О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств» Қолданыста
Басқа 0
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редацияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаны мемлекетік тіркеу кезінде атауында:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми атаулары;
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауларымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас атауларды, аббревиатураларды, туынды сөздерді және өзге де белгілемелерді қысқарту қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті:
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі