О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2022 года № 287 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Западно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 287 «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 287 «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы « » ______________ № ___ қаулысына қосымша «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, № 201.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Басқарманың мақсаттары: туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Басқарманың өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) Басқарманың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша облыс әкiмдiгiнiң және (немесе) әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
Тармақша 2
2) заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұрату, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсыну;
Тармақша 3
3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру және ревизияны жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 5
5) кеңестерді өткiзу тәртiбiн ұйымдастырады, облыс әкiмдiгiнiң отырыстарына қатысады;
Тармақша 6
6) Басқарма Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Міндеттері:
Тармақша 1
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
Тармақша 2
2) ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес және сурдлимпиадалық спорт түрлерiн дамыту;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 2
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) аккредиттелген ұлттық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 4
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен бірлесе республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қатысады;
Тармақша 5
5) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 8
8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
Тармақша 9
9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осы спорттық разрядтардан айырады;
Тармақша 11
11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 12
12) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 14
14) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
Тармақша 15
15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 17
17) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 18
18) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық командалардың тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 19
19) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының, сондай-ақ облыс спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 20
20) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен, өңірлер бөлінісіндегі спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген жағдайда спорттық нәтиже жойылғаны үшін Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионымен немесе жүлдегерімен тұрғынжайды пайдалану шартын бұзуды қарастырады;
Тармақша 23
23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
Тармақша 26
26) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
Тармақша 27
27) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен келіседі;
Тармақша 28
28) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай қамтылым төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 30
30) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 31
31) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 32
32) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 33
33) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;
Тармақша 34
34) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
Тармақша 35
35) облыстың дене шынықтыру және спорт саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 36
36) облыс аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
Тармақша 38
38) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
Тармақша 39
39) облыс аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 40
40) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
Тармақша 41
41) облыс аумағында туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 42
42) облыс аумағында халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
Тармақша 43
43) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
Тармақша 44
44) туристік ақпарат орталығын құрады;
Тармақша 45
45) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 46
46) облыс аумағында гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 47
47) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 48
48) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
Тармақша 49
49) облыс аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 50
50) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 51
51) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
Тармақша 52
52) облыс аумағында туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 53
53) облыс аумағында уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
Тармақша 54
54) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 55
55) облыс аумағында кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 56
56) облыс аумағында кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
Тармақша 57
57) облыс аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын есепке алмағанда сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
Тармақша 58
58) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
Тармақша 59
59) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәспкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 60
60) облыс аумағында туризм саласындағы субъектілерге (туроператор, турагент, гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы) мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 61
61) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 62
62) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) Басқарманың атынан әрекет етеді;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
Тармақша 9
9) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 10
10) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақжайық ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйтерек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөкей ордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңақала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жәнібек ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 8
8) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 9
9) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 13
13) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 14
14) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 15
15) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 16
16) «Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 18
18) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 19
19) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тасқала ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теректі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 22
22) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 23
23) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 24
24) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 25
25) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 26
26) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 3 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 27
27) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жайық Арена» спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.