О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 марта 2022 года № 68 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15 - тармақ мынадай мазмұндағы 77), 78), 79) тармақшалармен толықтырылсын:
77) денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформация саласындағы мемлекетік саясатты іске асыруға қатысады;
78) ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық даму саласындағы уәкілетті органдармен ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
79) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырады.».
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.