О внесении дополнения в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 17 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырсын: «22-1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494 және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ бұйрықтарымен бекітілген ««Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» пилоттық жобаны іске асыру туралы» Бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.