесе осы осы тізімнің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу - анықтама немесе осы тізімнің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу тегін;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу – ақылы;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - ақылы;
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу – ақылы.
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметке ақы төлеу тіркеу алымы белгіленген.
Тіркеу алымының сомасы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Салық кодексімен (бұдан әрі-Кодекс) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Коммерциялық ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның (бұдан әрі-Заң) 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1. Комитет және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің/ Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарттары: мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалады.
3. Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар бөлінісінде құжаттар тізбесі, сондай-ақ қызметтердің ішкі түрлері:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу.
Мемлекеттік корпорацияға шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;
Шетелдік қатысуы бар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы-шетелдік-құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық ұйымды Қазақстан Республикасында тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариалды түрде куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен басқа да жария етілген құжаттың көшірмесі.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер ұсынылады: заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш;
өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Қағидалардың қосымшаларына сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы және банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым оқиғалардан (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) міндетті сақтандыруға өтініш (бұдан әрі – өтініш).
Мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
Сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, Заңға сәйкес, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, онда:
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариалды түрде куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен басқа да жария етілген құжаттың көшірмесі;
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі қосымша беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Акционерлік қоғам: өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы; құрылтай жиналысының хаттамасы не жалғыз қатысушының шешімі; шағын және орта субъектілерге жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, түбіртек немесе мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын өзге құжат немесе Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Толық серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Өндірістік кооператив: құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі; жарғы; құрылтай шарты;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Тұтыну кооперативі: жарғы; құрылтай шарты; құрылтай жиналысының шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат; тұтыну кооперативі азаматтар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, ЖСН және азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген осы кооператив мүшелерінің тізімін ұсынады және заңды тұлғалар үшін атаулары, орналасқан жері, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік кәсіпорын: жарғы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімі; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік мекеме: мемлекеттік мекемені құру туралы шешім; ереже (жарғы); мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі: тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру туралы шешім; жарғы; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат; олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және ЖСН көрсетілген осы кооперативтер мүшелерінің тізімі.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі: жиналыс хаттамасы; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі:
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеуде алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Адвокаттар алқасы: адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғы; уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Нотариаттық палата: нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғы; жоғары басқару органының жарғыны бекіту туралы шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Қор: жарғы; құрылтай шарты (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде); уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;
алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Қоғамдық бірлестік: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғы; съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференцияның, жиналыстың) хаттамасы;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;
қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Саяси партияларды тіркеу кезінде:
1) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның жарғысы мен бағдарламасы екі данада;
3) саяси партияның құрылтай съезінің (конференциясының) хаттамасы;
4) құрамында кемінде бес мың партия мүшесі болуға тиіс, барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін, олардың әрқайсысында кемінде екі жүз партия мүшесі бар тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты мекенжайы көрсетілген партия мүшелерінің тізімдері.
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы құжат.
Саяси партия құру үшін саяси партия құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес саяси партия құру ниеті туралы хабарлама ұсынады:
1) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз тасығыштарда саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының тізімі және Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығыштарда ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілетті ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілетін ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы ұсынылады.
Тіркеуші орган хабарламаны және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына құжаттардың ұсынылғанын растайтын Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылғаны туралы растау береді.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі: жарғы; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Аудиторлар палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Діни бірлестік: діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы;
құрылтай жиналысының (съездің, конференцияның) хаттамасы;
Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде құрылатын діни бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі; діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;
діннің пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған сәйкес діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын баспа діни материалдары;
мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.
Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктер құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестіктерге қатысушылардың тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады;
республика шегінен тыс жерде басқарушы орталығы бар діни бірлестік қосымша: қазақ және орыс тілдерінде нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік орталық жарғысының көшірмесін ұсынады;
діни орталықтың өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын тізілімнен үзінді көшірмені немесе басқа құжатты, Діни басқармалар (орталықтар) құрған рухани оқу орындарының, мешіттердің, монастырлардың және өзге де діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді;
тіркеу үшін діни басқарудың уәкілетті органының (орталықтың) оларды құру туралы шешімі ұсынылады.
Мекеме: меншік иесінің мекеме құру туралы шешімі;
ереже (жарғы); құрылтай шарты немесе ұқсас келісім (меншік иелері (құрылтайшылар) саны біреуден көп болған кезде);
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Бағалаушылар палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Заң консультанттары палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Адвокаттық кеңсе: жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін: қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі): өтініш;
Өтінішке коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін қосымша: заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқадағы филиал (өкілдік) туралы ереже, Жарғының (Ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның сенімхаты (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда), филиал (өкілдік) басшысына берілген.
Егер заңды тұлғаның басшысы филиалдың (өкілдіктің) басшысы болып табылса, онда тіркеуші органға сенімхат беру талап етілмейді.
Филиалды (өкілдікті) құру кезінде мемлекеттік кәсіпорын Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) :
өтініш;
заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже; нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен заңды тұлғаның филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаты;
нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның шешімі; сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірме немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да жария етілген құжат;
қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмесі;
шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін: өтініш; заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында (бұдан әрі - Кодекс) көзделген жағдайларда соттың шешімі;
біріктіру, қосылу, қайта құру кезінде-өткізу актісі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелерді және өткізу актісін және бөлу балансын бекіту туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін көрсете отырып, бөлу балансы;
заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы кредиторлардың жазбаша хабарламасын растайтын құжат; коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Портал арқылы құжаттарды тапсыру кезінде.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) банктік шот ашумен және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу және банктік шот ашу туралы нысанды толтырады және қызметкерді жазатайым оқиғалардан (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) міндетті сақтандыруға Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспорттының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжат;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариалды түрде куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен басқа да жария етілген құжаттың көшірмесі.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін: жарғының (Ереженің) электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі.
Акционерлік қоғам үшін: өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғының электрондық көшірмесі;
құрылтай жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі не жалғыз қатысушының шешімі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу;
егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және өз қызметін тиісті тауар нарығында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларға жататын болса, монополияға қарсы органның алдын ала келісімінің электрондық көшірмесін құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағын, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі үшін: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Толық серіктестік үшін: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Өндірістік кооператив үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Тұтыну кооперативі үшін: жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; азаматтар үшін-тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН және тұрғылықты жері, заңды тұлғалар үшін – орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН туралы мәліметтер көрсетілген осы кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік үшін:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін: жарғының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Мемлекеттік мекеме үшін: мемлекеттік мекемені құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі; Ереженің (жарғының) электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі үшін: жарғының электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу осы кооперативтер мүшелерінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), тұрғылықты жерін және ЖСН көрсете отырып, олардың тізімінің электрондық көшірмесі.
Адвокаттар алқасы үшін: адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғының электрондық көшірмесі; уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Нотариаттық палата үшін: нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғының электрондық көшірмесі;
жарғыны бекіту туралы жоғары басқару органы шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қор үшін: жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде);
уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімінің электрондық көшірмесі; алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қоғамдық бірлестік үшін: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғының электрондық көшірмесі;
съездің (конференцияның, жиналыстың)төрағасы мен хатшысы қол қойған жарғыны қабылдаған құрылтай съезі (конференция, жиналыс) хаттамасының электрондық көшірмесі;
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашысы азаматтар тізімінің электрондық көшірмесі; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі иелерін біріктіру үшін тіркеу цифрландыру объектілерін және "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) электрондық түрде интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы жеке кәсіпкерлерді және (немесе)заңды тұлғаларды біріктіру үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
уәкілетті органның заңды тұлға құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Аудиторлар палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі;
уәкілетті органның заңды тұлға құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Бағалаушылар палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Заң консультанттары палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімінің электрондық көшірмесі;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Адвокаттық кеңсе үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін: хабарлама;
заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімінің электрондық көшірмесі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Кодекстің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімі беріледі;
біріктіру, қосу, қайта құру кезінде-өткізу актісінің электрондық көшірмесі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелерді және беру актісін және бөлу балансын бекіту туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін көрсете отырып, бөлу балансының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы кредиторлардың жазбаша хабарламасын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері жалдау шарты және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болып табылады.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жай беру туралы нотариалды түрде куәландырылған келісімі ұсынылады. Акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Заңның 6-бабында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде Бизнес - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі (бұдан әрі-Ұлттық тізілім) электрондық хабарлама арқылы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының болуы туралы мәліметтерді алады.
Заңды тұлғаның қазақстандық филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу үшін: есептік тіркеу туралы өтінім беріледі;
коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлға бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі, жарғының (ереженің) көшірмелері және филиал басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады (өкілдіктер).
Филиалды (өкілдікті) құру кезінде мемлекеттік кәсіпорын Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады; шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі): есептік тіркеу туралы хабарлама;
заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің электрондық көшірмесі; нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен заңды тұлғаның органы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі) қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да жария етілген құжаттың электрондық көшірмесі; қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының электрондық көшірмесі;
шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеу алымын (ЦҮТШ арқылы төлеген жағдайда) төлегенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін)тіркеу;
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) беру актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде;
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;
5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе, мыналарды қоспағанда сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестері) ;
6) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса;
7) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болды деп тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;
8) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190, 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238, 249, 365 баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;
9) егер мемлекеттік тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлғасы және (немесе) заңды тұлғасы), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық іс жүргізу жөніндегі борышкер болып табылатын адамды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса мерзімдік төлемдерді өндіріп алу және үш айдан астам мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
10) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсыну;
11) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулыларының (тыйымдарының, қамауға алуларының) болуы;
12) ұсынылмаған: Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмелері;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын қазақ және орыс тілдеріне аудармасы нотариалды түрде куәландырылған басқа да жария етілген құжаттың көшірмелері.
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін үзіледі, алайда үзіліс мерзімі бір айдан аспайды;
Егер бір ай ішінде мерзімнің үзілуіне негіз болған мән-жайлар жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінен бас тартылады.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік порольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын өзге де цифрландыру объектілерінің және екінші деңгейдегі банктердің атаулары "электрондық үкіметтің" порталында "Мемлекеттік қызметтер тізілімі" бөлімінде көрсетілген.
Басқа 8. Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 8-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініш
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) заңды тұлға ____________________ 2) филиал _______________________
3) өкілдік ____________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы __________________________
_____________________________________________________________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_____________________________________
4. Қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) атауын өзгерту _____________________________________________________
2) жарғылық капитал мөлшерінің азаюы __________________________________
3) шаруашылық серіктестіктің қатысушылары құрамының өзгеруі (жауапкершілігі
шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий
жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда) __________
5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
Мекенжайдың тіркеу коды: ___________ Пошталық индексі: ________________
Облысы: _____________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы: __________________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті):_______________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _________________________
Үйдің нөмірі: _____ пәтер, бөлме: _______________________________________
Телефон нөмірі (факс) _________________________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып
6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, мөлшері
сан түрінде):
1) заңды тұлға ______________ 2) жеке тұлға _________________________________
Заңды тұлғаның атауы _________________________________________________
(БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы (мың теңге) ___________
Жеке тұлғаның Т. А.Ә. (болған жағдайда), ________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _________ Үлес сомасы (мың теңге)__________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы мәліметтер:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып
(жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды тұлғалар үшін атауы), сонымен
қатар олардың пайыз және ақшалай жарғылық капиталдағы үлесі жеке парақта өтінішке
қоса беріледі.
8. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке
басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе
резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты
жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық
меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері _______________
9. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _____________
10. Жарғылық капиталдың мөлшері ______________________________________
11. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны ___________
12. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде туындайды
(тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ________________ 2) жоқ __________________________________________
13. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
Қосылатын заңды тұлғалардың атаулары _________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________________
14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _________________ 2) орта кәсіпкерлік субъектісі _
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін____
Өтінішке:____________________________________________________
________________________________________________ қоса беріледі.
20___ жылдың "____"_______________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы "___"______________
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма
бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды
жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар
жасайтын жеке тұлға.
Басқа 9. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестікті
мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 9-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестікті
мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның атауы _______________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) толық серіктестік ___ 3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік _____
2) сенім серіктестігі __ 4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)_____________________________________
4. Шаруашылық серіктестікті қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) атаудың өзгеруі ____________________________________________________
2) жарғылық капиталдың мөлшерінің азаюы ______________________________
3) шаруашылық серіктестікке қатысушылар құрамының өзгеруі (Жауапкершілігі шектеулі
серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын
жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді қоспағанда) __
5. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Мекенжайдың тіркеу коды: ___________ Пошталық индексі: ________________
Облысы: ________________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы __________________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): _______________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _________________________
Үйдің нөмірі:______ пәтер, бөлме: ______________________________________
Телефон нөмірі (факс) _________________________________________________
6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), _____________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе резиденттік
елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері заңды
тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне
тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері ___________________
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ___________________
9. Жарғылық капиталдың мөлшері: ______________________________________
10. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде, санын цифр
түрінде көрсетіңіз):
1) заңды тұлға _________________ 2) жеке тұлға ___________________________
11. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтерді көрсетіңіз
(жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi орталық
депозитарий жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі серiктестiктерді)
Заңды тұлғаның атауы __________________________ (БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) __________
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), __________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Үлес сомасы (мың теңге) ________________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда, олар туралы мәліметтер:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып
(жеке тұлғалар үшін), БСН көрсете отырып (заңды тұлғалар үшін атауы), сонымен қатар
олардың пайыз және ақшалай жарғылық капиталдағы үлесі жеке парақта өтінішке
қоса беріледі.
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) ___________
13. Байқау кеңесі құрылған жағдайда айрықша құзыретті көрсетіңіз: _________
14. Тексеру комиссиясының (жеке тексерушінің) мерзімін көрсетіңіз: _____
15. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ________
2) орта кәсіпкерлік субъектісі ____________
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _______________
16. Заңды тұлғаны қайта тіркеу негізі, қайта ұйымдастыру нәтижесінде туындайды
(тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә __________________________ 2) жоқ _______________________
17. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы ________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін________
Өтінішке: ___________________________________________________________
________________________________________________________ қоса беріледі.
20___ жылдың "____"_______________
Құрылтайшылардың қолдары және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), (қатысушылардың
тiзiлiмiн жүргiзудiорталық депозитарий жүзеге асыратын жағдайда құрылтайшылардың
жалпыжиналысын хаттамасымен өкілетті тұлғаның қолы (қатысушының шешімімен)).
Қолдың төлнұсқалығы нотариалды тәртіппен бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма
бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды
жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар
жасайтын жеке тұлға.
Басқа 10. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 10-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
1. Акционерлік қоғамның атауы _________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
3. Акционерлік қоғамды қайта тіркеудің негізі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) атаудың өзгеруі ___ 2) жарғылық капиталдың мөлшерінің азаюы ______
4. Акционерлік қоғамның мекенжайы:
Пошталық индексі: __________________ Облысы: _____________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы: _____________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
Үйдің нөмірі: _____ пәтер, бөлме: ___________________________________
Телефон нөмірі (факс) _____________________________________________
5. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), _______________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ________
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,
ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда)
немесе резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні,
тұрғылықты жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе
бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
________________________________________________________
8. Жарғылық капиталдың мөлшері _____________________________________
9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, мөлшері
сан түрінде):
1) заңды тұлға ____________ 2) жеке тұлға ___________________________
10. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтің кепіл мөлшерін көрсетіңіз:
___________________________________________________________
(бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі болған
жағдайда қандай да болса көрсеткішке қатысты қайта есептелген)
11. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу кезеңділігін көрсетіңіз:
___________________________________________________________
12. Міндетті жариялауға жататын ақпаратты басып шығару үшін қолданатын бұқаралық
ақпарат құралдарын көрсетіңіз: ___________________________
13. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________
Үлгілік жарғының 37-тармағының талаптары қаржылық ұйымдарға қолданылады.
14. Қоғамды басқару мүшелерінің саны ______________________________
15. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) ________
16. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ___ 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі ____
17. Акционерлік қоғамды қайта тіркеу негізі қайта ұйымдастыру нәтижесінде
туындайды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ________________________ 2) жоқ ___________________________
18. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы ______________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін_________________________
Өтінішке: _______________________________________________________
__________________________________________________________ қоса беріледі.
20 жылғы "___" ________________________________
Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы/___________________________/
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма
бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды
жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар
жасайтын жеке тұлға.
Басқа 11. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 11-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш
1. Өндірістік кооперативтің атауы ___________________________________
2. Өндірістік кооперативтің атауын өзгерту ___________________________
3. Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) ________________________________
4. Заңды тұлғаның мекенжайы
Пошталық индексі: __________________ Облысы: _____________________
Қала, аудан, қаладағы ауданы: _____________________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): ___________________________________________
Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: _____________________
Үйдің нөмірі: ______ пәтер, бөлме: __________________________________
Телефон нөмірі (факс) _______________________________________________
5. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), _________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
6. Экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз:_______________
7. Бенефициар (-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ,
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе
резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты
жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық
меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері ______________________
8. Капиталдың мөлшері ____________________________________________
9. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, мөлшері
сан түрінде):
1) заңды тұлға _______ 2) жеке тұлға ________________________________
10. Заңды тұлғаның құрылтайшылары туралы мәліметтер
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ________________________________
ЖСН, СТН аналогы немесе елдің коды көрсетілуі тиіс (шетелдік жеке тұлға үшін)
Пайдың үлесі % ___________________ Мүліктік жарна ___________________
Егер құрылтайшылар біреуден көп болған жағдайда қосымша парақта келесіні көрсетіңіз:
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің деректері, ЖСН, СТН аналогы немесе елдің
коды (сонымен қатар мүліктік жарна, пайдың үлесі туралы мәліметтер)
11. Кооператив мүшелерінің мүліктік салым салудың тәртібі, әдістері және мерзімі
_______________________________________________
12. Тексеру комиссиясының құрамы __________________________________
13. Тексеру комиссиясын сайлау мерзімі ______________________________
14. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) ________
15. Кооператив пен оның мүшелерінің, атқару органының және еңбек ұйымы арасындағы
байланыс: ____________________________________
16. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _____________________________________
2) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________________
17. Өндірістік кооперативті қайта тіркеу негізі оның қайта құрылуы негізінде туды (тиісті
ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә _____________________________ 2) жоқ ________________________
18. Қосылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету керек:
Қосылатын заңды тұлғалардың атауы
Бизнес–сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін _________________________________________
Өтінішке: _______________________________________________________
__________________________________________________________ қоса беріледі.
20 жылғы "___"________________________________
Кооперативтің басқару төрағасының (төрағасы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы /_____/
Қолдың шынайылығы нотариалды бекітілген түрде болуы тиіс.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға
құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған
акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма
бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды
жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар
жасайтын жеке тұлға.
Басқа 12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 12-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік қайта
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Атауын өзгерту.
2. Жарғылық капитал мөлшерін азайту.
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі.
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
1. Атауын өзгерту - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
2. Жарғылық капиталдың мөлшерін азайту - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі - Мемлекеттік корпорация, " цифрлық үкіметтің" веб-порталы.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
1. Мемлекеттік корпорацияға: Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, сондай-ақ заңды тұлғалардың қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Порталда – үлгілік филиал және өкілдік болып табылмайтын жарғы негізінде жұмыс істейтін олардың филиалдардың (өкілдіктерінің) акционерлік қоғамдарын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кеңсесі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуі:
1. Атауын өзгерту - электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде;
2. Жарғылық капиталдың мөлшерін азайту - электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде;
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі - - электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Қағидаларға 7 – қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не осы қағидалардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Порталда – "жеке кабинетке" берген кезде жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы жіберіледі.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген.
Тіркеу алымының сомасы осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес " Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен (бұдан әрі - Кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Коммерциялық ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін Заңның 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдау мүмкіндігі бар.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1. Мемлекеттік корпорацияға:
1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш).
Қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Заңды тұлға үлесіне қатысатын мемлекет тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады;
электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның уәкілетті органының мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, онда құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.
Егер қатысушылардың құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірген жағдайда, Заңының 6-1-бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша беріледі;
заңды тұлғалар, филиалдарға (өкілдіктерге):
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген электрондық нұсқада құрылтайшы құжат не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;
акционерлік қоғамдарға:
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариалды түрде куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінінің бір данасы.
Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушыларының құрамына сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған басқа да жария етілген құжат енгізілген кезде;
Шетелдік тұлғаға қатысушылардың құрамына шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын паспорттың немесе басқа құжаттың электрондық көшірмесі енгізілген кезде, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын;
коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат;
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
2. Порталда:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды құрылтайшы (құрылтайшылар)мемлекеттік қайта тіркеу үшін:
электрондық өтініш;
жарғылық капиталдың мөлшері азайтылған және баспа басылымдарында хабарланған кезде басылым туралы қиындының электрондық көшірмесі;
егер көрсетілетін қызметті алушы цифрлық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі-ЦҮТШ) арқылы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік алымды төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің/төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі;
орналасқан жері өзгерген кезде: жылжымайтын мүлікке меншік құқығы болған жағдайда;
Егер қатысушылардың құрамында шетелдік заңды тұлға болса, онда осы Заңның 6-шы бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.
"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖБМК) көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөміріне тіркелген, көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен мекенжай бойынша орналасқан бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы туралы ЖБМК ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық растау;
заңды тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының электрондық көшірмесі. Жеке тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариалды түрде куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі;
үй-жайды қосалқы жалдау жағдайында: жалдау мен қосалқы жалдаудың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қатысушыларының құрамына енгізілген кезде сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасымен қоса электрондық көшірмесі;
шетелдік тұлға қатысушыларының құрамына шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасы бар электрондық көшірмесін енгізген кезде;
Егер қатысушылардың құрамында шетелдік немес шетелдік заңды тұлға болса, онда Заңының 6-1 бабының сегізінші бөлігіне сәйкес қосымша құжаттар беріледі.
қатысушылар тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе шаруашылық жүргізуші серіктестік қатысушылар құрамын өзгерткен кезде тіркеушінің мөрімен куәландырылған қатысушылар тізілімінің электрондық көшірмесі.
Электрондық өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы оның басшысы болып табылмаған жағдайда, онда өтініш басшымен келісіледі.
Шаруашылық серіктестіктерді, Акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш "цифрлық үкімет" порталында оның қатысушыларымен келісілуге тиіс.
Филиал (өкілдік) үшін – оның заңды тұлғасының басшысы.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда, шаруашылық серіктестіктерді қатысушылар құрамын өзгерту негізінде мемлекеттік қайта тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестіктен шығатын қатысушының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартының электрондық көшірмесі ұсынылады. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартының электрондық көшірмесі нотариаттық куәландырылуға жатады.
үлесі Мемлекеттің бар заңды тұлға үшін тізілім ұстаушының белгісі қойылған өтініштің электрондық көшірмесі ұсынылады;
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімнің электрондық көшірмесі не заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімінен үзінді, енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды түрде куәландырған жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже;
"цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; немесе коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын электрондық құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу алымын (ЦҮТШ арқылы төлеген жағдайда) төлегенін растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушң мен Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерге " цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері үшін:
-өтініш;
-екі және одан көп кондоминиум объектісінің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарында ұсынылған өкілдерден тұратын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу туралы бастамашы топ жиналысының хаттамасын;
-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) тапсыру актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған жағдайларда жүзеге асырылады;
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;
5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
6) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса;
7) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болды деп тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;
8) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238, 249, 365-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болса;
9) егер мемлекеттік тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлғасы және (немесе) заңды тұлғасы), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын тұлғаны қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы;
10) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесті иеліктен шығаратын адамдар мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ адамды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса ;
11) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттар ұсынылған;
12) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, тыйым салуларының) болуы;
13) паспорттың немесе қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен бірге құрылтайшы-шетелдіктің жеке басын куәландыратын басқа құжатты, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмелерін; сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын құрылтайшы-шетелдік заңды тұлғаны куәландыратын басқа жария құжат;
14) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімнің үзілуіне негіз болған, бірақ бір айдан аспайтын мән-жайлар жойылғанға дейін үзіледі.
Егер мерзімді үзуге негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінен бас тартылады.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрақты жеріне бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту қажет, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 13. (көрсетілетін қызметтіалушының тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты (бұдан әрі -
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) не ұйымының атауы) _______________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Бұйрыққа 13-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
қайта тіркеу, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін
есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет
6-қосымша
(көрсетілетін қызметтіалушының тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты (бұдан әрі -
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) не ұйымының атауы) _______________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік
корпорация филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
тізбесінде көзделген тізіміне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты
мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет тізбесіне сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)(Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) _____________
Телефон __________
Алдым: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) /____/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына
қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам
сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе
жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын
не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын
жеке тұлға.
Басқа 14. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 14-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамның
құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы
ережелерге енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз)
1) заңды тұлға _____________ 2) филиал __________ 3) өкiлдiк ________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы ________ _______________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) _________________
4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды
енгізудің негіздемесі (тиісті ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз)
1) мекенжайының өзгеруі ____________________________
2) жарғыны (ережені) жаңа редакцияда бекіту ___________
5. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
Пошталық индексі: ______________ Облысы: __________________________
Қала, аудан, қаладағы аудан: _________________________
Елді мекен (ауыл, кенті): _____________________________
Көше, шағынаудан, орам, тұйық көше, даңғыл: _________________________
Үйдің нөмірі _________, пәтер, бөлме: ________________
телефон нөмірі (факс): _______________________________
6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке
басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе
резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты
жері заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық
меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
__________________________________________________________________________
8. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз, сандық
көрсеткіште):
1) заңды тұлға _____________ 2) жеке тұлға______________
Заңды тұлғаның атауы _____________________________________________________
(БСН көрсете отырып)
Жарғылық капиталдың үлесі % ________ Үлес соммасы (мың теңге) _______
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)______________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
Жарғылық капиталдың үлесі % _________ Үлес соммасы (мың теңге) ______
Егер құрылтайшылары біреуден көп болса олар жөнінде мәлімет: Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда) жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып(жеке тұлға үшін),
атауы және БСН (заңды тұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылықкапиталдағы үлесі
пайыздық және ақшалай түрде көрсетіле отырып, өтінішке қосымшабөлек парақта
қоса беріледі.
9. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _______________
10. Жарғылық капиталдың мөлшері ___________________
11. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны __________
12. Өзгерістер енгізу негіздемесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде туындады
(тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
1) иә _______________________ 2) жоқ______________
13. Қосылу жағдайында мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
қосылатын заңды тұлғалардың атауы _________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)____________________
14. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиiстi ұяшыққа х деп көрсетiңiз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі _________________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі __________________________
Цифрлық жүйеде занмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға
келісемін________________
Өтінішке:
______________________________________________________________ қоса беріледі.
20 жылдың «___» ________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы қойылады.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
Басқа 15. Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамның
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Бұйрыққа 15-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамның
құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы
ережелерге енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамның
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
1. Тіркелетін акционерлік қоғамның атауы ______________________________________
2. Құрамына шетел инвесторларының қатысуы (тиiстi ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз):
1) иә _______________ 2) жоқ _______________
3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиiстi ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз):
1) иә ________________ 2) жоқ ______________
4. Құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізудің негіздемесі (тиiстi ұяшыққа х түрiнде көрсетiңiз):
1) мекен жайының өзгеруі___________________________
5. Акционерлік қоғамның мекенжайы
Пошталық индексі: _______________________
Облысы: ____________________________
Қала, аудан, қаладағы аудан: _________________________
Елді мекен (ауыл, кент): _____________________________
Көше, шағынаудан, орам, тұйық көше даңғыл:_______________________________
үйдің нөмірі _______________, пәтер, бөлме: ___________
телефон нөмірі (факс): ________________________
6. Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________
(жеке куәлігінің және ЖСН деректерін көрсете отырып)
7. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы, ТАӘ, жеке
басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда) немесе
резиденттік елдегі шетелдік тұлғаның сәйкестендіру нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері
заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне
тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
__________________________________________________________________________
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: _________
9. Жарғылық капиталының мөлшері____________________
10. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз,санын
цифрлық көрсеткіште):
1) заңды тұлға ___________ 2) жеке тұлға _________
11. Артықшылығы бар акция бойынша дивидендтің кепілді мөлшерін көрсетіңіз:
__________________________________________________________________________
(бекітілген көрсеткіште немесе оның мәні қол жетімді және жүйелі болған жағдайда
қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстелгенін)
12. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімділігін көрсетіңіз:
_______________________
13. Міндетті жариялануға жататын ақпаратты жариялау үшін пайдаланатын,уәкілетті
орган айқындаған бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз: _____________________
14. Қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің саны ____________________________
15. Қоғамды басқару мүшелерінің саны ______________
16. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін саны (шамамен) _______
17. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшыққа х түрiнде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі ___________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі__________________________
18. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды(тиісті ұяшыққа х түрiнде
көрсетіңіз):
1) қайта құру _____________ 2) бірігу ________________
3) бөлініп шығу _________ 4) бөліну ________________
5) қосылу __________________________________
19. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны _______
20. Қайта құрылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
Заңды тұлғаның бұрынғы атауы _______________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)____________________
21. Біріккен жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
Бірігуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы __________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)___________________
22. Бөлініп шығу жағдайында мына мәліметтерді көрсету қажет:
Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаның атауы ________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)___________________
23. Бөлінген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
Заңды тұлғаның негізінде құрылған заңды тұлғалардың атауы
______________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)____________________
Цифрлық жүйеде занмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін ________________
Өтінішке:
________________________________________________________ коса беріледі.
20___ жылдың "___" ______________
___________________________________________________
Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы қойылады.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, заңды тұлға өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын немесе оның мүддесінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
Басқа 16. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 16-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамның
құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы
ережелерге енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда.
2. Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайда.
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
2. Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданғанда - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда;
Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайда;
1) Мемлекеттік корпорация:
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының негізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күнінен кейін бес жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2) Порталда:
Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда;
заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті берген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу:
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - электронды (толық цифрландырылған)/ қағаз түрінде;
2. Жарғыны (ережені) жаңа редакцияда қабылдау - электронды (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
осы Тізбеге 1-2 қосымшаларға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не осы Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдай мен негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ірі және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не бас тарту туралы жауап жолданады.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1. Комитет және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалуы мүмкін.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорацияда:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
өзгерістер және толықтырулармен енгізілген электрондық нұсқадағы құрылтайшы құжат не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) заңды тұлғаның мерімен бекітілген құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістері және толықтырулары мен құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариалды түрде куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінінің бір данасы.
нақты орналасқан жерін (орналасқан жері өзгерген жағдайда) растайтын құжаттар.
Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырған келісімі қажет.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар хабарлама тәртібі бойынша:
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға орналасқан жерін өзгерту кезінде жылжымайтын мүлік иесінің келісімімен ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
филиалдың (өкілдіктің) (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамын өзгерту кезінде олардың тегі,аты, әкесінің аты (егер ол құжатта көрсетілген болса), күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефоны, жеке қолы көрсетілген коммерциялық емес ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі қосымша ұсынылады
"цифрлық үкімет" порталында орналасқан жерін өзгерту кезінде:
1. осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. нақты орналасқан жері (орналасқан жері өзгерген жағдайда) расталған құжаттың электрондық көшірмесі.
Орналасқан жері өзгеретін жағдайда, өкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беріледі.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі;
2. жеке басшы куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) ұсыну;
3. сот орындаушылардың және құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты көрсетілетін қызметті алушының арнайы құқықтан айырылуына негіз болған сот шешімдерінің болуы негіз болып табылады;
4. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 17. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Бұйрыққа 17-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік қоғамның
құрылтай құжаттарына, олардың
филиалдары (өкілдіктері) туралы
ережелерге енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)(Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) _____________
Телефон __________
Алдым: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) /____/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Басқа 18. Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылуын тiркеу туралы өтiнiш
Бұйрыққа 18-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің
тоқтатылуын мемлекеттік
тіркеу, филиал мен
өкілдік есептік тіркеуден
шығару» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша
Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылуын тiркеу туралы өтiнiш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) заңды тұлға _________________ 2) филиал ___________________
3) өкілдік_______________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _______________________________
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (болмаған жағдайда тіркеу нөмірі) ________
4. Қызметтi тоқтату негiздемесi мынаның нәтижесінде туындады (тиiстi ұяшықта х түрiнде
көрсетiңiз)
1) тарату _______ 2) қосылу арқылы қайта ұйымдастыру ________________
5. Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылу (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) ерікті _______________ 2) мәжбүрлі _______________________________
6. Заңды тұлға, филиал (өкiлдiк) қызметiнің тоқтатылуы туралы хабарландыру жарияланған
баспа органының атауы, нөмiрі және жариялану күні _________________
7. Заңды тұлғаның филиалдары (өкiлдiктерi) туралы мәлiметтер (тиiстi ұяшықта х түрiнде
көрсетiңiз)
1) иә ____________________________ 2) жоқ____________________________
Өтінішке:
______________________________________________________________ қоса беріледі
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін ____
20__ жылғы "___" _____________ (қолы)
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
Басқа 19. «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 19-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің
тоқтатылуын мемлекеттік
тіркеу, филиал мен өкілдік
есептік тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет ережесіне
2-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылған;
2. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу арқылы жүзеге асырылады;
3. Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату органның өтініші бойынша сот тәртібімен жүргізіледі;
4. Заңды тұлғаның таратылғанн растайтын құжаттың көшірмесін беру;
5. Заңды тұлғаны алдағы уақытта тарату туралы өтініштерді қабылдау
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
1. Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылған - Мемлекеттік корпорация, "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
2. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу арқылы жүзеге асырылады - Мемлекеттік корпорация;
3. Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату органның өтініші бойынша сот тәртібімен жүргізіледі - Мемлекеттік корпорация.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Заңды тұлғаның, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша бес жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден шығару мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзуге негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатады. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны үзілістің себептері мен мерзімін көрсете отырып хабардар етеді. Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды. Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайлар жойылмаса, онда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.
Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару:
1. Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылған - электронды (толық цифрландырылған)/ қағаз түрінде;
2. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу арқылы жүзеге асырылады - қағаз түрінде;
3. Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату органның өтініші бойынша сот тәртібімен жүргізіледі - қағаз түрінде.
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Порталда құжаттарды тапсырған кезде – "жеке кабинетке" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар мен олардың филиалдары мен өкілдіктерінің мемлекеттік қызметін көрсеткені үшін "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес төлем алынады. Мемлекеттік қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркеуден шығарғаны үшін заңнамаға сәйкес төлеуден босатылады.
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің/ Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарттары: мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалады.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорацияға:
Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтату:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Үлесіне мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады. заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.
2. заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді;
3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
4. төленгенін растайтын құжат; тіркеу алымының бюджетке қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін заңды тұлға болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
5. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш заңды тұлғаның таратылуы туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай өткеннен кейін тіркеуші органға ұсынылады.
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;
3. мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
4. мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
5. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Қызметті мәжбүрлеу тәртібімен тоқтату органның өтініші бойынша сот тәртібімен жүргізіледі:
Өзіне қатысты сот заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорынның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2. мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Жергілікті атқарушы органның) шешімі;
3. мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесі;
4. мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесі;
5. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.
Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізеді.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді табыс етеді не мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектісі қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері), есепке алу Мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдары берешек туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан, осындай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) мемлекеттік кіріс органдарында есепке алынады, Салық Кодексінде Кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған жағдайларда тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Филиал (өкілдік) келесілердің негізінде есептік тіркеуден шығарылуы тиіс:
1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. акционерлік қоғамдарды қоспағанда, филиал (өкілдік) туралы ереже;
3. коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат;
4. коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығарғаны үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына төлегенін растайтын құжат.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) қызметін тоқтататын шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартады, Салық Кодексінде және “Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Сот заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда Мемлекеттік кіріс органдары берешек туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату тәртібін бұзушылықтар анықталған, Салық Кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.
"цифрлық үкіметтің" веб-порталы:
Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін осы Тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында толтыру және “цифрлық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, көрсетілетін қызметті алушымен тіркеу аламын төлегенін растайтын құжаты жөніндегі (егер ЦҮШП арқылы төленген жағдайда), Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1. заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайларда тарату тәртібін бұзу;
2. салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы не мемлекеттік кіріс органдары мұндай заңды тұлға (шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартуы.
3. мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
5. егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
6. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
7. егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болса.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 20. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Бұйрыққа 20-қосымша
«Заңды тұлға қызметінің
тоқтатылуын мемлекеттік
тіркеу, филиал мен өкілдік
есептік тіркеуден шығару"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көзделген тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)(Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) _____________
Телефон __________
Алдым: Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) /____/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Басқа 21. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктерін жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы өтiнiш
Бұйрыққа 21-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлға, сондай-
ақ акционерлік қоғам, олардың
филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің)
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктерін жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы өтiнiш
1. Ұйым нысаны (тиiстi ұяшықта х түрiнде көрсетiңiз)
1) заңды тұлға _____________________ 2) филиал ____________________
3) өкiлдiк ____________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы _____
_____________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) БСН нөмiрi ________________
4. Заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) құрылтай құжаттарының телнұсқасын беру
үшiн негiз ___________________________________________
5. Телнұсқаны алуға арналған үшін шешімнің нөмірі және оны қабылдау күні:
________________________________________________________________
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік
қоғамдардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) төлнұсқасының
жоғалғандығы туралы хабарландыру жарияланған баспа органының атауы, нөмірі мен
жарияланған күні ___
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы.
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін_________
20__ жылғы "___"__________
Өтiнiшке: ___________________________________________________ қоса берiледі.
Ескерту:
БСН - бизнес сәйкестендіру номері
ЖСН - жеке сәйкестендіру номері
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
Басқа 22. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 22-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне
жатпайтын заңды тұлғаның,
сондай-ақ акционерлік
қоғамның, олардың филиалдары
мен өкілдіктерінің жарғысының
(ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
-
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
Қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электронды (толық цифрландырылған)
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасы немесе бас тарту туралы хабарлама жолданады.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1. қоса берілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген жарғының (ереженің) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
3. жарғының (ереженің) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпарат көрсетілген мерзімді баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 23. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 23-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта
тіркеу) туралы, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
2
Қызмет берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Комитет), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
1. Тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
2. Заңды тұлғалар тізілімінен үзінді (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен);
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
Порталда рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 20 минут.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электронды (толық цифрландырылған)
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
1. Комитет және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерді, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы Электрондық құжат нысанында алуға сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда немесе бір реттік паролді пайдаланған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
Жоқ
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда немесе бір реттік паролді пайдаланған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Басқа 24. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) туралы өтініш
Бұйрыққа 24-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) туралы өтініш
1. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) БСН
_________________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) үшін негіздеме
___________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Түзету себебі ______________________________________________________
(өтініш беруші мәтінмен түзетудің себебін не негіздемесін көрсетеді)
4. Заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің атауы
_________________________________________________________________
5. Мемлекеттік тілдегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
__________________________________________________________________
6. Орыс тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
7. Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
8. Орыс тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
___________________________________________________________________
9. Ағылшын тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
10. Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ______________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін_________
20__ жылғы "___"__________ (қолы)
Өтiнiшке: ___________________________________________
өзектендіруді (түзетуді) жүргізу үшін құжат-негіздеме (қажет болған жағдайда) қоса берiледі.
Басқа 25. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Бұйрыққа 25-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік қызметтің атауы
Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)
2
Қызмет берушінің атауы
1) Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерге, оның ішінде саяси партиялар, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты Министрлік;
2) Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерге, қорлар мен заңды тұлғалардың бірлестіктеріне, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты аумақтық әділет органдары;
3) Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) филиалдары.
3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):
-
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
Мемлекеттік корпорация және "цифрлық үкімет" веб-порталы.
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 бір жұмыс күні ішінде
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электронды (ішінара цифрландырылған)
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Өзектендіру (түзету) туралы не өзектенді-руден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигі
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды берген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).
3) Растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі). Құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы берген кезде:
1) ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Электрондық растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі).
Жеке басты куәландыру және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзы арқылы алады.
11
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
12
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда
Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне бара отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Басқа 26. Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама
Бұйрыққа 26-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама
Өтініш №: ______________________ күні ______________________________
Бас тартуға негіз: _______________________________________________
___________________________________________________________
__________________________________________________________________
(дәлелді бас тарту мәтінін көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырады)
Аталған құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының
2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
"Заңды тұлға" мемлекеттік дерекқорынан алынған және тиісті тіркеуші
органның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
қамтиды.
Басқа 27. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Бұйрыққа 27-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
5-қосымша
___________________________
тегі, аты, әкесінің аты (жеке
басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) не
көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
___________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті
"____________________________________" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы
қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
_____________________________________________(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), қолы)
Орындаушы: берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда
көрсетілсе), тегі ___________ Телефоны __________
Алдым:
берушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),
/көрсетілетін қызметті алушының қолы ______________ 20__ жылғы "___" _________