О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 29 марта 2021 года № 2/18 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарақия аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4488 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.». 6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «4) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 70 жастан асқан зейнеткерлерге - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.