О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 29 апреля 2022 года № 115/1 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №115/1 «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №115/1 «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2026 жылғы «12» мамырдағы
№ 130/1 қаулысына
қосымша
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Павлодар облысының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесімен мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б.
Тармақ 10
10. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде: государственное учреждение «Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области».
Тармақ 12
12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Павлодар облысында сәулет және қала құрылысы қызметiн дамытудың облыстық саясатын әзiрлеу, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мониторинг жүргiзудi және талдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сәулет және қала құрылысы қызметi саласындағы басымдықтарды әзiрлеу.
Тармақ 17
17. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық инстанциялардағы соттарда, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындар мен өзге де ұйымдарда облыс әкімдігі, әкімінің мүдделерін білдіру;
облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына дамудың негiзгi бағыттары, сәулет және қала құрылысы мәселелерiмен байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің алдына қойылған мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келiсiмі бойынша сұрату және алу;
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келiсiмi бойынша жұмысқа тарту;
мемлекеттiк органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен сәулет және қала құрылысы мәселелерi жөнiнде өзара іс-қимыл жасау;
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, сотта білдіру;
өз құзыретi шегiнде шарттар, келiсiмдер жасау.
Тармақша 2
2) міндеттері:
облыс әкімінің, әкімдігінің, «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
өз құзыретi шегiнде шарттар, келiсiмдер жасау;
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың, аудандардың аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын облыстық мәслихатқа келісу үшін енгізу;
Тармақша 4
4) облыстық мәслихатпен келісілген, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 5
5) облыстардың, аудандардың аумақтарын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарымен келісілген және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын және олардың түзетулерін әзірлеуді ұйымдастыру және облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
Тармақша 6
6) екі және одан көп облыстың аумақтарын (не олардың бөліктерін), агломерацияны аумақты дамытудың өңіраралық схемаларының жобаларын келісу;
Тармақша 7
7) аумақтарды абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде жасау, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 9
9) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас жоспарларының жобаларын облыс аумағы, резервтік аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ олар ықпал ететін аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебінен оларды дамыту бөлігінде келісу;
Тармақша 10
10) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;
Тармақша 11
11) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;
Тармақша 12
12) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын бақылау және іске асыру;
Тармақша 13
13) аумақта құрылыс салу, құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 14
14) облыстық маңызы бар құрылыс объектілерін бұзу туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;
Тармақша 15
15) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысына жәрдем көрсету;
Тармақша 16
16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану;
Тармақша 17
17) жер учаскелерін бөліп беру және олардың нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 18
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 19
19) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайларын жобалауға арналған техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келісу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу;
Тармақша 21
21) облыстың бас сәулетшілеріне және мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісу үшін енгізу;
Тармақша 22
22) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсыну;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реновациялау объектілеріне инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жүргізуді және (немесе) жаңғыртуды қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 19
19. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
Тармақ 21
21. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметiне басшылық етедi;
Тармақша 2
2) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн көтермелейдi, материалдық көмек көрсетедi, тәртiптiк шара қолданады;
Тармақша 5
5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
Тармақша 6
6) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiн, оның қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
Тармақша 7
7) меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 8
8) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің құрылымын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 9
9) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жұмысының перспективті және ағымдағы жоспарларын бекiтедi;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және дербес жауап береді;
Тармақша 11
11) төмен тұрған (облыстық маңызы бар қалалардың және (немесе) аудандық) сәулет және қала құрылысы органдарының қызметін жалпы үйлестіреді;
Тармақша 12
12) белгіленген тәртіппен бекіту үшін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз ете отырып, аумақтарды орнықты дамыту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері құқық иеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ете отырып, аумақтарды жоспарлау үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 14
14) аумақтарды неғұрлым ұтымды және тиімді пайдалану бойынша бекітілген қала құрылысы құжаттамасын іске асыру кезінде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 15
15) аумаққа бару және көзбен шолып қарау, сондай-ақ цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардың мәліметтеріне талдау және бағалау жүргізе отырып, аумақтарда құрылыс салу бойынша ұдайы және тұрақты мониторинг жүргізеді;
Тармақша 16
16) құрылысы аяқталмаған объектілердің тізбесін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 17
17) мониторинг барысында анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілері, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін өзгерту, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды және (немесе) ғимарат бөліктерін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы, сондай-ақ бұзушылықтар және берілген және (немесе) келісілген бастапқы материалдардан ауытқулар туралы ақпаратты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға шаралар қабылдау үшін уақтылы жібереді;
Тармақша 18
18) халыққа өздерінің өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерiстерi, белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы уақтылы хабар беру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қала құрылысы өзгерістерін және қала құрылысы құжаттамасын оларды бекіткенге дейін қарауға қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) тұрақты негізде кезекші топографиялық жоспарға жаңартулар мен өзгерістерді енгізеді;
Тармақша 20
20) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 23
23. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 24
24. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі
4-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі
Тармақ 25
25. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ меншік қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 27
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк облыстық коммуналдық меншiкте қалады.