О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2022 года № 280 «Об утверждении регламента аппарата акима Западно-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 50 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) келесідей өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты регламентінің 10.3-тармағының екінші абзацындағы «Жобаны келісу аяқталғаннан кейін бөлім басшысы бұрыштама қояды.» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.