О внесении изменений и дополнения в решение Акжарского районного маслихата от 29 февраля 2024 года № 16-6 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Акжарском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Ақжар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақжар аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 16-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру еңгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімімен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы мынандай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес нормалар шегінде есептейді.»;
5-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға бекітілген қағидаларына сәйкес тәртіппен есептейді.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.