О внесении изменения в постановление акимата Казыгуртского района от 29 августа 2024 года № 283 «Об утверждении положений государственных учреждений» Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауылы село Казыгурт
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283
«Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 283 «Мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 4 тармақшасымен бекітілген Қазығұрт ауданы әкімдігінің «Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. «Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Беркінбайға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.А.Исмаилов
Басқа 7. «Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 13 шілдедегі
№ 162 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 283 қаулысына 4 – қосымша
«Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 8
1.Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №95 ғимарат, индекс 160300.
Тармақ 10
10. Осы ереже Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақ 14
- Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
Тармақ 15
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
- Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- Ішкі саясат саласында Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
- Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында тиісті акредиттеусіз шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен шетелдік журналисттердің кәсіптік журналисттік қызметті жүзеге асыруына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және өз құзіреті шегінде әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
- Аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
- Ауданда Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;
- Қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
- Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
- Ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
- Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
- Аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;
- Қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
- Әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
- Аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- Мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 4
4) Аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 5
5) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады.
Тармақша 7
7) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақша 9
9) Облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) Ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 11
11) Ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
Тармақша 13
13) Ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 14
14) Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 17
17) Аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
Тармақша 18
18) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) бұйрықтар шығарады және Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) Мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мекеменің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақша 11
11) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үйлестіреді және бекітеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі бекіткен мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Тармақ 23
23. Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.