О внесении изменений в постановление акимата Аулиекольского района от 29 декабря 2021 года № 232 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства и земельных отношений акимата Аулиекольского района» Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 232 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және Эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдауын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «19» мамырдағы
№ 93 қаулысымен
бекітілді
Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 232 қаулысымен
бекітілді
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 43.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауданның аграрлық секторының тиімді және ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету:
Тармақша 3
3) жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 4
4) жер заңнамасын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, қолайлы экологиялық орта құру және табиғи ландшафттарды жақсарту жөніндегі аудандық өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін орындау;
Тармақша 5
5) жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) белгіленген тәртіппен жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) ауданның жер қатынастарының жағдайы туралы деректер банкін құру, жүргізу;
Тармақша 8
8) жерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) белгіленген тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік құқықтарды иеленуге, сотта талапкер және жауапкер болуға;
аудан бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
бөлім құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің, әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан және басқа да органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды атқарушы органдардың қарауына енгізуге;
жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) міндеттер:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласында бақылауды ұйымдастыру және жүргізу: тұқымдық материалдың сапасы бойынша нормативтерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, статистикалық есептілікті жасау;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы құрылымдарының инженерлік қызметтеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алудың орындылығы туралы ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консультациялық көмек көрсету; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;
Тармақша 4
4) ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық индикативтік жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы техникасын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына дайындау бойынша мониторинг. Түгендеуді бақылау ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу; есеп беруді жүргізу және тапсыру;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіс алқаптары, дақылдардың шығымдылығы мен жалпы алымдары туралы деректерді ұсыну мониторингін қамтамасыз етеді ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтау мониторингін жүргізеді;
Тармақша 7
7) өсімдік шаруашылығындағы жедел ақпарат, астық және тұқым баланстары бойынша есептерді жинауды және құрастыруды жүзеге асырады, басшылыққа және жоғары тұрған органдарға жеткізеді, дала жұмыстарының барысы туралы ақпарат жинауды, сондай-ақ 1 және 2 жартыжылдықтағы агроесептерді қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады, оларды талдайды.;
Тармақша 8
8) ауданның қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы туралы ақпарат береді; АШТӨ қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша жалақы және кредиторлық берешек бойынша жинауды және жинақтауды жүзеге асырады. тауарлар нарығының конъюнктурасын зерттеу бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 10
10) зоотехникалық есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде мал шаруашылығы және экономика саласындағы жоғары тұрған ұйымдардың нормативтік-құқықтық актілерін, қаулылары мен өкімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) қаржылық қамтамасыз ету ресурстарына қажеттілікті жоспарлауды және оларды қалыптастыру көздерін айқындауды, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдіру жөніндегі жоспарларды әзірлеуді жүргізеді;
Тармақша 13
13) мемлекеттік қызмет көрсетеді;
Тармақша 14
14) жер заңнамасын қолдану практикасын қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 15
15) жер заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды;
Тармақша 16
16) жердің бар болуы және оларды санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иесі және жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану туралы жыл сайынғы аудандық есептер жасайды;
Тармақша 17
17) жер қатынастарын реттеу, жерді пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 18
18) нақты жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығының) құнын, оларды жеке меншікке сатқан, мемлекет жер пайдалануға берген кезде және оларды кепілге берген кезде анықтайды;
Тармақша 19
19) жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын пайдаланылмайтын жерлер мен жерлерді анықтайды;
Тармақша 20
20) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізеді;
Тармақша 21
21) жер реформасын жүргізу мақсатында ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 22
22) жерге құқықты куәландыратын құжаттарды береді;
Тармақша 23
23) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 24
24) жер учаскелерін сатуды (аукциондарды) ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 26
26) ауданның (мекеменің) уәкілетті органының құзыреті шегінде аудан шегінде және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне паспорттар беру;
Тармақша 27
27) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақша 28
28) қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Әулиекөл ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 18
18. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
Тармақша 2
2) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі»мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.