О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 29 января 2021 года № 2/13-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Туркестан» Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы
№ 2/13-VII «Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2/13-VII «Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6053 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесіндегі 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;
Тармақша 2
2) «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.