О внесении изменения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 141 «Об утверждении натуральных норм положенности специальных транспортных средств подразделений Комитета промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелері арнайы көлік құралдары тиесілілігінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22422 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнаулы көлік құралдары тиістілігінің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 246 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің арнайы көлік құралдары тиесілігінің заттай нормалары Атауы Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер Өлшем бірлігі (дана) Максималдық жылдық пайдалану нормасы (бір автомобиль) Қызмет мерзімі (жыл) 1 2 3 4 5 6 Арнайы көлік құралы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу) Орталық аппарат 1 40 000 км 13 Абай облысы 2 40 000 км 13 Ақмола облысы 3 40 000 км 13 Ақтөбе облысы 2 40 000 км 13 Алматы облысы 2 40 000 км 13 Атырау облысы 3 40 000 км 13 Шығыс Қазақстан облысы 3 40 000 км 13 Жамбыл облысы 2 40 000 км 13 Жетісу облысы 1 40 000 км 13 Батыс Қазақстан облысы 2 40 000 км 13 Қарағанды облысы 3 40 000 км 13 Қызылорда облысы 2 40 000 км 13 Қостанай облысы 3 40 000 км 13 Маңғыстау облысы 2 40 000 км 13 Павлодар облысы 3 40 000 км 13 Солтүстік Қазақстан облысы 2 40 000 км 13 Түркістан облысы 3 40 000 км 13 Ұлытау облысы 3 40 000 км 13 Астана қаласы 2 40 000 км 13 Алматы қаласы 2 40 000 км 13 Шымкент қаласы 1 40 000 км 13 Норма көрсеткішінің саны бойынша жиыны - - 47 - - Ескертпе: * арнайы көлік құралы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы (қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер мен халыққа зиянды әсерінің алдын алу).