О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 сентября 2022 года № 355/НҚ «Об утверждении Перечня разрешений, по которым проверка заявителя на соответствие квалификационным или разрешительным требованиям и выдача разрешения либо мотивированного отказа осуществляются в автоматическом режиме проверки заявителя и выдачи разрешения в государственной информационной системе разрешений и уведомлений» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не әужді бас тартуды мемлекеттік рұқсаттар және хабарламалар цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы»; осы бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не дәлелді бас тартуды мемлекеттік рұқсаттар және хабарламалар ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі