О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 23-76 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи Ескельдинского района» Қолданыста
Басқа 0
«Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Ескелді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191-19 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ескелді ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Ескелді ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ескелді ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен қағидалары
Ескелді аудандық мәслихаты
2026 жылғы 13 шілдедегі
№ 63-193
Шешімге қосымша
Ескелді аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы № 23-76 шешіміне қосымша
Ескелді ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Ескелді ауданында тұратындарға:
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес есептеледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.