О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства»
- Атауы (қаз.)
- «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 905
- Қабылданған күні
- 20.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2021 159821_543403.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024938
- ЭКБ идентификаторы
- 159821
- Редакция идентификаторы
- 159821_543403
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:18
0 «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы Комиссияның шешімі негізінде 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі
Электронды (толық автоматтандырылған) / «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш жолдайды.
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
7 тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, әрекетке қабілеттілігіне немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі шектеулердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жайлы мәліметтердің жоқтығы туралы, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы, мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептер бойынша бұрын босатылғандар туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан айыру туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі
Электронды (толық автоматтандырылған) /«бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі
Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі
Қағидаларға 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш.
Атқарушылық құжат.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.