О внесении изменения в решение областного маслихата от 29 сентября 2023 года № 57 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Актюбинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында: 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.»; Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларына 2-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың шешіміне 2026 жылғы 31 наурыздағы № 318 шешіміне қосымша Ақтөбе облысының елді мекемендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларына 2-қосымша Нысан Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі 20__жылғы «___»___________ Р/с № Жасыл екпелердің табиғи құрамы Сақталады Кесуге рұқсат Рұқсатсыз кесу да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2 Барлығы: Қорытынды кестенің жалғасы Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) Санитариялық кесу Сапалық(нақты жай-күйі За­лал­ды өтеу мөл­ше­рі, бір­лік За­лал­ды өтеу мөл­ше­рі бой­ын­ша­за­лал­дың со­ма­сы Өтемдік қалпына келтіру, дана да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш тең­ге 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Осы акт _______ данада жасалды. Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды. Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ___________________________ қолы (Т.А.Ә.) Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________________ қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса)