О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Мангистауской области от 29 июня 2022 года № 100 «Об утверждении Правил прогнозирования поступлений в местный бюджет» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 100 «Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 100 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
мынандай мазмұндағы 3.1.7-1) бөлігімен толықтырылсын:
«3.1.7-1) Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем
35.1 Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің болжамы орташа есептеу әдісімен мынадай формула бойынша айқындалады:
Piб = Piбағ. * Trорт., мұндағы:
Piб – тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің болжамды сомасы;
Piбағ. – ағымдағы қаржы жылы бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді бағалау;
Trорт. – үш жылдағы орташа өсу қарқыны, %,
бұл ретте:
Trорт. = (Trесеп(1жыл) + Trесеп(2жыл) + Trесеп(3жыл))/3, мұндағы:
Trесеп(1жыл) – бірінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(2жыл) – екінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %;
Trесеп(3жыл) – үшінші жылғы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түсімдерінің өсу қарқыны, %.»;
3.1.9 - тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3.1.9 Жергілікті бюджетке есептелетін төлемақылар мен алымдар
37. Облыстың бюджетіне есептелетін төлемдер мен алымдарға мыналар жатады:
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;
өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;
қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.