О внесении изменений в совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 78 и приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 1054 «Об утверждении Правил осуществления экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 наурызға дейін:»; көрсетілген бірлескен қаулымен және бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалы), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшесі), уәкілетті банк (оның филиалы) Қағидаларда көзделген ақпаратты берілетін деректердің жасырындылығын және теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен ақпаратты кепілдік бере отырып ақпараттық жүйелердің интеграциялау, жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалану арқылы және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық тәсілмен беруді жүзеге асырады. Ұлттық Банктің (оның филиалының) Қағидаларда көзделген ақпаратты ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесінен көшіріп алу жолымен ұсынуына жол беріледі. Мемлекеттік кірістер органының Қағидаларда көзделген ақпаратты Ұлттық Банктің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы ақпараттық қауіпсіздік рәсімдерін сақтай отырып, Ұлттық Банктің экспорттық-импорттық валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесіне жүктеу жолымен ұсынуына жол беріледі. Техникалық себептер бойынша ақпаратты электрондық тәсілмен беру мүмкін болмаған кезде уәкілетті банктің (оның филиалының) ақпаратты қағаз жеткізгіште беруіне жол беріледі. Мұндай жағдайда бұрын қағаз жеткізгіште ұсынылған ақпарат техникалық себептер жойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық тәсілмен жіберілуге тиіс. Ұлттық Банк (оның аумақтық филиалдары), мемлекеттік кірістер органы (оның аумақтық бөлімшелері) және уәкілетті банктер (олардың филиалдары) Қағидаларға сәйкес алынған ақпараттың жасырындылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.»; 14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Уәкілетті банк (оның филиалы) өзгерістері және (немесе) толықтыруларын қоса, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың талаптарын «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес әзірленген ішкі бақылау қағидаларына сәйкес, сондай-ақ егер операция Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген түрлер мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, талдайды.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Экспорттаушы немесе импорттаушы экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайларды растайтын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қосымша келісімдерді қоса алғанда, ақпаратты және (немесе) құжаттарды есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банкке не есептік тіркеу банкі болып табылатын Ұлттық Банктің аумақтық филиалына бейрезиденттің экспорттаушы немесе импорттаушы алдында орындамаған міндеттемелерінің сомасы 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан асқан репатриациялау мерзімі аяқталған айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынады.»; 37-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша; 3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт бойынша валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар жөніндегі ақпаратты күн сайын жібереді.»; 38-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарлар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер бойынша ақпаратты – тауарлар әкелу туралы өтініштерге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде; 3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпаратты - электрондық шот-фактураларды өзгерту туралы мәліметтер түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңның 20-1-бабына сәйкес жүргізілген тексеру аяқталғаннан кейін репатриациялау талабын орындау бөлігінде, оның ішінде репатриациялау талабын орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін ақпаратты және (немесе) құжаттарды уақтылы ұсыну, сондай-ақ экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір беруге уақтылы өтініш жасау бөлігінде Қағидалардың нормаларын бұзу фактісін анықтаған жағдайда, экспорттаушының немесе импорттаушының іс-әрекеттерінде жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген бұзушылықтар белгілерінің бар-жоғы (әрекетсіздігі) туралы мәселені қарайды және қажет болған кезде, құзыреті бойынша валюталық бақылаудың басқа органдарына жібереді.»; 2-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 8-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 9-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 809 мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 98 бірлескен қаулысы мен бұйрығына 1- қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_1 Кезеңділігі: күн сайын Есепті кезеңі: 20__жылғы «___» __________ үшін Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік кірістер органы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тауарды репатриацияны бақылау мақсаты үшін ескерілетін кедендік рәсіммен орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, күн сайын Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________ Жинау әдісі: электрондық түрде Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері Экспорт немесе импорт белгісі Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың деректемелері Қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның деректемелері Нөмірі Күні Нөмірі Күні БСН/ЖСН Атауы немесе ТАӘ 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Жөнелтушінің/ экспорттаушының деректемелері Алушының деректемелері Декларанттың деректемелері Белгісі - заңдық тұлға немесе дара кәсіпкер БСН/ ЖСН Атауы немесе ТАӘ БСН/ ЖСН Атауы немесе ТАӘ БСН/ ЖСН Атауы немесе ТАӘ 8 9 10 11 12 13 14 кестенің жалғасы Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­яда­ғы та­у­ар­дың нө­мі­рі Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген ке­ден­дік рә­сім Ал­дың­ғы ке­ден­дік рә­сім Шот бой­ын­ша та­у­ар­дың со­ма­сы Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның шы­ға­ры­л­ған кү­ні Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның мәр­те­бе­сі 15 16 17 18 19 20 21 кестенің жалғасы Тауарларға арналған декларация мәртебесінің өзгерген күні Тауардың құны Мәміле сипатының коды Сыртқы экономикалық мәміленің коды Статистикалық Фактуралық Жеткізу валютасы Валюта бағамы 22 23 24 25 26 27 28 кестенің жалғасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды Тауарларды декларациялау ерекшеліктерінің коды Алдыңғы құжат Тауарды жөнелтуші ел Тауардың шығарылған елі Атауы Коды 29 30 31 32 33 34 кестенің жалғасы Тауардың белгіленген елі Жөнелту/келу кезіндегі көлік құралын тіркеу елі Қолданылған көлік құралын шекарада тіркеу елі Шекарадағы көлік түрі Ел ішіндегі көлік түрі Жеткізу шарттары Брутто салмағы (кг) Таза салмағы (кг) Атауы Коды 35 36 37 38 39 40 41 42 43 Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны ____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________ Орындаушы __________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам _____________________________________ ________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Күні 20 ____ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 1.2
«Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларға арналған декларациялар жөніндегі ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органы Нысанды күн сайын, тауарды репатриацияны бақылау мақсаты үшін ескерілетін кедендік рәсімге орналастырған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру
2-тарау. Нысанды толтыру
Тармақ 4
4. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
Тармақ 5
5. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
Тармақ 6
6. 3-бағанда мына белгілер көрсетіледі: «1» – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт болса; «2» – егер импорт жөніндегі валюталық шарт болса.
Тармақ 7
7. 4-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың нөмірі (бар болса) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
Тармақ 8
8. 5-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың күні көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 44-бағаны).
Тармақ 9
9. 6-бағанда қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).
Тармақ 10
10. 7-бағанда қаржылық реттеуге жауапты тұлғаның атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 9-бағаны).
Тармақ 11
11. 8-бағанда жөнелтушінің/экспорттаушының БСН/ЖСН (тауарларға арналған декларацияның 2-бағаны) көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 9-бағанда жөнелтушінің/экспорттаушының атауы немесе ТАӘ (тауарларға арналған декларацияның 2-бағаны) көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 10-бағанда тауарларды алушының БСН/ЖСН мәліметтері көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 8-бағаны).
Тармақ 14
14. 11-бағанда тауарларды алушының атауы немесе ТАӘ (тауарларға арналған декларацияның 8-бағаны) көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 12-бағанда декларанттың БСН/ЖСН мәліметтері көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 14-бағаны).
Тармақ 16
16. 13-бағанда декларанттың атауы немесе ТАӘ көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 14-бағаны).
Тармақ 17
17. 14-бағанда егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болса, «1» белгісі және егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болса, «2» белгісі көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 15-бағанда тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (тауарларға арналған декларацияның әріптік бағаны) көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 16-бағанда тауарларға арналған декларациядағы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 32-бағаны).
Тармақ 20
20. 17-баған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды декларациялау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшелері пайдаланатын жіктеуішке сәйкес кедендік рәсімнің цифрлық белгісін көрсете отырып толтырылады (тауарларға арналған декларацияның 1-бағанының екінші шағын бөлімі).
Тармақ 21
21. 18-бағанда егер декларацияланатын тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, бұрын өзге кедендік рәсіммен орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің цифрлық белгісі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 37-бағаны).
Тармақ 22
22. 19-бағанда шот бойынша тауардың жалпы сомасы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 22-бағаны).
Тармақ 23
23. 20-бағанда мемлекеттік кірістер органының тауарларға арналған декларацияны шығару (оның ішінде шартты шығару) туралы шешім қабылдаған күні көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 21-бағанда тауарларға арналған декларацияның мәртебесі көрсетіледі (шығарылды, кері қайтарып алынды, шығарудан бас тартылды, шартты түрде шығарылды, түзетілді).
Тармақ 25
25. 22-бағанда тауарларға декларация мәртебесінің өзгерген күні көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 23-бағанда тауардың статистикалық құны Америка Құрама Штаттары долларымен бірліктермен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 46-бағаны).
Тармақ 27
27. 24-бағанда тауардың фактуралық құны жеткізу валютасының бірлігімен көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 42-бағаны).
Тармақ 28
28. 25-бағанда «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеткізу валютасының әріптік белгісі көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 26-бағанда фактуралық құнға қайта есептеу үшін пайдаланылған және тауарларға арналған декларацияда көрсетілген валюта бағамы көрсетіледі.
Тармақ 30
30. 27-бағанда мәміле сипатының коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).
Тармақ 31
31. 28-бағанда сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 24-бағаны).
Тармақ 32
32. 29-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
Тармақ 33
33. 30-бағанда тауарларды декларациялау ерекшелігінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 7-бағаны).
Тармақ 34
34. 31-бағанда алдыңғы құжат көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 40-бағаны).
Тармақ 35
35. 32-бағанда тауарды жөнелтуші елдің атауы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 15-бағаны).
Тармақ 36
36. 33-бағанда тауарды жөнелтуші елдің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 15а-бағаны).
Тармақ 37
37. 34-бағанда тауардың шығарылған елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 16-бағаны).
Тармақ 38
38. 35-бағанда тауардың межелі елінің атауы көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 17-бағаны).
Тармақ 39
39. 36-бағанда тауардың межелі елінің коды көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 17а-бағаны).
Тармақ 40
40. 37-бағанда екінші шағын бөлімнен жөнелту/келу кезінде көлік құралының тіркелген елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 18-бағаны).
Тармақ 41
41. 38-бағанда екінші шағын бөлімнен шекарада белсенді көлік құралының тіркелген елі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 21-бағаны).
Тармақ 42
42. 39-бағанда шекарадағы көлік түрі көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 25-бағаны).
Тармақ 43
43. 40-бағанда ел ішіндегі көлік түрі (тауарларға арналған декларацияның 26-бағаны) көрсетіледі.
Тармақ 44
44. 41-бағанда жеткізу шарттары көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 20-бағаны).
Тармақ 45
45. 42-бағанда тауардың брутто салмағы (кг) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 35-бағаны).
Тармақ 46
46. 43-бағанда тауардың нетто салмағы (кг) көрсетіледі (тауарларға арналған декларацияның 38-бағаны).
Тармақ 47
47. 2, 5, 20 және 22-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
Тармақ 48
48. Тауарларға арналған декларацияның 17 және 18-бағандарын беру кезінде алдыңғы және кейінгі кедендік рәсімдердің мынадай комбинациялары ескеріледі: Р/с № Рәсім атауы Рәсім коды Алдыңғы рәсім 1 Экспорт 10 00, 21, 23, 51, 60, 77, 78, 91, 96 2 Кеден аумағынан тыс қайта өңдеу 21 00, 21, 23, 77, 78, 96 3 Уақытша әкету 23 00, 21, 23, 77, 78, 96 4 Реэкспорт 31 00, 40, 51, 53, 70, 77, 78, 91,93, 96 5 Ішкі тұтыну үшін шығару 40 00, 21, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 6 Кеден аумағында қайта өңдеу 51 00, 31, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 7 Уақытша әкелу (рұқсат беру) 53 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 8 Реимпорт 60 00, 10, 21, 23, 77, 78 9 Кеден қоймасы 70 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 10 Бос тұрған қойма 77 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 11 Еркін кеден аумағы 78 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 12 Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу 91 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 93, 96 13 Жою 93 51, 53, 70, 77, 78, 91, 96 14 Бажсыз сауда 96 00, 51, 53, 70, 77, 78, 91, 96 Егер тауарларға арналған декларацияларының «Анықтамалық нөмірі» 7- бағанында тауарды кедендік декларациялау ерекшелігінің мына коды көрсетілсе, декларациялау ерекшеліктері бар тауарларды декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялары беріледі: «ПТД» (алдын ала кедендік декларациялау); «ПДТ» (мерзімдік кедендік декларациялау); «ВТД» (Уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға уақытша декларация)); «ПВД» (уақытша (уақытша мерзімді) кедендік декларациялау (тауарларға арналған толық декларация); «ОКТ» (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (компонентке қатысты тауарларға арналған декларация)); «ЗПК» (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (соңғы компонентке қатысты тауарларға арналған декларация); «ВДТ» (кедендік декларация берілгенге дейін оларды шығару кезінде тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері); «НТД» (Толық емес кедендік декларациялау); «НВТ» (Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына заңсыз әкелінген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері).
Басқа 2
Бірлескен қаулыға және бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_4 Кезеңділігі: күн сайын Есепті кезеңі: 20__жылғы «___» __________ үшін Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік кірістер органы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, күн сайын Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________ Жинау әдісі: электрондық түрде Им­порт жө­нін­де­гі ва­лю­та­лық шар­ттың есеп­тік нө­мі­рі­нің де­ректе­ме­ле­рі Та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тің де­ректе­ме­ле­рі (бұ­дан әрі - та­у­ар­лар­ды әке­лу ту­ра­лы өті­ніш) Им­порт бел­гі­сі Шот-фак­ту­ра Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Та­у­ар­дың құ­ны Ва­лю­та ко­ды Та­у­ар­ды есеп­ке алу кү­ні Нө­мі­рі Кү­ні Нө­мі­рі Кү­ні Нө­мі­рі Кү­ні Мәр­те­бе­сі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы 1-бө­лім­нен им­порт жө­нін­де­гі ва­лю­та­лық шар­ттың де­ректе­ме­ле­рі 1-бө­лім­нен им­порт­та­у­шы­ның де­ректе­ме­ле­рі Са­лық ор­га­ны­ның жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу не қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­нан және (неме­се) ак­ц­и­з­дер­ден боса­ту ту­ра­лы бел­гі қою кү­ні 1-бө­лім­нен бей­ре­зи­дент­тің де­ректе­ме­ле­рі 3-бө­лім­нен им­порт жө­нін­де­гі ва­лю­та­лық шар­ттың де­ректе­ме­ле­рі Ата­уы Сәй­кестен­ді­ру ко­ды (нө­мі­рі) Ел­дің ко­ды Нө­мі­рі Кү­ні БСН/ ЖСН Ата­уы Нө­мі­рі Кү­ні 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 кестенің жалғасы 3-бө­лім­нен са­тып алушы­ның, ко­мис­си­о­нер­дің, се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дің, агент­тің де­ректе­ме­ле­рі 3-бө­лім­нен са­ту­шы­ның, ко­ми­тент­тің, се­нім біл­ді­ру­ші­нің, қа­ғи­дат­тың де­ректе­ме­ле­рі Ке­рі қай­та­рып алын­ған неме­се им­порт­тал­ған та­у­ар­лар ба­ға­сы­ның өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты ұсы­ны­л­ған та­у­ар­лар­ды әке­лу ту­ра­лы жа­ңа өті­ніш­тің де­ректе­ме­ле­рі Та­у­ар­дың нө­мі­рі рет-ре­ті­мен Құ­жат­тың пай­да бо­лу се­бе­бі (та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тер) Ата­уы Сәй­кестен­ді­ру ко­ды (нө­мі­рі) Ел­дің ко­ды Ата­уы Сәй­кестен­ді­ру ко­ды (нө­мі­рі) Ел­дің ко­ды Нө­мі рі Кү­ні Тәр­те­бе­сі 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 Атауы ________________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________ Орындаушысы ________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндеттін атқаратын адам _____________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Күні 20 ____ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Есептік нөмірі бар импорт бойынша валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 2.1
«Есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Есептік нөмірі бар импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтініштер бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру
2-тарау. Нысанды толтыру
Тармақ 3
3. 1-бағанда импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. 2-бағанда импорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 3-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 4-бағанда тауарларды әкелу туралы өтінішке тіркеу нөмірі берілген күн көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 5-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 6-бағанда тауардың бағыты көрсетіледі: «2» – импорт.
Тармақ 9
9. 7-бағанда шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 8-бағанда шот-фактураның күні көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 9-бағанда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 10-бағанда шот-фактурадан немесе көлік (тауарға ілеспе) құжаттарынан не тауарды сатып алуды немесе сатуды растайтын өзге құжаттан алынған мәліметтер негізінде тауардың құны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 11-бағанда 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 бекітілген «Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының шешіміне (бұдан әрі – № 378 КОК шешімі) 23-қосымшада көзделген валюталар жіктеуішіне сәйкес валютаның үш таңбалы сандық коды көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 12-бағанда импорттаушының немесе бейрезиденттің тауарды есепке қабылдаған күні көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 13-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 14-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 15-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен импорттаушының бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 16-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен импорттаушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 17-бағанда салық органының жанама салықтарды төлеу не қосылған құн салығын және (немесе) акциздерді төлеуден босату туралы белгісінің күні көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 18, 19 және 20-бағандарда тиісінше тауарларды әкелу туралы өтініштің 1-бөлімінен бейрезиденттің атауы, сәйкестендіру коды (нөмірі), № 378 КОК Шешіміне 22-қосымшада көзделген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес бейрезидент елдің әріптік коды көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 21-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) нөмірі (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 22-бағанда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен шарттың (келісімшарттың) күні көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 23, 24 және 25-бағандарда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен тиісінше сәйкестендіру коды (нөмірі), сатып алушы, комиссионер, сенім білдірілген өкіл, агент елінің әріптік коды көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 26, 27 және 28-бағандарда тауарларды әкелу туралы өтініштің 3-бөлімінен сәйкесінше сәйкестендіру коды (нөмірі), сатушы, комитент, сенім білдіруші, принципал елінің әріптік коды көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 29, 30 және 31-бағандарда қайтарып алынғанның орнына немесе импортталған тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты ұсынылған тауарларды әкелу туралы жаңа өтініштің нөмірі, күні және мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 32-бағанда рет бойынша тауардың нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 33-бағанда құжаттың (тауарларды әкелу туралы өтініштің) пайда болу себебі, атап айтқанда ауыстыруға немесе алып тастауға байланысты кері қайтарып алу көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 2, 4, 8, 12, 14, 17, 22 және 30-бағандар мынадай тәртіппен сегіз санды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.
Басқа 3
Бірлескен қаулыға және бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: XMCO_5 Кезеңділігі: күн сайын Есепті кезеңі: 20__жылғы «___» __________ Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік кірістер органы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік нөмірі бар экспорт бойынша валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар келіп түскен күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде, күн сайын Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________ Жинау әдісі: электрондық түрде Экс­порт бой­ын­ша ва­лю­та­лық шар­ттың есеп­тік нө­мі­рі­нің де­ректе­ме­ле­рі Элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­ның де­ректе­ме­ле­рі Элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­ның мәр­те­бе­сі 3. Негіз­гі 4. Тү­зе­ті­л­ген 5. Қо­сым­ша Нө­мі­рі Кү­ні Тір­кеу нө­мі­рі Жа­зы­л­ған кү­ні Тір­кеу нө­мі­рі Жа­зы­л­ған кү­ні Тір­кеу нө­мі­рі Жа­зы­л­ған кү­ні 1 2 3.1 3.2 4.1 4.2 5.1 5.2 6 кестенің жалғасы Жет­кі­зу­ші­нің де­ректе­ме­ле­рі, оның ішін­де бір­лес­кен қыз­мет­ке қа­ты­су­шы­лар­дың де­ректе­ме­ле­рі БСН/ЖСН Заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің БСН Қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған тұл­ға­ның БСН Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші­нің ТАӘ/ата­уы Қа­ты­су үле­сі Жет­кі­зу­ші­нің са­на­ты ӨБК қа­ты­су­шы­ла­ры­ның және (неме­се) БҚШ қа­ты­су­шы­ла­ры­ның са­ны 7 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Са­тып алушы­ның, оның ішін­де бір­лес­кен қыз­мет­ке қа­ты­су­шы­лар­дың де­ректе­ме­ле­рі БСН/ЖСН Заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің БСН Қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған тұл­ға­ның БСН Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ның ата­уы Қа­ты­су үле­сі Ел­дің ко­ды Алушы­ның са­на­ты 14 15 16 17 18 19 20 кестенің жалғасы Шар­ттың (ке­лі­сім­шар­ттың) де­ректе­ме­ле­рі Шарт бой­ын­ша ақы тө­леу та­лап­та­ры Жет­кі­зу та­лап­та­ры Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ді рас­тай­тын құ­жат Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шарт (ке­лі­сім­шарт) Та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған шартсыз (ке­лі­сім­шартсыз) Нө­мі­рі Кү­ні Нө­мі­рі Кү­ні 21 22 23 24 25 26 27 28 кестенің жалғасы Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер бой­ын­ша де­ректер Ва­лю­та ко­ды Ва­лю­та ба­ға­мы Та­у­ар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің шы­ғу бел­гі­сі № р/с Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ға неме­се та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­ке сәй­кес та­у­ар­лар­дың ата­уы Жа­на­ма са­лық­тар­ды қо­с­па­ған­да, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны Жа­на­ма са­лық­тар­ды қо­са ал­ған­да, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны 29 30 31 32 33 34 35 36 кестенің жалғасы Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер бой­ын­ша де­ректер ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Өл­шем бір­лі­гі Са­ны (кө­ле­мі) Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар, жұ­мыс, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (та­ри­фі) та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ла­ры­ның, та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тер­дің, та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған іле­с­пе жүк­құ­жат­тың, СТ-1 неме­се СТ-KZ № 37 38 39 40 41 кестенің жалғасы Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер бой­ын­ша де­ректер БСН/ ЖСН Заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің БСН р/с№ Та­у­ар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің шы­ғу бел­гі­сі Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ға неме­се та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар­ды тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­ке сәй­кес та­у­ар­лар­дың ата­уы Жа­на­ма са­лық­тар­ды қо­с­па­ған­да, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны Жа­на­ма са­лық­тар­ды қо­са ал­ған­да, та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің құ­ны 42 43 44 45 46 47 48 49 кестенің жалғасы Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер бой­ын­ша де­ректер ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды Өл­шем бір­лі­гі Са­ны (кө­ле­мі) Жа­на­ма са­лық­тар­сыз та­у­ар, жұ­мыс, қыз­мет бір­лі­гі­нің ба­ға­сы (та­ри­фі) та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ла­ры­ның, та­у­ар­лар­ды әке­лу және жа­на­ма са­лық­тар тө­леу ту­ра­лы өті­ніш­тер­дің, та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған іле­с­пе жүк­құ­жат­тың, СТ-1 неме­се СТ-KZ № 50 51 52 53 54 кестенің жалғасы Се­нім біл­ді­рі­л­ген жет­кі­зу­ші­нің (опе­ра­тор­дың) де­ректе­ме­ле­рі Се­нім біл­ді­рі­л­ген са­тып алушы­ның (опе­ра­тор­дың) де­ректе­ме­ле­рі БСН Се­нім біл­ді­рі­л­ген тұл­ға­ның ата­уы Құ­жат БСН Се­нім біл­ді­рі­л­ген тұл­ға­ның ата­уы Құ­жат Нө­мі­рі Кү­ні Нө­мі­рі Кү­ні 55 56 57 58 59 60 61 62 Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________ Телефоны ____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________ Орындаушы __________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам _____________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Күні 20 ____ жылғы «____» ______________ Ескертпе: нысан «Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 3.1
«Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Есептік нөмірі бар экспорт жөніндегі валюталық шарт бойынша электрондық шот-фактуралар бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру
2-тарау. Нысанды толтыру
Тармақ 3
3. 1-бағанда экспорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. 2-бағанда экспорт жөніндегі валюталық шартқа есептік нөмір берілген күн көрсетіледі.
Тармақ 5
5. 3-бағанда электрондық шот-фактураның (бұдан әрі – ЭШФ) тіркеу нөмірі, ЭШФ тіркеу және оны алушыға жіберу күні көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 4-баған түзетілген ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу «Қосымша» 5-бағаны белгіленбеген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 7
7. 6-бағанды белгілеген кезде жойылатын (түзетілетін) ЭШФ тіркеу нөмірі мен күні көрсетілетін 5.1 және 5.2-жолдар міндетті түрде толтырылуы тиіс.
Тармақ 8
8. 6-баған қосымша ЭШФ жазып берілген кезде белгіленуі тиіс. Бұл ретте осы жолды белгілеу «Түзетілген» 5-бағанында белгі болмаған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Түзетілген ЭШФ-ға қосымша ЭШФ жазып берілген жағдайда, 5.1 және 5.2-бағандарда қосымша ЭШФ жазып берілетін түзетілген ЭШФ-ның үзінді-көшірмесінің күні мен тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6-бағанда ЭШФ мәртебесі көрсетіледі:
Тармақша 1
1) «Қаралмаған» – Қазақстан Республикасының Салық кодексімен (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, бірақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қарамаған ЭШФ;
Тармақша 2
2) «Жеткізілді» – Салық кодексімен белгіленген талаптарға сәйкес жазып берілген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, берілген бірегей тіркеу нөмірі бар, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қараған ЭШФ;
Тармақша 3
3) «Күші жойылған» – түзетілген ЭШФ-ның міндетті үзінді-көшірмесімен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші күшін жойған ЭШФ;
Тармақша 4
4) «Кері қайтарылған» – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші кері қайтарған ЭШФ;
Тармақша 5
5) «Жобажазба» – ішінара толтырылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген, редакцияланатын құжат;
Тармақша 6
6) «Импортталған» – Салық кодексінің талаптарына сәйкес келуіне тексеру жүргізілген, салық төлеушінің есептік жүйелерінен ЭШФ ақпараттық жүйесіне енгізілген, алайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
Тармақша 7
7) «Қате жасалған» – Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне тексеруден өтпеген және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға жіберілмеген ЭШФ;
Тармақша 8
8) «Бас тартылған» – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы бас тартқан ЭШФ.
Тармақ 11
11. 7-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің ЖСН немесе БСН көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 8-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 9-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 10-бағанда ЭШФ жазып беретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;
Тармақша 2
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада) көрсетілген атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қысқартылған сөздерді тәртіпке, оның ішінде іскерлік тәртіпке сәйкес пайдалануға болады.
Тармақ 15
15. 11-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайызбен көрсетіледі. Осы жол «Жеткізушінің санаты» 12-бағанында «Ғ» деген белгі қойылған жағдайда толтырылады.
Тармақ 16
16. 12-бағанда жеткізушінің санаты көрсетіледі: «Е» – өнімді бөлу туралы келісімнің қатысушысы болып табылады; «F» – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылады; «G» – тауарлар экспортының кедендік рәсімінде тауарды шығаруды жүзеге асырады, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына шығарады; «Н» – халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсететін салық төлеуші болып табылады; «I» – сенім білдіруші болып табылады.
Тармақ 17
17. 13-бағанда ҚР Президенті бекіткен өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қатысушылардың және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың саны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 14 және 15-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ЖСН немесе БСН не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі (жол толтырылуы тиіс). Егер «Алушының санаты» 19-жолда «F» белгісі көрсетілсе, бұл жолды толтыру міндетті болып табылмайды.
Тармақ 19
19. 16-бағанда түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып берілген кезде қосу, біріктіру, бөлу арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 17-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының атауы көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 18-бағанда бірлескен қызметке қатысу үлесі пайыздық мәнде көрсетіледі. Бұл жол «Алушының санаты» 19-бағанында «D» белгісі қойылған жағдайда толтырылады.
Тармақ 22
22. 19-бағанда «Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйекте бекітілген № 378 шешіміне (бұдан әрі – КОК № 378 шешімі) 22-қосымшасында көзделген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес елдің әріптік коды көрсетіледі. Осы жол тауарды экспортқа өткізген кезде немесе тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс бір заңды тұлғаның шегінде беруге (ауыстыруға) байланысты толтырылады, өзге жағдайларда «KZ» автоматты түрде толтырылады.
Тармақ 23
23. 20-бағанда алушының санаты көрсетіледі: «D» – егер алушы бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылса; «F» - егер алушы Қазақстан Республикасында салық есебінде тұрмайтын бейрезидент немесе бір заңды тұлға шегінде оның берілуіне байланысты оның атына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкету жүзеге асырылатын өнім берушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылса; «G» – егер алушы өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы; өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша өнім беруші болып табылса; «Н» – егер алушы сенім білдіруші болып табылса; «I» – егер алушы бақылау-касса машинасының чегін міндетті түрде ұсына отырып немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып тауар өткізілген жеке тұлға болып табылса; «J» – егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлға болып табылса.
Тармақ 24
24. 21 және 22-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарттың нөмірі және оның жасалған күні көрсетіледі. Егер 22-баған толтырылған болса, онда 23 және 24-бағандар толтыруға жатпайды.
Тармақ 24
24. 25-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартқа сәйкес ақы төлеу шарттары көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 26-бағанда әдет-ғұрыптарға, оның ішінде іскерлік айналым дағдыларына (Инкотермс) сәйкес халықаралық операциялар үшін КОК № 378 шешіміне 13-қосымшада көзделген жеткізу шарттарының жіктеуішіне сәйкес латын қарпімен бас әріптермен үш таңбалы әріптік код көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 27 және 28-бағандарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 29-бағанда КОК № 378 шешіміне 23-қосымшада көзделген валюталар жіктеуішіне сәйкес валюта коды көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 30-бағанда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күніне белгіленген валютаның ресми бағамы көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 31-баған тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу тегінің мынадай белгілері ескеріле отырып толтырылады: «1» – Тізбеге енгізілген тауар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Тізбеге енгізілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауар өткізілген жағдайда; «2» – Тізбеге енгізілмеген тауар, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілмеген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауар өткізілген жағдайда; «3» – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда; «4» – ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар өткізілген жағдайда; «5» – «1», «2», «3», «4» белгілеріне жатпайтын тауар өткізілген жағдайда; «6» – жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген жағдайда. 31-бағанды толтыру үшін:
Тармақша 1
1) Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, оларға төмендетілген баж мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшерлері қолданылуы мүмкін тауарлар түсініледі;
Тармақша 2
2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарлар түсініледі.
Тармақ 30
30. 32-бағанда тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 31
31. 33-бағанда салық төлеуші өзінің есеп жүйелерінде пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауына сәйкес келетін өткізілетін тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы көрсетіледі. Бұл жол 31 «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің шығу белгісі» бағанында «3», «4», «5», «6» белгілеріне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтыруға жатады.
Тармақ 32
32. 34-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларға арналған декларацияның негізгі (қосымша) парағының 30-бағанында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің 2-бағанында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі. Бұл жол «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің шығу белгісі» 31-бағанында «1», «2» белгілеріне жататын тауарлар бойынша толтырылуға тиіс.
Тармақ 33
33. 35-бағанда ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілетін) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) және акцизді есепке алмағанда, барлық санының (көлемінің) құны көрсетіледі.
Тармақ 34
34. 36-бағанда ЭШФ бойынша жөнелтілген (жеткізілген) тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ҚҚС және акцизді ескере отырып, барлық санының құны көрсетіледі.
Тармақ 35
35. 37-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетіледі.
Тармақ 36
36. 38-бағанда тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі көрсетіледі.
Тармақ 37
37. 39-бағанда өткізілетін тауарлардың саны (көлемі) көрсетіледі.
Тармақ 38
38. 40-бағанда ҚҚС-ны және акцизді қоспағанда шарт (келісімшарт) бойынша өлшем бірлігі үшін тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің бағасы (тарифі) көрсетіледі.
Тармақ 39
39. 41-бағанда тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу туралы өтініштің, тауарларға ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ тауар сертификатының нөмері көрсетіледі. 40, 42-54 аралығындағы бағандар бірлескен қызмет туралы шартта және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімде және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шартта айқындалған олардың қатысу үлесіне қарай бірлескен қызмет туралы шарттың әрбір қатысушысы және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге әрбір қатысушы және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімге қатысушы болып табылатын салық төлеушіге тауарларды жеткізуге арналған шарт бойынша әрбір өнім беруші бойынша толтырылады.
Тармақ 41
41. 55 және 56-бағандарда БСН және тапсырма шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша өнім берушінің сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 42
42. 57 және 58-бағандарда БСН 55-бағанда көрсетілген тапсырма шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 43
43. 59 және 60-бағандарда БСН және тапсырма шарты бойынша, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша сатып алушының сенім білдірілген өкілі (операторы) болып табылатын заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 44
44. 61 және 62-бағандарда БСН 59-бағанда көрсетілген тапсырма шартының, өнімді бөлу туралы келісімнің, сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.