О внесении изменения в решение Туркестанского городского маслихата от 29 января 2021 года № 2/13-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Туркестан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 2/13-VII «Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2/13-VII «Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6053 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған тұрғын үй бағдарламасы («Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын. Тұрғын үй сертификаты әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.